Toggle Dropdown
4
Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу, оларды тапсыру және куәліктер беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6103 болып енгізілді
Toggle Dropdown
Редакция 15.01.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы және "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз);
Toggle Dropdown
Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу, оларды тапсыру және куәліктер беру ережесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуін, сондай-ақ осы Ережеде көзделген қызметтік құжаттаманы дайындауды қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастырсын.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаменті (С.К.Көкебаев) ішкі істер органдарының байланыс арналары бойынша көлік құралдары мен жүргізушілер куәлігіне ақпарат және мәліметтер алмасу мүмкіндігін қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Қ.С.Тыныбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары А.Ж.Күреңбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне (Қ.С.Тыныбеков) жүктелсін.
Toggle Dropdown
7. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр С. Баймағанбетов
Toggle Dropdown
3
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2010 жылғы 26 ақпандағы
№ 90 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2010 жылғы 26 ақпандағы
№ 90 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу және куәліктер беру ережесі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу, оларды тапсыру және куәліктер беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды емтихандарға жіберу, оларды тапсыру және көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәліктерін беру тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Барлық көлiк құралдары олардың типіне, қажеттігіне және оларды басқару ерекшелiгiне орай "А", "В", "С", "Д", "E", трамвай, троллейбус санаттарына бөлiнедi, оларды басқару құқығына тиiстi бағандарда рұқсат ету белгiсi соғылған бiрыңғай жүргiзушi куәлiгі (бұдан әрі - санаттағы куәлiк) берiледi.
Toggle Dropdown
1
3. "А", "В", "С", "Д" және "E" бағандарында рұқсат ету белгiсi бар жүргiзушi куәлігiне ие адамдар:
Toggle Dropdown
"А" - мотоциклдерді, мотороллерлердi және басқа да мотокөлiк құралдарын;
Toggle Dropdown
"В" - толық салмағы 3500 кг аспайтын және жүргiзушiнің орнынан басқа отыратын орындар саны сегiзден аспайтын автомобильдердi;
Toggle Dropdown
"С" - толық салмағы 3500 кг асатын жүк автомобильдерiн;
Toggle Dropdown
"Д" - жолаушылар тасымалдауға арналған және жүргiзушiнің орнынан басқа сегiз орындықтан артық орны бар автомобильдердi;
Toggle Dropdown
"Е" - "В", "С" немесе "Д" санатындағы көлiк құралдарына жататын және жүргiзушiнің оларды басқару құқығы бар тiркемелi көлiк құралдарын басқара алады.
Toggle Dropdown
Трамвайдың жүргiзушiсiне тек қана трамвайды, троллейбустың жүргiзушiсiне тек қана троллейбусты жүргiзуге рұқсат етiледi.
Toggle Dropdown
Жолаушылар тасымалдауға арналған автомобильдерге мыналар:
Toggle Dropdown
- барлық кластағы автобустар және адамдар тасымалдау үшiн қайта жабдықталған және жасаушы зауыт жағдайларында сериялық тәртiппен жасалған тиiстi сыйымдылықтағы автофургондар, сондай-ақ жүргiзушiнің орнынан басқа сегіз орындықтан артық орны бар жүк автомобильдерi жатады. "В", "С" немесе "Д" санатындағы көлiк құралдарының жүргiзушiлерiне оларды толық салмағы 750 кг аспайтын тiркеме болғанда да басқару құқығы берiледi. Толық салмағы 750 кг асатын тiркемелері бар "С" және "Д" санатындағы көлiк құралдарын, сондай-ақ ұзартылған автобустарды, троллейбустарды басқару үшін жүргiзушi куәлiгiнде "E" санатына рұқсат етiлген белгi болуы қажет.
