• Мое избранное
Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудің кейбір мәселелері туралы
Внимание! Документ утратил силу с 23.07.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 1482 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.07.2018 жылғы № 525 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.05.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 100-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 01.12.2011 № 1420 Қаулысымен (29.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 01.12.2011 № 1420 Қаулысымен (29.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3) Орталық мемлекеттік органдарға бөлуге арналған тұрғын үйді іріктеу және бөлу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құрамы;
4) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Астана қаласының әкімі Іс-шаралар жоспарына сәйкес сатып алынған тұрғын үйлер пайдалануға берілген күнінен бастап үш күн ішінде Комиссияға осы тұрғын үй туралы (пәтерлердің, бөлмелердің санын, жалпы алаңын, қабаттылығын және басқа да сипаттамаларын көрсете отырып) ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 01.12.2011 № 1420 Қаулысымен (29.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
"Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөніндегі қолданыстағы тетіктерді іске асыру" деген бөлімде:
реттік нөмірі 4-жол мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"пайдалануға берілетін тұрғын үйдің үштен бір бөлігі (барлығы 2000 пәтер) кейіннен орталық мемлекеттік органдардың арасында бөлу және оларды мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде елордаға қоныс аударғандарға беру үшін "Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық жылжымайтын мүлік" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (бұдан әрі - "Жылжымайтын мүлік" МКК) берілетін болады.
Іс-шаралар жоспардың шеңберінде Астана қаласының әкімдігі сатып алған тұрғын үйлерді іріктеу және бөлу мәселелері бойынша ұсынысты әзірлеу мақсатында тиісті Комиссия құрылады.
Комиссия осы Жоспарға және Комиссия туралы ережеге сәйкес Астана қаласының әкімдігі ұсынған пайдалануға берілген тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) туралы материалдарды зерделеуді сол жерге барып жүзеге асырады, кейіннен оларды мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде елордаға қоныс аударғандар арасында бөлу үшін орталық мемлекеттік органдарға берілетін пәтерлердің тізбесін жасайды.
Орталық мемлекеттік органдар бойынша пәтерлер санының квотасын Премьер-Министрмен келісім бойынша Комиссия айқындайды.
Комиссия әрбір тұрғын үй (тұрғын ғимарат) бойынша пәтерлердің жалпы санына пайыздық қатынасы бойынша әрбір мемлекеттік органға бөлінетін пәтер санын айқындайды.
"Қалалық жылжымайтын мүлік" МКК-ға берілетін тұрғын үй қоныс аударған мемлекеттік қызметшілерге басым тәртіппен беріледі, олардың құқықтық режимі қызметтік тұрғын үйге теңестірілуі мүмкін, бұл ретте, орталық мемлекеттік органдардың басқа мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй тұрғын үйді жалдау шартымен берілетін болады.
Елорданы көшіруге байланысты Астана қаласына қоныс аударған және тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген (бөлме санына қажеттілікті көрсете отырып) мемлекеттік қызметшілердің тізімін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жасайды және тиісті шешім қабылдау үшін Комиссияның қарауына енгізеді.
Қоныс аударған мемлекеттік қызметшілер берілген пәтерден бас тартқан жағдайда орталық мемлекеттік орган оны қайта бөлуі мүмкін.
Тұрғын үй беруге ұсыныс жасалған (жалдау шарттарымен) мемлекеттік қызметшілердің тізімі жыл сайын орталық мемлекеттік органның тұрғын үй комиссиялары отырыстарының хаттамаларымен бекітіледі және "Қалалық жылжымайтын мүлік" МКК-ға тапсырылады.
Жалдау (жалға алу) шарттары бір жылдан аспайтын мерзімге жасалады, бұл ретте, жалдау (жалға алу) шартын бұзуға негіз болмаған жағдайда, орталық мемлекеттік орган ұсынатын тізімге сәйкес ол келесі мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Пәтер мемлекеттік қызметшінің жалдау (жалға алу) шартының талаптарын орындамауына байланысты және өзге де себептер бойынша босатылған жағдайда орталық мемлекеттік орган оны тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілердің арасында қайта бөлуі мүмкін.".
4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбаcары Ө.Е. Шекеевке жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қыркүйектегі
N 1482 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру ережесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 01.12.2011 № 1420 Қаулысымен (29.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қыркүйектегі
N 1482 қаулысымен
бекітілген
Орталық мемлекеттік органдарға бөлуге арналған тұрғын үйді іріктеу және бөлу жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Орталық мемлекеттік органдарға бөлуге арналған тұрғын үйді іріктеу және бөлу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) шеңберінде Астана қаласының әкімдігі сатып алған тұрғын үйді іріктеу және бөлу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын Іс-шаралар жоспарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері
4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады:
1) Іс-шаралар жоспары шеңберінде Астана қаласының әкімдігі сатып алған тұрғын үйді іріктеу;
2) кейіннен оларды мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде астанаға қоныс аударғандарға беру үшін орталық мемлекеттік органдардың арасында осы Ереженің 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұрғын үйді бөлу.
3. Комиссияның құқықтары
5. Комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен өз міндеттерін жүзеге асыру үшін:
орталық мемлекеттік органдар мен Астана қаласының әкімдігінен және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
Астана қаласының әкімдігі ұсынған материалдарды сол жерге барып зерделеуге, кейіннен мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде астанаға қоныс аударғандарға бөлу үшін орталық мемлекеттік органдарға берілетін пәтерлердің тізбесін жасауға;
Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттар тартуға;
Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комиссия отырыстарында орталық мемлекеттік органдардың, Астана қаласы әкімдігінің және өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға құқығы бар.
4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
6. Комиссия әрбір тұрғын үй (тұрғын ғимарат) бойынша пәтердің жалпы санының пайыздық қатынасы бойынша әрбір мемлекеттік органға бөлінетін пәтер санын айқындайды.
Бөлінген пәтерден бас тартуды мемлекеттік орган Комиссия төрағасының атына жазбаша нысанда ресімдейді. Жазбаша бас тарту алынған жағдайда аталған пәтер басқа мемлекеттік органға ұсынылады.
7. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметі үшін жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
8. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және отырыстан кейін хаттама ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
9. Комиссияның жұмыс органы Астана қаласының әкімдігі болып табылады, ол Комиссияның отырысына дейін бес күн бұрын Комиссия мүшелеріне барлық қажетті материалдарды ұсынады.
10. Комиссияның отырысы қажетіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет оның мүшелерінің үштен екісі болған кезде өткізіледі.
11. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелері санының көпшілік даусы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
12. Комиссия отырыстарын өткізудің нәтижелері бойынша хаттама жасалып, оған оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қояды.
6. Комиссияның қызметін тоқтату
13. Комиссияның қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қыркүйектегі
N 1482 қаулысымен
бекітілген
Орталық мемлекеттік органдарға бөлуге арналған тұрғын үйді іріктеу және бөлу жөніндегі комиссияның құрамы
Құрам жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 31.05.2012 № 707 Қаулысымен. (01.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
Қошанов                  - Қазақстан Республикасының Премьер-
Ерлан Жақанұлы             Министрі Кеңсесінің Басшысы, төраға
Бекетаев                 - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы          министрлігінің жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары
Ыбыраева                 - Қазақстан Республикасының Премьер-
Амангүл Құмарбекқызы       Министрі Кеңсесінің Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімінің                             меңгерушісінің орынбасары, хатшы
Ғалымова                 - Қазақстан Республикасы Білім және  Әлия Қайратқызы ғылым министрлігінің жауапты хатшысы
Шәженова                 - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Дина Мэлсқызы              даму және сауда министрлігінің жауапты хатшысы
Шолпанқұлов              - Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы         вице-министрі
Зейнелғабдин             - Республикалық бюджеттің атқарылуын
Алтай Болтайханұлы         бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісім бойынша)
Көмекбаев                - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Әли Амантайұлы             қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Тихонюк                  - Қазақстан Республикасы Құрылыс және Николай Петрович           тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының                             орынбасары (келісім бойынша)
Мейірбеков               - Қазақстан Республикасының Премьер-
Бердібек Қуанұлы           Министрі Кеңсесінің Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімінің                             меңгерушісі
Хорошун                  - Астана қаласы әкімінің бірінші
Сергей Михайлович          орынбасары
Испанов                  - Қазақстан Республикасы Бас
Ілияс Сапарбекұлы          прокуратурасы Экономика және қаржы департаментінің бастығы (келісім                             бойынша)
Шекенов                  - «Астана қаласының Тұрғын үй
Мирас Ерғалиұлы            басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы
«Қалалық жылжымайтын мүлік» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының                             директоры
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қыркүйектегі
N 1482 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгі шарты Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 01.12.2011 № 1420 Қаулысымен (29.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)