Паспорттар, жеке куәлiктер мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту Ережелерiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 17 тамыздағы N 684 Қаулысы
Редакция 30.06.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының "Қазақ КСР Неке және үйелмен туралы Кодексiнiң 63-бабын толықтыру туралы" 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған Заңына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Паспорттар, жеке куәлiктер мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгертудiң ұсынылған Ережесi бекiтiлсiн.
2. Азаматтардың паспортындағы және жеке куәлігіндегі ұлты туралы жазбаны өзгертуді олардың жазбаша өтініштері бойынша берілген арызының негізділігін растайтын тууы туралы куәлік пен басқа құжаттардың негізінде ішкі істер органдары бір рет жасайтын болып белгіленсін.
Азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгертудi АХАТ органдары азаматтың өтiнiшi негiзiнде ол қажеттi құжаттарын бергеннен кейiн жүргiзедi.
2-1. "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Заңына сәйкес берілетiн ақтау туралы анықтамалар негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағына қуғын-сүргiн кезеңiнде күштеп қоныс аударылған Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарындағы, жеке куәлiктерi мен азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгертуге ерекше түрде рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi қолданылып жүрген ведомстволық актiлердi осы қаулымен сәйкестендiретiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1992 жылғы 17 тамыздағы
N 684 қаулысымен
Бекiтiлген
Паспорттар , жеке куәлiктер мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту Ережесi Қазақстан Республикасының "Қазақ КСР Неке және үйелмен туралы Кодексiнiң 63-бабын толықтыру туралы" 1992 жылғы 26 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының бұрын таңдаған ұлтын ата-анасының бiрiнiң ұлтына өзгертудiң мынандай тәртiбi белгiленсiн:
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының паспортындағы және жеке куәлігіндегі ұлты туралы жазбаны өзгертуді ішкі істер органдары жүргізеді.
2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағы немесе жеке куәлігіндегі ұлты туралы жазбаны өзгерту туралы өтінішті арызданушының тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органына міндетті мынадай құжаттармен қоса береді:
3) айырбастауға жататын Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі.
3. Ұлты туралы жазбаны өзгерту жөніндегі өтініш негізді болған жағдайда ішкі істер органы тарапынан ұлты өзгертілген Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортын немесе жеке куәлігін беру туралы қорытынды жасалады, оны ішкі істер органының бастығы бекітеді.
4. Өтiнiш иесiнiң тууы туралы куәлiгiне ұлтының өзгеруiне байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспорты немесе жеке куәлiгi жаңа паспорт берiлгенi туралы белгi қойылады.
5. Ф-1 өтiнiшiнде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлiгiн айырбастау себебi және соның негізiнде Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағы немесе жеке куәлiгiндегi ұлты туралы жазба өзгертілген туу туралы куәлiктiң нөмiрi көрсетiледi.
Егер бұрын Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлігін басқа ішкі істер органы берген болса, оған Ф-1 өтінішінде белгі қою үшін Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортының немесе жеке куәлігінің берілгені туралы хабарлама жіберіледі.
6. Азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгертудi АХАТ органдары жүргiзедi.
Ұлты өзгертiлген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлiгiн алғаннан кейiн некеде тұрған немесе балалары бар азамат некеге тiркелген және балалары дүниеге келген жергiлiктi жер бойынша АХАТ органдарына немесе өзiнiң тұрғылықты жерi бойынша АХАТ органдарына азаматтық халдың тиiстi актi жазбасындағы ұлты туралы мәлiметке өзгерiс енгiзу және жаңа құжаттар алу үшiн өтiнiш беруге тиiс.
7. Жоғарыда аталған өзгерістерді АХАЖ органдары қорытынды жасамай-ақ азаматтың өтініші, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі, ұлты өзгертілген Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортының немесе жеке куәлігінің берілгені туралы ішкі істер органының анықтамасы және айырбастауға жататын куәлік негізінде енгізеді.
8. АХАТ-тың аудандық, қалалық, қаладағы аудандық бөлiмдерi (бюро) өзгерiстер енгiзгеннен кейiн дәл осындай өзгерiстердi актiлiк жазбалардың екiншi даналарына енгiзу туралы хабарлар АХАТ-тың облыстық, Алматы қалалық архивтерiне жiберiледi.
9. Азаматтардың паспортындағы және жеке куәлiгiндегі ұлты туралы жазбаны өзгерту жөнiндегi даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртiбiмен шешiледi.