• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің Республикалық ақпараттық-техникалық орталығын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, ақпараттама және жағдайлық талдау жөніндегі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны етіп қайта құру туралы
Внимание! Документ утратил силу с 28.10.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Республикалық ақпараттық-техникалық орталығын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, ақпараттама және жағдайлық талдау жөнiндегi республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны етiп қайта құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 қыркүйектегі № 1390 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.10.2015 жылғы № 850 Қаулысына сәйкес
Редакция 04.12.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат) сәйкес және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi органдарының құрылымын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Республикалық ақпараттық-техникалық орталығы қолданылып отырған қаржыландыру тәртiбiн 1997 жылдың аяғына дейiн сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, ақпараттама және жағдайлық талдау жөнiндегi республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта құрылсын. 
2. Мемлекеттiк басқарудың өкiлеттi органы, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi қызметiн атқаратын орган болып Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленсiн. 
3. Кәсiпорынның негiзгi мiндеттерi болып мыналар белгiленсiн:  
төтенше және авариялық жағдайлар саласында ақпаратты жинау, өңдеу және жағдайлық талдау жөнiндегi арнаулы жұмыстарды орындау, табиғи және техногендiк сипаттағы талдамалық және ретроспективтiк шолуларды әзiрлеу;  
төтенше жағдайлар бойынша республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiн құру және дамыту;  
төтенше жағдайлар саласында мемлекеттiк есеп жүргiзу;  
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жүйесiне есептеу және басқа да ақпарат құралдарын монтаждау, iске қосу жұмыстарымен және жүйелiк-техникалық қызмет көрсету. 
4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр апта мерзiмде Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн және оның белгiленген тәртiппен тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 
5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп, заңда белгiленген тәртiппен тiркелгеннен кейiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысымен  бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн. 
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.12.2006. № 1164 қаулысымен. (30.09.1997 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң мiндетiн атқарушы