• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 12.03.2014 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 8

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы N 1710 Қаулысы

Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.09.2012 жылғы № 1153 Қаулысымен (04.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.10.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 25.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 229 Қаулысына сәйкес
Редакция 20.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.03.2011 жылғы № 231 Қаулысымен (29.10.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілсін:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.03.2011 жылғы № 231 Қаулысымен (29.10.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.05.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.09.2012 жылғы № 1153 Қаулысымен (04.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.10.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) "Өздігімен жүретін шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiк беру";
2) "Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде ішкі суда жүзу кемелерін және «өзен-теңіз» жүзу кемелерiн мемлекеттiк тiркеу";
3) "Жалға алынған шетел кемелерi тiзiлiмiнде жалға алынған ішкі суда жүзу кемелерін және «өзен-теңіз» жүзу кемелерiн мемлекеттiк тiркеу";
4) "Шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркеу";
5) «Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу (қайта тіркеу) және Мемлекеттік темір жол жылжымалы құрамы тізілімінен шығару»;
5-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.05.2013 жылғы № 507 Қаулысымен (05.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 19.06.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
6) "Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 29 қазандағы
N 1710 қаулысымен
бекітілген
  • 2
"Өздігімен жүретін шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiк беру" мемлекеттiк қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.09.2012 жылғы № 1153 Қаулысымен (04.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.10.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. «Өздігімен жүретін шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiк беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары»  республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – уәкілетті орган) баламасыз негiзде осы стандартқа 1 және  2-қосымшалар көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетедi.
2. Көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 17-бабының 19) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 маусымдағы № 715 қаулысымен бекітілген Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасына (бұдан әрi – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtс.gov.kz («Көлiктiк бақылау комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);
2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.
5. Көрсетілген мемлекеттiк қызметтің нәтижесі өздігімен жүретін шағын өлшемдi кемелердi басқару құқығына куәлiк беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері:
1) аудандық ХҚО бөлімшесіне өтініш берген кезде Қағидада көзделген емтиханды тапсырған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде (құжаттарды  уәкілетті органға жеткізу 2 күн және орындалған құжаттарды ХҚО 2 күнде жеткізу мерзімі мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзіміне кірмейді);
2) ХҚО облыстық филиалына өтініш берген кезде Қағидада көзделген емтиханды тапсырған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзіміне кірмейді);
3) құжаттарды тапсыру кезіндегі кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
4) өздігімен жүретін шағын өлшемдi кемелердi басқару құқығына куәлiкті алу кезінде кезекте күтудың рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн болып табылады.
9. ХҚО-да мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 09.00 бастап 20.00 сағатқа дейін, күн сайын, дүйсенбіден бастап сенбі аралығында көрсетіледі.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Веб-порталдың жұмыс кестесі: тәулік бойы. 
10. Мемлекеттік қызмет дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандуспен, күту залы және толтыруға арналған құжат үлгілерінің стенділерімен жабдықталған мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықта жері бойынша ХҚО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
  • 1
11. Мемлекеттiк қызметті алу үшiн мемлекеттiк қызметті алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру бойынша мемлекеттік қызметті алуға өтініш;
2) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынумен дипломның (куәліктің) көшірмесі не кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның (куәліктің) нотариалды куәландырылған көшірмесі не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарын бітіргені туралы анықтама;
3) мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты мекенжайы бойынша денсаулық сақтау мекемелері беретін медициналық анықтама (№ 083/у нысаны);
4) 3 х 4 мөлшеріндегі екі фотосурет;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті алушы салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын ұсынады.
12. ХҚО-да белгіленген үлгідегі өтініш бланкілері күту залының арнайы бағандарында не ХҚО қызметкерінде, сондай-ақ ХҚО-ның интернет ресурсында www.con.gov.kz орналастырылады.
13. ХҚО құжаттар қабылдауды қызметкерлер «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырады. 
14. Алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде мыналарды көрсетумен тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні; 
2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;