Toggle Dropdown
4. Емтихандар қабылдауды, азаматтарға жүргізуші куәліктерін және «А», «В», «С», «Д», «E» санатындағы көлік құралдарын, сондай-ақ трамвайларды, троллейбустарды басқаруға жүргізушілерге рұқсаттар беруді Қазақстан Республикасы ІІМ жол полициясының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі – ТЕБ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1671 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
5. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
жүргізуші куәлігі – уәкілетті мемлекеттік орган жүргізушіде қажетті білім мен дағдылардың бар-жоғын тексергеннен кейін берген көлік құралын басқару құқығын растайтын құжат;
Toggle Dropdown
емтихан пункті – заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жатқызылған, көлік құралдарын басқаруға жіберу бойынша заңдық рәсімдерді жүзеге асыратын ІІО бөлімшелері;
Toggle Dropdown
емтихан комиссиясы – көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау бағдарламалары бойынша көлік құралын басқару құқығын алу кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережесін (бұдан әрі – ЖҚЕ) білуіне емтихандарды ұйымдастыру және өткізу үшін аумақтық ішкі істер органының бұйрығымен бекітілген комиссия.
Toggle Dropdown
оқу ұйымы – көлік құралдарының жүргізушілерін даярлаумен және қайта даярлаумен айналысатын ұйым.
Toggle Dropdown
6. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлауды және қайта даярлауды меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
7. Осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау бойынша оқу курстарын бітіру туралы куәлік" жүргізушілердің даярлықтан және қайта даярлықтан өткенін растайтын құжат болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Көлiк құралдарын басқару құқығын алу тәртiбi
Toggle Dropdown
8. Емтиханға:
Toggle Dropdown
1) «А», «В», «С», «Д», «E» санатындағы көлік құралдарын, трамвайларды, троллейбустарды басқару құқығын алуға ниет білдірген, оқу ұйымдарында толық даярлық курсынан, ал оқу басталғанға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) сәйкес № 083/е нысан бойынша анықтама (бұдан әрі – 083-у нысаны бойынша медициналық анықтама) ұсына отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 709 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5898 болып тіркелген) сәйкес медициналық куәландырудан өткен адамдар;
Toggle Dropdown
2) "А" және "В" санатындағы көлік құралдарын басқару құқығына куәлік алу үшін тиісті бағдарламалардың көлемінде өз бетінше дайындалған және көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау және қайта даярлау жөніндегі ұйымдар жоқ жерлерде тұратын адамдар;
Toggle Dropdown
3) дипломның көшірмесін, семестрлық және емтихан ведомостерінен үзінділерді, дипломға қосымшаларды ұсынған және ТЕБ-те сұрақтар қойылған санаттар бойынша теориялық және практикалық емтихан тапсырған жағдайда "А" және "В" санаттарына жататын көлік құралдарын басқару құқығын беру үшін автомобиль-трактор мамандығы бойынша жоғары және арнайы орта оқу орындарын бітірген адамдар жіберіледі.
Toggle Dropdown
9. Көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін ТЕБ-те емтихан тапсыруға, көлік құралдарын басқару құқығына куәлік алуға тұрақты тұратын жері, растайтын құжаттар бар болған жағдайда 6 айдан астам мерзімде уақытша тұратын жері бойынша тіркелген адамдар, сондай-ақ келген жері бойынша ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдік азаматтар жіберіледі.
Toggle Dropdown
Барлық әскер түрлерiнiң мерзімді қызмет әскери қызметшiлерi емтихандарға әскери бөлiмдердің орналасқан жері бойынша жiберiледi.
Toggle Dropdown
10. "А", "В", "С", "Д" санаттарына жататын көлiк құралдарын басқару құқығына арналған жүргiзушi куәлiгi ТЕБ-де теориялық және практикалық емтихан, "Е" санатына – практикалық емтихан, ал трамвай немесе троллейбусты басқару құқығына - теориялық емтихан тапсырған адамдарға беріледі.
Toggle Dropdown
Теориялық емтихан кезінде ЖҚЕ-ні білуі, алғашқы медициналық көмек көрсете білуі тексерiледi. Көлік құралдарын жүргізу дағдылары бойынша практикалық емтихан теориялық емтиханды табысты тапсырғаннан кейін екі кезеңде: біріншісі - автодромда, екіншісі - елді мекеннің көше-жол торабында өткізіледі.
Toggle Dropdown
1
11. Көлiк құралдарын басқару құқығы мыналарға берiлуi мүмкiн:
Toggle Dropdown
- он алты жасқа толғандарға - мотоциклдерді, мотороллерлерді және басқа да мотокөлiк құралдарын жүргiзуге ("А" санаты);
Toggle Dropdown
- он сегiз жасқа толғандарға: