Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есепке алуды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 100 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5434 болып енгізілді.
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 9 қарашадан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 184 Қаулысына сәйкес
Редакция 13.03.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есепке алуды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 108 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4484 тіркелген);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 108 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 20 шілдедегі N 83 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4895 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны арнайы қаржы компанияларына жіберсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы Ә. Сәйденов
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 100 қаулысымен бекітілген
Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысымен 24.02.2012 № 43 (28.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 жылғы № 200 Қаулысына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген және арнайы қаржы компанияларының (бұдан әрі – ұйым) бухгалтерлік есепті жүргізуін толықтырады.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 № 43 (28.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 жылғы № 131 Қаулысына сәйкес (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Осы Нұсқаулықта «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарында, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында көзделген ұғымдар пайдаланылады.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 № 43 (28.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 6 Қаулысына сәйкес (17.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3. Осы Нұсқаулықтың және Қазақстан Республикасының б ухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін қосымша бухгалтерлік жазбаларды жасауға рұқсат беріледі.
2-тарау. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысымен 24.02.2012 № 43 (28.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 жылғы № 200 Қаулысына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) борыштық бағалы қағаздар – оның иесінің эмитеттен шығару талаптарында белгіленген мөлшерде және мерзімде негізгі борыш сомасын алуға арналған құқығын растайтын бағалы қағаздар;
2) есептік құны – құн, сыйақыны шегеріп тастағанда, ол бойынша бухгалтерлік баланста актив немесе міндеттеме көрсетіледі;
3) мәміле бойынша шығындар – бұл қаржы активін немесе қаржы міндеттемесін сатып алуға, шығаруға немесе есептен шығаруға тікелей байланысты қосымша шығыстар, оларды сатып алуға, шығаруға немесе іске асыруға міндетті талаптар болып табылады;
4) сыйлықақы немесе дисконт (жеңілдік) амортизациясы – бұл сыйлықақы немесе дисконт (жеңілдік) сомасын ұйымның кірістеріне немесе шығыстарына біртіндеп жатқызу;
дисконт (жеңілдік) – борыштық бағалы қағаздардың (есептелген сыйақыны есептемегенде) сатып алу құны және инвестор (сатып алушы) үшін алдағы кезеңдердің кірістерін құрайтын оның номиналды құны арасындағы теріс айырма сомасы;
сыйлықақы - борыштық бағалы қағаздардың (есептелген сыйақыны есептемегенде) сатып алу құны және инвестор (сатып алушы) үшін алдағы кезеңдердің кірістерін құрайтын оның номиналды құны арасындағы оң айырма сомасы.
3-тарау. Бөлінген активтердің бухгалтерлік есебі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысымен 24.02.2012 № 43 (28.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 жылғы № 200 Қаулысына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5. Қазіргі немесе болашақтағы талап ету құқығын ұйымдастыруға өткен кезде тиісті шоттардың дебеті (бұдан әрі – Дт) және кредиті (бұдан әрі – Кт) бойынша мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1280 91 "Арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері"
Кт 3390 91 "Оригинатор алдындағы міндеттемелер",
3390 92 "Орындаушы алдындағы міндеттемелер".
5-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 № 43 (28.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
6. Бөлінген активтер бойынша сыйақы есептеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1280 91 "Арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері"
Кт 6110 34 "Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер".
7. Сыйақы сомасын қоса алғанда, дебиторлардан рұқсат етілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинауды жүзеге асыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1060 91 "Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтер"
Кт 1280 91 " Арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері ".
4-тарау. Облигациялардың бухгалтерлік есебі
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысымен 24.02.2012 № 43 (28.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 жылғы № 200 Қаулысына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8. Облигацияларды орналастыру күні мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) облигацияларды іске асыру сомасына (олардың номиналды құнынан аспайтын сомаға):
Дт 1030 "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары"
Кт 4030 91 "Арнайы қаржы компаниясы шығарған облигациялар";
2) дисконт (жеңілдік) сомасына:
Дт 4030 92 "Арнайы қаржы компаниясының айналысқа шығарылған облигациялары бойынша дисконт"
Кт 4030 91 "Арнайы қаржы компаниясы шығарған облигациялар";
3) сыйлықақы сомасына:
Дт 1030 "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары"
Кт 4030 93 "Арнайы қаржы компаниясының айналысқа шығарылған облигациялары бойынша сыйлықақы".
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |