• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қазандағы N 1004 және 1999 жылғы 23 ақпандағы N 149 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1753 Қаулысы

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 
1) "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Қаржы министрлігі Кеден комитетінің жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қазандағы N 1004  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 35, 320-құжат): 
1999 жылдың аяғына дейін сметаларда 34 бақылау-өткізу пункттерінің, 78 модульдық үлгідегі құрастырмалы үйлердің құрылысын аяқтауға көзделген 300 млн. теңге сомасындағы қаражатты бөлуді қамтамасыз етсін, оның 90 млн. теңгесін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің жаңадан бөлінген әкімшілік ғимаратын қайта жаңартуға және күрделі жөндеуге бағыттасын"; 
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.03.2011 № 335 Қаулысымен. (19.11.1999 жылғы редакцияны қараңыз)