"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Отправить по почте
Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 1288 қаулысы
Тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 04.08.2011 № 914 (22.12.2003 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.04.2015 жылғы № 238 Қаулысына сәйкес
Редакция 19.02.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу қағидасы бекiтiлсiн.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 04.08.2011 № 914 (22.12.2003 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 1288 қаулысымен бекiтiлген
Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу қағидаcы
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 04.08.2011 № 914 (22.12.2003 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу қағидаcы (бұдан әрi - Қағида) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктерді аккредитеуден өткізу:
аккредиттеуді өткізу үшін құжаттарды беру, оларды қарау және дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) аккредиттеу туралы куәлікті беру тәртібін айқындайды.
2. Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктер (бұдан әрi - бiрлестiк) Қазақстан Республикасының атынан тиiстi халықаралық ұйымдарда қатысушы болу құқықтарын таныту мақсатында аккредиттеуден өтедi.
3. Бірлестіктерді аккредиттеудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
4. Аккредиттеудi тиiмдi жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi органның жанынан Аккредиттеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылады.
Комиссияның құрамына уәкiлеттi органның мамандары және дене-шынықтыру-спорт ұйымдарының өкiлдерi кіреді. Комиссияның құрамы уәкiлеттi органның бірінші басшысының немесе оның мiндеттерін атқарушы адамның бұйрығымен бекiтiледi.
2. Аккредиттеудi жүргiзу тәртiбi
5. Бiрлестiк аккредиттеу туралы куәлiк (бұдан әрі - куәлік) алу үшiн мынадай құжаттарды ұсынады:
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.02.2014 жылғы № 118 Қаулысымен (04.08.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) бірлестікті Қазақстан Республикасында заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама немесе бірлестікті Қазақстан Республикасында заңды тұлға ретінде мемлекеттiк (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;
3) бірлестік филиалдарын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан көбінің аумағында құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама немесе бірлестік филиалдарын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан көбінің аумағында құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлға ретінде мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;
4) бірлестіктің спорт түрлері бойынша бағдарламаларды іске асыруға қатысуы туралы ақпарат;
5) дене шынықтыру және спорт cаласындағы мамандық бойынша кәсіптік жоғары немесе кәсіптік орта білімі бар бiлiкті кадрлар дипломдарының көшірмелері;
6) спорттық секциялар, клубтар, топтар, сондай-ақ оларда аталған спорт түрімен шұғылданатындардың саны туралы ақпараттық анықтама.
6. Уәкiлеттi органның құжаттарды қарау, куәлік беру немесе бас тарту туралы шешiм қабылдау мерзiмi өтініш берілген сәттен бастап күнтізбелік он бес күннен аспауы тиiс.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.02.2014 жылғы № 118 Қаулысымен (04.08.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7. Бiрлестiк ұсынған құжаттарды қарау оның Ережесiне сәйкес Комиссияның отырысында жүзеге асырылады.
8. Комиссия бiрлестiктiң құжаттарын зерделеу қорытындылары бойынша уәкілетті орган аккредиттеу (немесе аккредиттеуден бас тарту) туралы және куәлiк беру (беруден бac тарту) туралы шешім қабылдайды.
9. Аккредиттеуден өткен бiрлестiкке уәкілетті орган бекiткен нысан бойынша 4 жыл мерзiмге тиiстi куәлiк берiледi.
10. Мынадай жағдайларда куәлiк беруден бас тартылады:
1) осы Қағиданың 5-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаса;
2) куәлiк алу үшiн бiрлестік ұсынған құжаттарда жалған немесе бұрмаланған ақпарат бар болса.
3. Куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату
11. Уәкiлеттi орган өзінің бұйрығымен куәлiктiң қолданылуын аккредиттеу алу үшiн ұсынылған құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде тоқтата тұрады.
12. Алты ай ішінде бiрлестiк уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды жояды. Аталған мерзім куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімде айтылады.
13. Куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар уақтылы жойылған кезде, оның қолданылуы Комиссияның ұсынымы негізінде уәкілетті орган бұйрыққа қол қойылған күннен бастап қайтадан бастайды.
14. Уәкiлеттi орган куәлiктің қолданылуын тоқтату туралы бұйрықты бес жұмыс күні ішінде мынадай жағдайларда шығарады:
1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда;
2) куәлiктiң қолданылуы тоқтатылған осы Қағиданың 12-тармағына сәйкес себептер жойылмағанда;
3) бiрлестiк куәлiктiң қолданылуын тоқтату туралы өтiнiш бергенде;
4) оның қолданылу мерзiмi аяқталғанда;
5) бірлестіктің күнтізбелік жыл ішінде республикалық (чемпионаттар, біріншіліктер, Республика кубоктары) және халықаралық (Олимпиада, Азия ойындары, чемпионаттар, біріншіліктер, Әлем, Азия, Еуропа кубоктары) жарыстарға қатыспауы;
6) бірлестіктердің құзыретсіздігі және әрекетсіздігі туралы дене шынықтыру және спорт жөніндегі облыстық (Астана және Алматы қалалары) жергілікті атқарушы органдардың жартысының көбінен ұсынымдардың келіп түсуі.
4. Қорытынды ережелер
15. Бiрлестiкте куәлiктiң қолданылу кезеңiнде қайта ұйымдастырылу жүргiзiлген кезде бірлестік, бiр ай мерзiмде уәкiлеттi органға енгізілген өзгерістерімен бірге құрылтай құжаттардың көшірмелерін және салық органына есепке қою туралы куәлікті (шынайылығын растау үшін түпнұсқа ұсынылған жағдайда) немесе олардың нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады.
16. Бiрлестiк өзiнiң атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген жағдайда, он бес жұмыс күні ішінде уәкiлеттi органға бұл туралы хабарлайды және осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса беріп, куәлiктi қайта ресiмдеу туралы өтiнiш бередi.
17. Куәлiк жоғалған немесе бүлінген кезде уәкiлеттi орган өтініш қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтiнiш негiзiнде бiрлестiкке куәлiктiң телнұсқасын бередi.
18. Уәкiлеттi орган куәлiктердiң бланкiлерiн жасауды, оларды есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етедi.
19. Бiрлестiкті аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдалуы мүмкін.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |