• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 02.08.2016 г

Отправить по почте

Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 66 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5670 болып енгізілді.

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 2 тамыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 144 Қаулысына сәйкес
Редакция 17.03.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық бекітілсін. 
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. 
3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов): 
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін. 
4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрайым                                         Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2009 жылғы
27 наурыздағы N 66 қаулысымен
бекітілді
Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық
Осы Ислам банктеріне арналған нормативтік мәндер және пруденциялық нормативтерді есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) ислам банктеріне (бұдан әрi – банктер) арналған пруденциялық нормативтерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгiлейдi. Нормативтiк мәндер үтірден кейін үш таңбалы санмен көрсетіледі.
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2012 жылғы № 172 Қаулысымен (31.01.2011 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 жылғы № 97 Қаулысымен (06.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
Кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 жылғы № 242 Қаулысымен (21.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (01.01.2015 жылдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес (25.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Пруденциялық нормативтердің құрамына мыналар кіреді:
банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері;
меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті;
бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері;
өтімділік коэффициенті;
ашық валюталық позиция лимиттері;
банктің негізгі қаражатқа және басқа қаржылық емес активтерге инвестицияларының ең жоғарғы мөлшерінің коэффициенті;
банктерді Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру;
банк қаражатының бөліктерін ішкі активтерге орналастыру коэффициенті.
Банктерге және олардың еншілес ұйымдарына арналған, шоғырландырылған қаржылық есептілік негізінде есептелетін пруденциялық нормативтердің нормативтiк мәндерi мен есептеу әдiстемесiн қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілейді.
1. Банктің жарғылық капиталының ең аз мөлшері
1-тарау жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 383 Қаулысымен (28.04.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Жаңадан құрылатын банк үшін жарғылық және меншікті капиталдың ең аз мөлшері Нұсқаулықтың осы тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде белгіленеді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.03.2016 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (29.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Шетел валютасындағы халықаралық шкала бойынша Standard & Poors рейтингтік агенттігі берген ең төменгі ұзақмерзімді кредиттік рейтингі «А»-дан төмен емес немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес банкінің еншілес ұйымы болып табылатын жаңадан құрылатын банк үшін жарғылық және меншікті капиталдың ең аз мөлшері 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде белгіленеді.
1-1. Басқа исламдық банктер үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде белгіленеді.
1-тарау 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.03.2016 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Банк акционерлерден меншікті акцияларды, егер сатып алу уәкілетті орган белгілеген кез келген пруденциялық нормативтерді және басқа да сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді бұзуға алып келмейтін жағдайда ғана сатып алады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 06.05.2014 жылғы № 79 Қаулысымен (25.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.06.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес (25.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2012 жылғы № 172 Қаулысымен (31.01.2011 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Меншікті капитал жеке тұлғалардың теңгедегі және шетел валютасындағы депозиттерінің сомасы мен бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес 5,5-ке көбейтілген меншікті капиталдың арасындағы оң айырмасын шегергендегі бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың сомасы ретінде есептеледі.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2012 жылғы № 172 Қаулысымен (31.01.2011 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 жылғы № 294 Қаулысымен (26.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 06.05.2014 жылғы № 79 Қаулысымен (25.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.06.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 жылғы № 97 Қаулысымен (06.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 жылғы № 222 Қаулысына сәйкес (17.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 56 Қаулысына сәйкес (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген меншікті капиталды есептеу мақсаттары үшін:
жеке тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттерінің сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 1 қаңтарда белгілеген теңгенің шетел валютасына қатысты ресми бағамы бойынша есептеледі; 
жеке тұлғалардың депозиттері сомасы мен бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес меншікті капиталдың арасындағы оң айырма мынадай мөлшерде енгізіледі:
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – 0 (нөл) пайыз;
2016 жылғы 1 ақпаннан бастап – 20 (жиырма) пайыз;
2016 жылғы 1 наурыздан бастап – 40 (қырық) пайыз; 
2016 жылғы 1 сәуірден бастап – 60 (алпыс) пайыз;
2016 жылғы 1 мамырдан бастап – 80 (сексен) пайыз;
2016 жылғы 1 маусымнан бастап - 100 (бір жүз) пайыз.
Нұсқаулықтың мақсаттары үшін Standard&Poor's агенттігінің ұзақмерзімді кредиттік рейтингтік бағаларымен қатар уәкілетті орган сондай-ақ Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің де (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) ұзақмерзімді кредиттік рейтингтік бағаларын таниды.
Нұсқаулықтың мақсаттары үшін мынадай ұйымдар халықаралық қаржы ұйымдарына жатады:
Азия даму банкі (the Asian Development Bank);
Африка даму банкі (the African Development Bank);
Еуропа Кеңесінің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);
Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);
Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);
Еуропа инвестициялық банкі (the European Investment Bank);
Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);
Жеке секторды дамыту жөнiндегі Ислам Корпорациясы (ICD);