• Мое избранное
Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 03.06.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 3 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 19.05.2022 жылғы № 317 Қаулысына сәйкес 
Редакция 08.09.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
       Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 24 қазандағы
 № 1197 қаулысымен
 бекітілген
Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен мәмілеге қатысушы арасында Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.08.2018 жылғы № 528 Қаулысына сәйкес (05.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Келісімде мынадай тармақтар көрсетіледі:
1) жалпы ережелер;
2) Келісім тараптары;
3) Келісім нысанасы;
4) ұсынылған құжаттар тізбесі;
5) нарықтық бағаны айқындау әдісі;
6) нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі;
7) Келісімнің қолданыс мерзімі;
8) Келісімнің күшіне ену күні;
9) Келісімнің қолданысы кезеңінде қолданылатын бағалар туралы ақпарат беру мерзімі;
10) құпиялылық;
11) Келісімді шарттарын салық төлеушінің орындамауының (бұзудың) салдарлары;
12) Келісімді мерзімінен бұрын бұзудың негіздерді;
13) қосымша шарттар.
2. Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу тәртібі
3. Мәмілеге қатысушы Комитетке мыналарды:
3-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.08.2018 жылғы № 528 Қаулысына сәйкес (05.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті* немесе анықтаманы, құрылтай құжаттарын (жарғы, құрылтай шарты), 5 %-дан аса акциялары (үлестері) бар акция (үлес) ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірмені;
1-тармақша өзгертілді  ҚР Үкіметінің 05.06.2013  жылғы № 574 Қаулысымен (04.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
2) бизнес-сәйкестендіру нөмірін (жеке сәйкестендіру нөмірін (жеке тұлғалар үшін);
2-тармақша өзгертілді  ҚР Үкіметінің 05.06.2013  жылғы № 574 Қаулысымен (04.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 04.07.2012 № 905 Қаулысымен (24.10.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс және 2012 жылғы 20 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
4) жеке басын куәландыратын құжат;
4-тармақша өзгертілді  ҚР Үкіметінің 05.06.2013  жылғы № 574 Қаулысымен (04.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 27.08.2018 жылғы № 528 Қаулысына сәйкес (05.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6) тауарларды өткізуге және сатып алуға келісімшарттарды (толықтыруларымен және езгерістерімен);
7) Қазақстан Республикасының құзыретті органымен және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметімен (уәкілетті органдармен) жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған (толықтыруларымен және өзгерістерімен) келісімшарттарды;
8) Қазақстан Республикасының және шет елдердің компанияларындағы инвестициялар (акциялары) туралы ақпаратты;
9) тараптардың өзара байланыстылығы туралы деректерді;
10) мәмілелер жасасу кезінде пайдаланылатын нарықтық бағалар жөніндегі ақпарат көзін;
11) нарықтық бағаны айқындау үшін ұсынылатын әдісті;
12) баға белгілеуге әсер ететін факторларға қатысты ақпаратты,  нарықтағы беделін қоса алғанда, маркетингтік саясат (тауарлық, өткізу, бағалық, сондай-ақ тауардың рыноктағы жылжу саясаты), баға белгілеу әдіснамасы енетін бизнес стратегиясын қамтитын Келісім жасасу үшін қажет құжаттардың көшірмелері қоса берілетін Келісім жасасуға өтінішті жазбаша түрде және еркін түрде тапсырады.
Осы тармақтың 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында  көрсетілген құжаттарды табыс ету мүмкін болмаған кезде мәмілеге қатысушы оларды табыс етудің мүмкін еместігі туралы жазбаша негіздеме тапсырады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.07.2012 № 905 Қаулысымен (24.10.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 20 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
4. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өзара байланысты компанияларға өткізген (сатып алған) жағдайда Келісім жасасатын мәмілеге қатысушы өзара байланысты компанияларға осы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуге (сатып алуға) байланысты құжаттарды да тапсырады.
5. Комитет мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға арналған өтінішін мәмілеге қатысушыдан көрсетілген өтінішті алған күннен бастап алпыс жұмыс күні ішінде қарайды.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.08.2018 жылғы № 528 Қаулысына сәйкес (05.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Комитет Келісімді жасасу туралы оң шешім қабылдаған жағдайда шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Комитеттің төрағасы немесе Комитет төрағасының міндеттерін орындау жүктелген лауазымды адам қол қойған Келісімді мәмілеге қатысушының атына жолдайды, ол қол қойылған күнінен бастап үш жылдан аспайтын мерзім ішінде қолданылады.
Комитеттің төрағасы немесе Комитет төрағасының міндеттерін орындау жүктелген лауазымды адам Келісімге қол қойғаннан кейін мәмілеге қатысушы Келісімге қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны Комитетке жібереді.
Келісім жасасудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда Комитет мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға арналған өтінішін қарау нәтижелері бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Келісім жасасудан бас тартудың себептерімен мәмілеге қатысушыға жазбаша жауап жібереді.
6. Комитет мәмілеге қатысушыға мынадай жағдайларда Келісім жасасудан бас тартады:
6-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.08.2018 жылғы № 528 Қаулысына сәйкес (05.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) мәмілеге қатысушы Келісім жасасу үшін қажет және осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесін табыс ету мүмкін еместігі туралы жазбаша негіздемені тапсырмаған кезде;
2) Заңның 12-бабында белгіленген дәйектілік ескеріле отырып және мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға өтінішінде көзделмеген нарықтық бағаны айқындаудың өзге әдістерін қолдану мүмкіндігі болғанда;
3) Заңның 18-бабында белгіленген дәйектілік ескеріле отырып, нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын және мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға өтінішінде көзделмеген өзге ақпарат көздерін қолдану мүмкіндігі болғанда.
7. Қажет болған кезде Комитет жасалынатын Келісімге қатысы бар құжаттарды (ақпаратты) мынадай субъектілерден:
7-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.08.2018 жылғы № 528 Қаулысына сәйкес (05.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) мемлекеттік органдардан;
2) банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан, сақтандыру брокерлерінен;
4) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларынан;
5) аудиторлардан, аудиторлық ұйымдардан;
6) басқа да ұйымдардан сұратады.
8. Комитеттің және мәмілеге қатысушының өзара келісімі бойынша Келісім көзделген қолданылу мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін, бұл ретте Келісімнің шарттары бұзылған сәтке дейін өз күшін сақтайды.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.08.2018 жылғы № 528 Қаулысына сәйкес (05.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды