"Техникалық реттеу туралы " Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Тағамдық қоспалардың, оларды өндіру мен айналымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 410 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
"Техникалық реттеу туралы " Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Тағамдық қоспалардың, оларды өндіру мен айналымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 410 қаулысымен бекітілген
"Тағамдық қоспалардың, оларды өндіру мен айналымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолданылу саласы
1. Осы "Тағамдық қоспалардың, оларды өндіру мен айналымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және "Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2011 № 25 Қаулысымен (04.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Техникалық регламент тағамдық қоспалардың, оларды өндіру мен айналымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Осы Техникалық регламенттің әрекеті қолданылатын өнімдердің тізбесі осы Техникалық регламентке қосымшада келтірілген.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2011 № 25 Қаулысымен (04.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Тағамдық қоспалар технологиялық функциялары бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
1) тамақ өнімдерінің дәмі мен хош иісін жақсартатын тағамдық қоспалар:
тағамдық хош иістендіргіштер;
дәмі мен хош иісін күшейткіштер, модификаторлар;
тәтті дәм бергіштер (қантты алмастырғыштар және интенсивті тәтті дәм бергіштер);
тағамдық қышқылдар; қышқылдықты реттегіштер;
қанықтыру газдары.
2) тамақ өнімдерінің сыртқы түрін жақсартатын тағамдық қоспалар:
тағамдық бояғыштар;
бояуды тұрақтандырғыштар (бекіткіштер);
ағартқыштар;
жылтыратқыштар.
3) тамақ өнімдерінің консистенциясын реттейтін тағамдық қоспалар:
эмульгаторлар;
тұрақтандырғыштар;
қоюлағыштар;
қопсытқыштар;
созылмалы ететін агенттер, темір түзуіштер (гель түзуіштер);
еріткіш тұздар (эмульгациялайтын тұздар);
көбіктендіргіштер;
көбікті басушылар (көбіктенуге қарсы агенттер);
толтырғыштар;
нығыздалуға қарсы (түйірленуге қарсы) агенттер.
4) тамақ өнімдерінің жарамдылық (сақтау) мерзімдерін ұзартуға ықпал ететін тағамдық қоспалар:
консерванттар;
қышқылдануға қарсы әсер ететін заттектер;
тығыздағыштар (өсімдік тіндерін тығыздағыштар);
ылғалды ұстаушы агенттер;
газды орталар;
5) нан пісіруді жақсартқыштар (ұнды, қамырды, нанды жақсартқыштар).
6) кешенді тағамдық қоспалар;
7) тамақ өнімдерін өндіру процестерін жылдамдататын және жеңілдететін технологиялық қосалқы заттар:
пісіп жетілуін жылдамдатқыштар;
көбіктендіргіштер;
көбікті басушылар (көбікке қарсы агенттер);
флокулянттар;
салқындатушы агенттер;
таблеткілейтін құралдар;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |