• Мое избранное
Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 09.10.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 8

Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 6 қарашадағы N 661 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 24 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5884 болып енгізілді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 9 қазаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.08.2015 жылғы № 693 Бұйрығына сәйкес
Редакция 08.07.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес, орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық білімі бар тұлғалардың біліктілік деңгейін анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. "Денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтихандарын өткізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 151 (нормативтік-құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4596 болып тіркелген, "Юридическая газета"- 2007 жылғы 25 сәуірде N 62 (1265) газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық оны ресми жариялаған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а.                                      Б. Садықов
  • 3
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрiнiң
міндетін атқарушының
2009 жылғы «6» қарашадағы
 № 661 бұйрығымен
бекiтiлген
Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін бiлiктiлiк емтихандарын өткізу қағидасы
Қағида өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2012 жылғы № 457 Бұйрығымен (06.11.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағида өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2014 жылғы № 381 Бұйрығымен (05.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
1. Жалпы ережелер
1.   Осы Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу қағидасы (бұдан әрi –Қағида) 2009 жылғы 18 қыркүйектегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің 7-бабының 28) тармақшасына, 176-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және орта (техникалық және кәсiптiк), орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары медициналық бiлiмi бар адамдардың кәсiптiк медициналық қызметтi жүзеге асыруға даярлығын анықтау мақсатында бiлiктiлiк емтиханын өткiзу тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай анықтамалар пайдаланылды: 
1)маман – медициналық бiлiмi бар денсаулық сақтау саласының қызметкерi;
2)маманның үздіксіз кәсіптік дамуы жүйесіндегі сынақ бірлігі (бұдан әрі – СБ) – маманның кәсіптік қызметінің нақты кезеңінде үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысу көлемін өлшеудің бірыңғай шартты бірлігі;
3) сынақтық бірліктерін жинақтау жүйесі – үміткердің соңғы бес жылда үздіксіз кәсіби дамуы іс-шараларына қатысуын біртіндеп есепке алу жүйесі; 
4)үміткер – маман сертификатын алуға үміткер медицина қызметкері;
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) –электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігін және мазмұнының өзгермегенін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы. 
6)мамандардың кәсіптік даярлануын бағалау және біліктілікке сәйкестігін растау (бұдан әрі – Бағалау) – маман біліктігінің денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізілген білімі мен дағдыларын бағалау рәсімі;
7)симуляциялық технологиялар – білім берудің және автоматты түрде қайталанатын әрекеттерді әзірлеуді, клиникалық және басқа да жағдайларды, соның ішінде нақты жағдайға барынша жақындастырылған шұғыл жағдайларды үлгілеуге негізделген барабар шешімдерді жедел қабылдауды енгізетін, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың дағдыларын бағалаудың қазіргі заманғы технологиялары;
8)стандартталған пациент – науқасты шынайы бейнелеуге оқытылған: оның шағымдарын, психоэмоционалдық жағдайын келтіретін, қандай да бір клиникалық жағдайды жоғарғы дәрежеде сахналауға қабілеті бар жеке тұлға.
9)клиникалық станция – әр түрлі сылтауратқыш жабдықтарды (манекендер, моделдер, муляждар, автоматтандырылған виртуалдық моделдер, интерактивті оқытатын компьютерлік бағдарламалар, аудио-бейне материалдар) қолдана отырып және (немесе) стандартталған пациенттердің қатысуымен симуляциялық ортада клиникалық білім мен дағдыны бағалауға арналған жеке жарақтандырылған үй-жай (бөлме не секция).
1.Осы Қағидаға сәйкес бiлiктiлiк емтихандары:
1)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – МФҚБК аумақтық департаменттері)– санитариялық–эпидемиологиялық бейіндерді қоспағанда, орта (техникалық және кәсiби), орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары медициналық бiлiмi бар мамандар үшiн;
2)Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттері –санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі орта (техникалық және кәсiптiк), орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары медициналық бiлiмi бар мамандар үшiн өткізіледі.
Өтініштерді қабылдау және маман сертификатын беру МФҚБК аумақтық департаменттерінің немесе Агенттіктің, Агенттіктің аумақтық департаменттерінің кеңселері арқылы немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz , «Е-лицензиялау» веб-порталы www.elicense.kz  (бұдан әрі – портал) арқылы жүргізіледі.
Үміткер өтініштің дұрыс толтырылуын, ұсынылған мәліметтер нысанының толықтығын, сондай –ақ өзі көрсеткен мәліметтердің дәйектілігін қамтамасыз етеді.
1.Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшiн бiлiктiлiк емтихандары:
3)мiндеттi – медицина қызметкерлерiнiң клиникалық мамандығына сәйкестiгiн анықтау және тиісті маман сертификатын бере отырып, оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс iстеуге) жiберуге рұқсат беру үшiн.
Міндетті біліктілік емтихандары электрондық түрде осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша клиникалық тәжірибеге жiберуге рұқсат беру үшiн біліктілік санаты берілмейтін маман сертификатын берумен аяқталады;
1)ерiктi – тиісті бiлiктiлiк санатын бере отырып, мамандардың кәсiби деңгейiн анықтау үшiн деп бөлінеді.
Ерiктi бiлiктiлiк емтихандары электрондық түрде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті біліктілік санатын бере отырып, маман сертификатын берумен аяқталады.
Тиісті біліктілік санаты берілетін және клиникалық практикаға жiберуге рұқсат беру үшiн біліктілік санаты берілмейтін маман сертификаты «Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада № 5885 болып тіркелген) мамандықтар бойынша беріледі.
Біліктілік санаты берілетін және берілмейтін маман сертификаты клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс) рұқсат беру болып табылады.
5. Клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) рұқсат алу үшін, интернатурада, клиникалық ординатурада, резидентурада (интернатураны бітіру көзделмеген мамандықтар бойынша жоғары оқу орнын бітірген соң) және (немесе) өтініш берілген мамандық бойынша қайта даярлау циклын (бастапқы мамандандыру) бітірген соң, ал орта медицина қызметкерлер үшін – колледжді, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриатты маман өтініш берілген мамандық бойынша маман және (немесе) қайта даярлау циклын (бастапқы мамандандыру) бітірген соң, міндетті біліктілік емтиханынан өтеді. 
  • 1
Өтініш берілген мамандық бойынша клиникалық қызметке 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен, өтініш берілген мамандығы бойынша үздіксіз жұмыс өтілі бар адамдар үшін аталған мамандық бойынша қайта даярлаудан өту талап етілмейді.
Интернатурада білім алуын аяқтаған тұлғалар үшін 2014 жылдан бастап, жалпы практика дәрігері, терапия, хирургия және стоматология мамандықтарын қоспағанда, біліктілік емтиханына жіберудің міндетті шарты «Интернатура және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5134 болып тіркелген) мамандықтар бойынша резидентурадан өту болып табылады.
1. Біліктілік санаты берілетін және біліктілік санаты берілмейтін маман сертификаты Қазақстан Республикасының аумағында МФҚБК аумақтық департаменттерінің, Агенттіктің немесе Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары оны беру туралы шешім шығарған күннен бастап бес жыл бойы қолданыста болады. Осы мерзiм өткеннен кейiн сертификаттың қолданысы тоқтатылады. 
2. Міндетті біліктілік емтихандарын өткізу тәртібі
1.   Міндетті бiлiктiлiк емтихандары автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен тестілеу түрінде үміткердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
2.Міндетті бiлiктiлiк емтихандарын тапсыру үшiн үміткерлер:
1)МФҚБК аумақтық департаменттеріне мынадай құжаттарды ұсынады:
- осы Қағидаға 3–қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 
- осы Қағидаға 4–қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
Құжаттарды қабылдау МФҚБК аумақтық департаментінің кеңсесі арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Үміткердің өкілі өтініш берген жағдайда - өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және уәкілеттік құқығына өкілеттілікті куәландыратын құжат беріледі.
1)Порталда:
- үміткердің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; 
- осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттарындағы деректерді МФҚБК аумақтық департаменті, уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйесінен алады. 
Жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар үшін өтініш берілген мамандық бойынша соңғы 5 жылда жалпы көлемі 108 сағат біліктілікті арттырудан өтуі қажет.
Мамандығы бойынша еңбек жолында үзілісі бес жылдан асқан жағдайда, үміткер біліктілік санатын бермей маман сертификатын алу үшін өтініш берген мамандығы бойынша 216 сағат болатын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Порталда электрондық сұрату жіберу маманның «жеке кабинеті» арқылы жүзеге асырылады. Сұрату автоматты түрде таңдап алынған қызмет түріне сәйкес мемлекеттік орган мекенжайына жіберіледі.
1.Ұсынылған құжаттардың толықтығын және мәліметтер нысанын толтыруды тексеру оларды қабылдап алған сәттен бастап 4 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес міндетті біліктілік емтиханынан өту үшін құжаттар мен нысан бойынша мәлімет толық ұсынылмаған жағдайда, үміткерге бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап жіберіледі.
Порталда дәлелді бас тартуды үміткер уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ расталған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетінен» алады.
Тестілеуді МФҚБК аумақтық департаменттері компьютерде өткізеді. 
1.Тестілеуге арналған жай бейне бақылау камераларымен жарақтандырылады.
Тестілеудi өткiзудің объективтілігі жағдайдың, уақыттың, нәтижелердi есептеудің, тестілер мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ МФҚБК аумақтық департаменттері қызметкерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу туралы жазбаша шектеулердi қабылдауымен қамтамасыз етiледi.
1.МФҚБК аумақтық департаменттері тестілеу өткізу орнын, күнін және уақытын көрсете отырып, тестілеуге қатысатын үміткерлердің тізімін жасайды және МФҚБК аумақтық департаментінің ғимаратына іліп қояды және/немесе үміткерге жазбаша, электрондық түрде не телефонограмма арқылы хабарлама жібереді.
Үміткер Портал арқылы өтініш берген кезде тестілеуді өткізу орны мен күні туралы ақпарат оның «жеке кабинетіне» жіберіледі. 
2. Үміткерлер тестілеуге жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде жіберіледі. 
3. Тестілеу басталғанға дейін МФҚБК аумақтық департаментінің қызметкері тестілеуден өтетін үміткерлерге бағдарламамен жұмыс істеу бойынша нұсқау береді және олардың сұрақтарына жауап береді. 
4. Мамандық бойынша тест сұрақтарының саны 50 құрайды. Тестілеу уақыты – 60 минут. 
Тестілеуден өту және біліктілік санаты берілмейтін маман сертификатын алу үшін шекті деңгей жалпы жауаптардың санынан дұрыс жауаптардың кемінде 50%-ын құрайды. 
1.Тестілеу өтуге берілген уақыт аяқталғанда, бағдарлама автоматты түрде жабылады.
2. Тестілеу кезінде үміткерлердің сөйлесуіне және тестілеу өткізіліп отырған бөлмеден шығып кетуіне болмайды. Қабылдаушы-таратушы электрондық құрылғылар (оның ішінде жеке қалта компьютерлері және өзге де электрондық жабдықтар) тестілеу кезінде өшірілуі тиіс. 
3.Үміткер осы тәртіпті бұзған кезде МФҚБК аумақтық департаментінің қызметкері тестілеуді тоқтатады және үміткер тестілеуіден өткен жоқ деп есептеледі.
4.Тестілеу нәтижесіне компьютерлік бағдарламамен автоматты түрде есеп жүргізіледі.
5. Тестілеу нәтижелерін бағдарлама осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автоматты түрде ресімдейді және тестілеу аяқталғаннан кейін үміткер тестілеу нәтижесімен таныстырылады және оған лауазымды тұлғаның қолы қойылған және МФҚБК аумақтық департаментінің мөрімен расталған тестілеу нәтижесі беріледі. 
Бiлiктiлiк емтихандарын тапсыра алмаған үміткерлер өтiнiшті және осы Қағидаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысанын ұсынғаннан кейін, 
алдыңғы тестілеу кезінен бастап күнтізбелік он күннен ерте емес бірдей бағдарлама бойынша қайта тестілеуден өте алады.
Бiлiктiлiк емтихандарын қайта тапсыра алмаған үміткерлер өтініш берілген мамандық бойынша көлемі 108 сағаттан кем болмайтын көлемде біліктілігін арттыру курсынан қосымша өткеннен кейін біліктілік емтиханын (тестілеу) тапсыруға жіберіледі.
1. Тестілеуден өткен үміткерге біліктілік санаты берілмейтін маман сертификаты осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат түрінде беріледі. 
Порталда маман сертификатын үміткер «жеке кабинетінен» уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат түрінде алады.
Үміткер сертификатты қағаз тасымалдағышта алу үшін МФҚБК аумақтық департаментіне жүгінген жағдайда, сертификат электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен расталады және МФҚБК аумақтық департаменті басшысының қолы қойылады.
МФҚБК аумақтық департаментіне және порталға жүгінген кезде маман сертификатын алу мерзімдері осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілген МФҚБК аумақтық департаментінің уәкілетті тұлғасы қажетті құжаттарды тіркеген сәттен бастап күнтізбелік 10 күнді құрайды. 
Біліктілік санатын бермей маман сертификаты тиісті біліктілік санатына бұрын өтініш берген және тестілеу нәтижесі бойынша қажетті шекті деңгейден 50%-дан төмен емес нәтиже алған үміткердің жазбаша өтініші бойынша беріледі.
3. Ерікті біліктілік емтиханын өткізу тәртібі
1.   Ерікті біліктілік емтихандарын тапсыру үшін үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:
1)осы Қағидаға 6–қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 
2)осы Қағидаға 7–қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
Порталда:
1) үміткердің ЭЦҚ расталған электрондық құжат нысанындағы өтініш; 
2)осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
Үміткердің өкілі өтініш берген жағдайда – өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және уәкілеттік құқығына өкілеттілікті куәландыратын құжат беріледі.
Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттардағы деректерді МФҚБК аумақтық департаменттері, Агенттік және Агенттіктің аумақтық департаменттері уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттар жүйесінен алады. 
1. Үміткерлер біліктілік санаты берілетін маман сертификатын алуға арналған құжаттарды қолда бар біліктілік санаты берілетін маман сертификатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, алты айдан ерте емес МФҚБК аумақтық департаменттеріне немесе Агенттікке, Агенттіктің аумақтық департаменттеріне ұсынады. 
Құжаттарды қабылдауды МФҚБК аумақтық департаменттерінің, Агенттіктің және Агенттіктің аумақтық департаменттерінің кеңсесі «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізеді.
Құжаттарды қабылдауды МФҚБК аумақтық департаменттері, Агенттіктің аумақтық департаменттері үміткердің негізгі жұмыс орны орналасқан жері бойынша жүргізеді.
Порталда электрондық құжат нысанындағы сұрату жіберу үміткердің «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрату МФҚБК аумақтық департаменттеріне, Агенттікке немесе Агенттіктің аумақтық департаменттеріне автоматты түрде жіберіледі.
Санитариялық-эпидемиялогиялық бейіндегі жоғары білімі бар мамандарға жоғарғы санатты беруге арналған құжаттар Агенттікке ұсынылады.
Санитариялық-эпидемиялогиялық бейіндегі орта білімі бар мамандарға жоғарғы, жоғары және орта білімі бар мамандар үшін екінші және бірінші санатты беруге арналған құжаттар Агенттіктің аумақтық департаменттеріне ұсынылады. 
1..Жоғары өтінілген санат беруге біліктілік емтиханына маман біліктілік санатын алған күннен бастап кемінде үш жылдан кейiн жiберiледi.
2.Ерікті бiлiктiлiк емтихандары екі кезеңмен өткізіледі.
Клиникалық практикамен айналысатын жоғары медициналық білімі бар үміткерлер келесі кезеңдерден өтеді:
1)тестілеу;
2)бағалау.
Жоғарғы, бірінші немесе екінші санатқа үміткер клиникалық практикамен айналысатын мамандарды қоспағанда жоғары медициналық білімі, соның ішінде санитариялық – эпидемиялогиялық бейіндегі білімі бар үміткерлер, сондай-ақ орта (техникалық және кәсіби), ортадан кейінгі медициналық білімі бар мамандар:
1)тестілеуден;
2) әңгімелесуден өтеді. 
1. Тестілеуді МФҚБК аумақтық департаменттерінің, Агенттік, Агенттіктің аумақтық департаменттерінің қызметкері, шекті деңгей нәтижелерін қоспағанда, осы Қағиданың 2 –тарауында қарастырылған тәртіпке сәйкес жүргізеді. 
Егер тестiлеу нәтижесі белгіленген шектi деңгейден кем болса, үмiткер ерікті бiлiктiлiк емтиханының келесi кезеңiне жiберiлмейдi: жоғары санатқа 80% -дан кем емес, бірінші санатқа – 70%-дан кем емес, екінші санатқа – 60%-дан кем емес.
Тестілеудің оң нәтижесін алған жағдайда үміткер ерікті біліктілік емтиханының келесі кезеңіне (бағалауға немесе әңгімелесуге) жіберіледі. 
Үмiткердiң тестiлеу нәтижесі өтiнiш бiлдiрiлген санаттан төмен болған жағдайда үмiткердiң келiсiмi бойынша өтiнiш бiлдiрiлгеннен төмен санатқа арналған бiлiктiлiк емтиханының келесi кезеңдерiн өтедi.
1.Бағалау тиісті өңірдің денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының базасында симуляциялық технологияларын қолдана отырып, клиникалық практиканы жүзеге асыратын және біліктілік санатын алуға үміткер жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін жүргізіледі.
Бағалау жүргізу үшін МФҚБК аумақтық департаменттері құрамына МФҚБК аумақтық департаменттерінің, денсаулық сақтауды мемлекеттік жергілікті басқару органдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, сондай-ақ тәуелсіз аккредиттелген сарапшылар өкілдері кіретін комиссияны құрады. 
Комиссия мүшелерiнiң саны тақ болуы және 9 адамнан кем болмауы тиіс. МФҚБК аумақтық департаменттерінің басшысы комиссия төрағасы болып табылады. Комиссия төрағасы комиссия мүшелерінің ішінен төрағаның орынбасарын тағайындайды. Комиссия құрамының үштен екісінен көбі қатысатын отырыс заңды деп есептеледі.
Мамандарды бағалау стандартталған пациенттердің қатысуымен симуляциялық оқыту жабдықтарымен жарақтандырылған клиникалық станциялар базасында жүргізіледі. Бағалау процедурасының алдында комиссия хатшысы үміткерге нұсқау береді. 
Бағалау әрбір үміткерді аудио-бейне жазу жүйесін қолдана отырып жүргізіледі. Жазбалар архивке беріледі және бағалаудан өткен сәттен бастап екі аптадан артық емес мерзімде сақталады. 
Бағалау кезеңінің ұзақтығы 40 минутты құрайды, әрбір клиникалық станцияға 10 минуттан. Бағалаудан өту нәтижелері бойынша емтихан қабылдаушы әрбір клиникалық станцияларда маманның көрсеткен дұрыс манипуляцияларының негізінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1)«тапсырды»;
2)«тапсырған жоқ».
Бағалаудың басталуы мен аяқталуын дыбыс белгісі көрсетеді. Дыбыс белгісінен кейін үміткерлер станцияға кіреді және өздерінің іс-әрекеттерін комиссияға түсіндіре отырып білімдері мен дағдыларын көрсетеді.
Егер үміткер, станциялардың біреуінде алға қойылған міндеттерін уақытынан бұрын аяқтаса, онда сақталған уақыт үзіліс ретінде пайдаланылады және келесі станциядан өту уақытына қосылмайды. 
Бағалау тестілеу өткізілген күні жүргізіледі. 
Әрбір клиникалық станцияда осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткерді әрбір бағалау парағы бағалау нәтижесі көрсетіліп толтырылады. 
Үміткер төрт клиникалық станцияның біреуінде «тапсырған жоқ» шешімін алған болса, үміткер келесі клиникалық станцияға жіберілмейді және бағалаудан өтпеген болып есептеледі.
Жалпы бағалаудан өту үшін, үміткер әрбір станциядан «тапсырды» шешімін алуы тиіс. 
1.Әңгімелесу мамандардың біліктілік деңгейін анықтау үшін жүргізіледі. Әңгімелесу барысында маманның бiлiктiлiк деңгейi, оның кәсiптiк мiндеттердi (диагностикалық, тәсілдік, ұйымдастырушылық) шеше бiлуi, қолда бар ақпаратқа талдау жасай бiлуi және ол бойынша тиiстi шешiм қабылдай бiлуi бағаланады.
Әңгімелесу өткiзу үшiн МФҚБК аумақтық департаменттері, Агенттік, Агенттіктің аумақтық департаменттері басшыларының бұйрығымен МФҚБК аумақтық департаменттерінің, Агенттіктің, Агенттіктің аумақтық департаменттерінің денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы республикалық, ғылыми ұйымдардың және бiлiм беру ұйымдарының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi ішінен мамандандырылған комиссиялар құрылады.
Мандандырылған комиссия мүшелерiнiң саны тақ болуы және 13 адамнан кем болмауы тиіс. Мамандандырылған комиссияның төрағасы болып МФҚБК аумақтық департаменттерінің, Агенттіктің және оның аумақтық департаменттерінің басшысы немесе қызметкері тағайындалады. Мамандандырылған комиссияның төрағасы мамандандырылған комиссия мүшелерінің арасынан төрағаның орынбасарын тағайындайды.
Мамандандырылған комиссияның отырысы, оған оның құрамының кемiнде үштен екiсінен кем емес мүшесi қатысса, заңды деп есептеледі.
Дауыс беру нәтижесі мамандандырылған комиссия мүшелерінің көп дауысымен анықталады. Мамандандырылған комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Мамандандырылған комиссия хатшысының дауыс беруге құқығы жоқ.
Әңгімелесу тестілеу өткізілген күні жүргізіледі. 
Әңгімелесу аяқталғаннан кейін мамандандырылған комиссия отырысының хаттамасы осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.
1. Ерiктi бiлiктiлiк санаттарын беру кезінде үміткердің, оның үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысу көлемі СБ қайта есептеу жүйесіне сәйкес СБ (негізгі және қосымша) өлшенеді. 
Біліктілікті арттыру сағаттарын негізгі СБ-ға ауыстыруды үміткер біліктілікті арттыру курстарын өткен қосымша кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдары жүзеге асырады. СБ оқудан өту туралы құжатта көрсетіледі. 
Осы Қағидаға 10-қосымшада көрсетілген іс-шараларды қосымша СБ-ға ауыстыруды, оның өткізілуін ұйымдастырған денсаулық сақтау саласының ғылыми ұйымдары және білім беру ұйымдары жүзеге асырады. 
1.Мамандардың бiлiктiлiк деңгейi мынадай санаттар бойынша анықталады:
1)екiншi санат;
2)бiрiншi санат;
3)жоғары санат.
Екінші біліктілік санаты мынадай мамандарға беріледі: 
жоғары және орта медициналық білімі бар, өтініш берілген мамандық бойынша еңбек өтілі үш жылдан кем емес, дұрыс жауаптар 60% кем болмайтын тестілеу нәтижесі бар, үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысқан жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін көлемі 120 СБ (оның ішінде негізгі 108 СБ, қосымша 12 СБ ) кем емес және орташа медициналық білімі бар мамандар үшін 108 СБ (негізгі) кем емес.
Бірініші біліктілік санаты мынадай мамандарға беріледі:
жоғары және орта медициналық білімі бар, өтініш берілген мамандық бойынша еңбек өтілі алты жылдан кем емес, дұрыс жауаптар 70% кем болмайтын тестілеу нәтижесі бар, үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысқан жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін көлемі 254 СБ (оның ішінде негізгі 216 СБ, қосымша 38 СБ ) кем емес және орташа медициналық білімі бар мамандар үшін 240 СБ (оның ішінде негізгі 216 СБ, қосымша 24 СБ) кем емес.
Жоғары біліктілік санаты мынадай мамандарға беріледі:
жоғары және орта медициналық білімі бар, өтініш берілген мамандық бойынша еңбек өтілі он жылдан кем емес, дұрыс жауаптар 80% кем болмайтын тестілеу нәтижесі бар, үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысқан жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін көлемі 270 СБ (оның ішінде негізгі 216 СБ, қосымша 54 СБ ) кем емес және орташа медициналық білімі бар мамандар үшін 254 СБ (оның ішінде негізгі 216 СБ, қосымша 38 СБ) кем емес.
1.Бiлiктiлiк емтихандарын (тестілеу, әңгімелесу немесе бағалау) тапсыра алмаған үміткерлер өтініш берілген мамандық бойынша жоғары білімі бар мамандар үшін көлемi кемiнде 108 сағат және орта білімі бар мамандар үшін 54 сағат болатын бiлiктiлiгiн арттыру курстарын қосымша өткенiн растайтын құжаттарды ұсынғаннан және өтініш бергеннен кейін бiлiктiлiк емтиханын қайта тапсыруға жіберіледі.
Біліктілік емтиханынын қайта тапсыра алмаған үміткерлер өтініш берілген мамандық бойынша 108 сағаттан кем болмайтын көлемде біліктілігін арттыру курстарынан қосымша өткендігін растайтын құжаттарды және өтінішті бергеннен кейін біліктілік емтихандарын тапсыруға жіберіледі.
Біліктілік емтихандарынан қайта өту үшін үміткерлер МФҚБК аумақтық департаменттеріне, Агенттікке және Агенттіктердің аумақтық департаменттеріне құжаттарын тапсырады.
1.Санитариялық-эпидемиялогиялық бейінді қоспағанда, жоғары медициналық білімі бар үміткерге күнделікті практикада қолданылатын диагностика және емдеу әдістері көлемінің өтiнiш бiлдiрген санатқа сәйкестiгi туралы қорытындыны оның бейініне сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарының мамандары (медициналық-санитариялық алғашқы көмек, акушер-гинеколог, хирург, педиатр, терапевт) береді.
Санитариялық-эпидемиялогиялық бейінді қоспағанда, орта медициналық білімі бар үміткерге негізгі жұмыс орнындағы бас мейіргер (фельдшер, акушер), олар болмаған кезде ұйым басшысы, бас мейіргерге (фельдшерге, акушерге) ұйымның басшысы береді.
Күнделiктi практикада қолданылатын диагностика және емдеу әдістері көлемінің өтiнiш бiлдiрген санатқа сәйкестiгiне қорытындыны үмiткер осы Қағидаға 11-қосымшаға сәйкес МФҚБК аумақтық департаменттеріне құжаттарды ұсынғанға дейін немесе Порталда сұрату ресімдегенге дейін алады.
1. Жоғары медициналық білімі бар мамандарға арналған біліктілік емтихандарын жүргізу кестесін (өтінішті, мәліметтер нысанын қабылдау, тестілеу, бағалау немесе әңгімелесу) жыл сайын МФҚБК немесе Агенттік, орта медициналық білімі бар мамандарға МФҚБК аумақтық департаменттері, Агенттіктің аумақтық департаменттері бекітеді. Біліктілік емтихандары тоқсанына бір реттен жиі болмайтындай жыл бойы жүргізіледі. 
2.Ұсынылған құжаттардың толықтығын және мәліметтер нысанының дұрыс толтырылғанын, оларды қабылдап алған сәттен бастап тексеруді аумақтық департаменттердің қызметкері 4 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ерікті біліктілік емтиханынан өту үшін құжаттар мен мәліметтер толық берілмеген жағдайда үміткерге дәлелді жазбаша жауап жіберіледі.
3. МФҚБК аумақтық департаменттері, Агенттік және Агенттіктің аумақтық департаменттері біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру туралы шешімді МФҚБК аумақтық департаменттері, Агенттік, Агенттіктің аумақтық департаменттері басшысының бұйрығы түрінде рәсімдеп шығарады.
4.Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын МФҚБК аумақтық департаменттері, Агенттік, Агенттіктің аумақтық департаменттері уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат түрінде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағиданың 21-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тіркелген сәттен бастап 22 жұмыс күні ішінде береді.
Порталда біліктілік санаты берілетін маман сертификатын үміткер «жеке кабинетінде» осы Қағиданың 24-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тіркелген сәттен бастап 22 жұмыс күні ішінде уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат түрінде алады.
Үміткер біліктілік санаты берілетін маман сертификатын қағаз жеткізгіште алу үшін МФҚБК аумақтық департаментіне, Агенттікке, Агенттіктің аумақтық департаменттеріне жүгінген жағдайда, сертификат электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен расталады және уәкілетті басшысының қолы қойылады.
1.Бiлiктiлiк санаты берілетін маман сертификатын бере отырып, бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу кезінде мыналар ескеріледі:
1)мамандарға бейінді мамандықтар бойынша біліктілігін арттырудан өтуге рұқсат етіледі, бұл ретте өтініш берілген мамандық бойынша біліктілігін арттыру сағаттарының саны жалпы көлемнің 50 %-нан кем болмауы тиіс;
2)егер маман өтініш берілген мамандық бойынша соңғы екі жыл ішінде екі немесе одан да көп денсаулық сақтау ұйымында жұмыс істесе, онда есепті осы ұйымдардың басшылары жеке-жеке бекітеді;
мамандығы бойынша еңбек қызметінде 12 айдан артық уақыт үзіліс болған жағдайда біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын алу және есеп беру үшін мамандар бір жыл жұмыс істейді; 
мамандығы бойынша еңбек қызметінде 12 айдан кем уақыт үзіліс болған жағдайда маман өндірістік қызметтің екі жылын құрайтын жиынтықта үзіліске дейін және үзілістен кейін жұмыс істеген кезеңі үшін есеп береді; 
баласының күтімі бойынша үш жылдан артық уақыт демалыста болған жағдайда маман бір жыл жұмыс істеуі тиіс, есеп үзіліске дейін және үзілістен кейін жұмыс істеген кезеңі үшін жиынтықта беріледі;
денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметке ауысумен байланысты маманның клиникалық қызметінде үзіліс болған жағдайда негізгі мамандығы бойынша жұмыс өтіліне мемлекеттік қызметте болған уақыты да қосылады;
1)денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылар болып табылатын тұлғаларға мамандығының бейіні бойынша жұмыс өтіліне оның тәуелсіз сарапшы ретінде аккредиттелген сәтінен бастап сараптамалық қызметінің өтілі қосылады;
2)денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметшілер болып табылатын, денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік одақтарда (бірлестіктерде) жұмыс істейтін, «қоғамдық денсаулық сақтау/әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша санат алуға үміткер тұлғалардың жұмыс өтіліне денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі, денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік одақтардағы жұмыс өтілі де есептеледі;
3) «мейіргер ісі» мамандығы бойынша біліктілік санаты берілетін маман сертификатын алуға үміткер тұлғалардың осы мамандық бойынша жұмыс өтіліне фельдшер және акушер лауазымындағы еңбек қызметі де есептеледі; 
4) «жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша біліктілік санаты берілетін маман сертификатын алуға үміткер тұлғалардың осы мамандық бойынша жұмыс өтіліне терапевт, жасөспірімдер терапевті, педиатр лауазымындағы еңбек қызметі есептеледі;
5)«терапия» және «педиатрия» мамандықтары бойынша біліктілік санаты берілетін маман сертификатын алуға үміткер тұлғалардың осы мамандық бойынша жұмыс өтіліне жалпы практика дәрігері лауазымындағы еңбек қызметі есептеледі;
6)жалпы практика дәрігері лауазымына кіріскен тұлғаларға «терапия (жасөспірімдер терапиясы)», «педиатрия» мамандығы бойынша қолданыстағы біліктілік санаты оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
1.Бірінші, жоғары санат берілген тиісті мамандық бойынша маман сертификатының қолданысы өтінілген мамандық бойынша қатарынан үш рет бірінші, жоғары санат алған тұлғалар үшін мерзімсіз болып табылады.
Тиісті біліктілік санаты берілетін мерзімсіз (тұрақты мерзімге) маман сертификатын алу үшін мамандар МФҚБК аумақтық департаменттеріне, Агенттікке, Агенттіктің аумақтық департаменттеріне мынадай құжаттарды ұсынады:
1)осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2)соңғы 5 жыл ішінде жалпы көлемде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес СБ (негізгі және қосымша) қайта есептеу жүйесі бойынша үздіксіз кәсіптік дамуға септігін тигізетін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттар және өтінім берілген мамандық бойынша үш маман сертификатының болуы бөлігінде осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны:
бірінші санатты мамандар үшін:
жоғары медициналық білімі бар мамандарға – 254 СБ, орта медициналық білімі бар мамандарға – 240 СБ;
жоғары санатты мамандар үшін:
жоғары медициналық білімі бар мамандарға – 270 СБ, орта медициналық білімі бар мамандарға – 254 СБ.
Маманның мерзімсіз сертификаты медициналық ұйымның кадр қызметінде осы тармақтың 2-тармақшада көрсетілген көлемінде әрбір келесі 5 жыл сайын үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысқанын растайтын құжат болған кезде жарамды.
Порталда:
1)үміткердің ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2)СБ (негізгі және қосымша) қайта есептеу жүйесі бойынша үздіксіз кәсіптік дамуға септігін тигізетін іс–шараларға қатысуды растайтын құжаттар және өтінім берілген мамандық бойынша үш маман сертификатының болуы бөлігінде осы Қағидағаларға 13-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны. 
1.Маманның жоғарғы немесе бірінші санат берілетін мерзімсіз маман сертификатын алуы үшін қатарынан берілген санаттар арасындағы үзіліс бір жылдан аспауы тиіс.
Бірінші, жоғары санат берілетін мерзімсіз маман сертификаты қолданыстағы маман сертификатының мерзімі аяқталуына алты ай қалғанда, одан ерте емес, бірақ қоса берілген растайтын құжаттардың негізінде сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 1 жылдан кешіктірмей беріледі.
4. Апелляциялық өтінішті қарау тәртібі 
1.   Міндетті біліктілік емтиханның нәтижесімен келіспеген үміткер нәтижесін МФҚБК аумақтық департаменттерінің апелляциялық комиссиясына, ерікті біліктілік емтиханның нәтижесін – МФҚБК немесе Агенттікке және оның аумақтық департаменттерінің апелляциялық комиссиясына шағымдана алады.
2. Апелляциялық өтініш (бұдан әрі – өтініш) апелляциялық комиссия төрағасының атына келіспейтін нақты себебі негізделіп, МФҚБК аумақтық департаменттеріне, Агенттікке, Агенттіктің аумақтық департаменттеріне ұсынылады.
Міндетті біліктілік емтиханының нәтижесіне шағымдану туралы өтініш МФҚБК аумақтық департаменттерінде қаралады.
Ерікті біліктілік емтиханының нәтижесіне шағымдану туралы өтініш тиісті аумақтық департаментке беріледі және МФҚБК немесе Агенттіктің апелляциялық комиссиясымен қаралады.
1. Үміткер өтінішті міндетті немесе ерікті біліктілік емтиханының нәтижесін алған сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірмей береді.
2. МФҚБК аумақтық департаменттері, Агенттіктің аумақтық департаменттері өтінішті барлық қажетті құжаттарымен бірге МФҚБК аумақтық департаментінде, Агенттікте тіркелген сәттен бастап 3 күннен кешіктірмей МФҚБК, Агенттік апелляциялық комиссиясына жібереді.
3. Міндетті біліктілік емтиханының нәтижесін қарау үшін апелляциялық комиссия құрамы тиісті МФҚБК аумақтық департаменттері қызметкерлерінен, ерікті біліктілік емтиханының нәтижесін қарау үшін апелляциялық комиссия құрамы МФҚБК не Агенттік, Агенттіктің аумақтық департаменттерінің қызметкерлерінен құрылады.
4. Апелляциялық комиссияның дербес құрамын жыл сайын МФҚБК немесе Агенттіктің төрағасы, МФҚБК немесе Агенттіктің тиісті аумақтық департаментінің басшысы бекітеді.
5. Апелляциялық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды, бірақ 7 адамнан кем болмауы тиіс.
6. Апелляциялық комиссия өтініш МФҚБК аумақтық департаменттерінің, Агенттіктің және оның аумақтық департаменттерінің кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде өтінішті қарау жөнінде отырыс өткізеді.
Апелляциялық өтініштерді қарау кезінде (қажет болған жағдайда) аккредиттелген тәуелсіз сарапшылар тартылады. Сараптаманы жүргізуге тәуелсіз сарапшыларды тарту «Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1304 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
1. Егер отырысқа оның құрамының кемiнде үштен екi мүшесi қатысса, апелляциялық комиссия шешімі заңды болып есептеледі. Дауыс беру нәтижелерi комиссия мүшелерiнiң басым дауыстарымен анықталады. Дауыстар саны тең болған жағдайда апелляциялық комиссия төрағасының дауысы шешушi болып есептеледі.
2. Апелляциялық комиссия шешімі осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама түрінде рәсімделеді және апелляциялық комиссияның барлық мүшесі қол қояды.
3. Үміткерге апелляциялық өтінішті қарау нәтижесі туралы МФҚБК, Агенттіктің және оның аумақтық департаменттерінің кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарлайды.
4. Біліктілік емтихандарын өткізу кезінде туындаған даулар тиісті МФҚБК аумақтық департаменттері, Агенттік, Агенттіктің аумақтық департаменттері не сот тәртібімен қаралады. 
5.  
Денсаулық сақтау
саласында
бiлiктiлiк
емтихандарын
өткiзу қағидаларына
1-қосымша
нысан
Клиникалық практикаға жіберу үшін біліктілік санаты берілмейтін маман сертификаты
____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
____________________________________________________________________
(номенклатура бойынша мамандық)
мамандығы бойынша біліктілік санаты берілмейтін маман сертификатын алды.
Оны беру туралы шешiм шығарған мемлекеттiк орган басшысының 20_____ жылғы «___»_____________ № _____ бұйрығы
 Сертификат 20 ____ жылғы « ___» ____________ дейiн жарамды 
Тiркеу № ___________
Берiлген күнi 20__ жылғы «__»____________
Денсаулық сақтау
саласында
бiлiктiлiк
емтихандарын
өткiзу қағидаларына
2-қосымша
нысан
Тиісті біліктілік санаты берілетін маман сертификаты
___________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
____________________________________________________________________
(номенклатура бойынша мамандық)
мамандығы бойынша ___________________________ бiлiктiлiк санаты беріліп, осы маман сертификатын алды.
Сертификатты беру туралы шешiм шығарған мемлекеттiк орган басшысының 20__ жылғы «__» _____________ № _____ бұйрығы
Сертификат _________________________________ мерзімге жарамды
(5 жыл немесе тұрақты деп көрсету)
Тiркеу № ________________
Берiлген күнi 20__ жылғы «__»_____________
____________________________________