• Мое избранное
Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы N 1390 Қаулысы

Редакция 12.10.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі Заңы 5-бабының 2) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2010 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі мерзімде мәслихаттардың құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаларын қабылдауын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 21 желтоқсандағы
 № 1390 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы
1. Паспорты
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.10.2012 № 1298 Қаулысымен. (01.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
Атауы                Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтар                       профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған                       салалық бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама)
Әзірлеу үшін         "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы"  негіздеме            2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан                       Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасы;
              Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасындағы                       құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің                       тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы"
              2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығының 
              5.8-тармағы
Бағдарламаны         Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі  әзірлеуге және  іске асыруға  жауапты  мемлекеттік  орган
Мақсаты              Құқық бұзушылықтар мен қылмыстар                       профилактикасының тиімді және пәрменді жүйесін                       қалыптастыру
Міндеттері           Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық                       бұзушылықтың профилактикасы бойынша жұмысты                       жандандыру;
              Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы                       құқық бұзушылықтардың, маскүнемдік пен                       алкоголизмнің профилактикасы;
              Қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстың                       деңгейін төмендету;
              Көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың                       профилактикасы;
              Табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық                       бұзушылықтардың профилактикасы;
              Мүліктік қылмыстарға қарсы іс-қимыл;
              Қару айналымы саласындағы қылмыстардың                       профилактикасы;
              Этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың                       профилактикасы мен ерте алдын алудың тиімді                       жүйесін құру;
              Жұртшылықпен және азаматтармен ынтымақтастық;
              Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру
Іске асыру           2011 - 2013 жылдары  мерзімдері        (кезеңдері)
Нысаналы             Елдегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстар деңгейін  индикатор-           (100 мың тұрғынға) 2011 жылы 4,9 дейін, 2012  лары                 жылы 3,9 дейін, 2013 жылы 3,5 дейін төмендету
Қаржыландыру         Республикалық бюджет қаражаты.
көздері мен          Қаржыландырудың болжанатын жалпы көлемі  көлемі               156,295 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
              2012 жылы - 81, 288 млн. теңге,
              2013 жылы - 75,007 млн. теңге.
              2012 - 2013 жылдарға қарастырылатын сома тиісті                       қаржы жылына арналған республикалық бюджетті                       қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
2. Кіріспе
Әлеуметтік жағымсыз көрініс ретінде қылмыс ұғымы басты бағыты оны тудыратын себептерге ықпал ету болып табылатын алдын алудың тиісті стратегиясын көздейді.
Әлеуметтік басқару саласындағы қызметтің ерекше түрі бола отырып, профилактика қоғамдық қарым-қатынастарды жетілдіруге және құқық бұзушылыққа қарсы іс-әрекеттің кешенді шараларын қамтамасыз етуге бағытталған.
Құқық бұзушылықтың алдын алудың салалық бағдарламасын әзірлеу құқық бұзушылық профилактикасы проблемасын шешуде мемлекеттік деңгейде жүйелі және кешенді тәсілді жасау, сондай-ақ осы саладағы әлеуетті күшейту бойынша алдын ала қабылданып жатқан шараларды қаржылық және техникалық қолдау қажеттігінен туындады.
Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтарды  мәселелері бойынша өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді іске асыру мақсатында әзірленді.
3. Ағымдағы жағдайды талдау
3-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.10.2012 № 1298 Қаулысымен. (01.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
Мемлекеттің қылмысқа қарсы алдын ала қабылдап жатқан шаралары тек қана тіркелген қылмыстар санының өсуін (1-кесте) тоқтатуға мүмкіндік береді.
1-кесте. Тіркелген қылмыстардың саны
 
жылдар тіркелгені, барлығы % өскен, төмендеген 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыстылық
2005 146347 -9,3 96
2006 141271 -3,5 92
2007 128064 -9,3 83
2008 127478 -0,6 81
2009 121667 -4,6 77
2010 жылдың 10 айы 110412 10,8 82
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК
Сонымен қатар қылмыстылықтың шынайы көрінісі (оның латенттік бөлігін ескере отырып) барлық криминалдық көріністерді тоқтатуға құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың күшінің анық жетпейтінін көрсетеді. Бұл көп жағдайда құқық бұзушылық пен қылмыстылықты  бойынша жұмысты жүргізудегі кемшіліктерге негізделеді.
Соңғы екі жылдағы жедел жағдайды талдай отырып, Қазақстан Республикасында криминалдық жағдай жалпы күрделі болып отырғанын атап өту қажет. Қылмыстылық мемлекет пен қоғамның барлық тіршілік ету саласына жағымсыз ықпал етіп, елдің әлеуметтік-экономикалық қалыптасуын бәсеңдетіп, оның халықаралық беделіне нұқсан келтіруін жалғастыруда.
2010 жылдың 8 айында 110 мыңнан астам қылмыс тіркелді, бұл 2009 жылдың осыған ұқсас кезеңіне қарағанда 10,8%-ға көп. Бұл ретте 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыстылықтың деңгейі 75-тен 82-ге дейін өскен.