«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 49) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қарашадағы N 1244 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 23.06.2015 жылғы № 475 Қаулысына сәйкес «Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 129 бұйрығын қараңыз
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 49) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының теңіздегі және ішкі су айдындарындағы мұнай операцияларымен байланысты теңіз ғылыми зерттеулерін жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 маусымдағы № 693 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 26, 219-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қарашадағы № 1244 қаулысымен бекітілген
Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасы
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.10.2012 жылғы № 1349 Қаулысымен (24.11.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.12.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Осы Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 49) тармақшасына сәйкес әзірленді және Каспий және Арал теңіздерінің қазақстандық бөлігінде теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Теңіздегі ғылыми зерттеулер жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың теңізге әсерін және олардың қоршаған ортаға салдары мен биологиялық әртүрлілігін зерттеу мақсатында жүргізіледі.
3. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді қазақстандық та, шетелдік те жеке және заңды тұлғалар, шетелдік мемлекеттік және құзыретті халықаралық ұйымдар жүзеге асыра алады.
4. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі теңіздегі ғылыми зерттеулер саласындағы құзыретті орган (бұдан әрі – құзыретті орган) болып табылады.
5. Теңізде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде мынадай теңіздегі ғылыми зерттеулер жүзеге асырылуы мүмкін:
1) экологиялық зерттеулер (мұнайдың төгілуін зерттеу, қоршаған ортаны ластаушылармен күрес жөніндегі әдістер мен технологияларды әзірлеуге байланысты зерттеулер, авариялық жағдайларды зерттеу және басқалар);
2) сулы ортаның және мұзды жағдайдың гидродинамикасын зерттеу;
3) Каспий теңізі деңгейінің тербелістерін және оның теңіздегі мұнай-газ кәсіпшілігі гидротехникалық құрылыстарына және жағадағы мұнай-газ инфрақұрылымына тигізетін әсерін зерттеу және болжамдау;
4) ғылыми-зерттеу мақсатында мұнай операциялары мен бұрғылауды жүргізудің су асты әдістерін әзірлеуге бағытталған зерттеулер;
5) теңіз аясында түрлі құрылыс материалдарының жай-күйін зерттеуге бағытталған зерттеулер;
6) су асты кәбілдері мен құбырларын төсеу жобасын (жобаларын) әзірлеудің ғылыми қамтамасыз етілуіне бағытталған зерттеулер;
7) Каспий теңізінің қазақстандық секторында жасанды аралдар, құрылыстар мен қондырғылар жасау жобасын (жобаларды) әзірлеудің ғылыми қамтамасыз етілуіне бағытталған зерттеулер;
8) гидрографикалық, геофизикалық, гидробиологиялық және геотехникалық зерттеулер;
9) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға байланысты өзге де ғылыми зерттеулер.
2. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу тәртібі
6. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүдделі тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) жұмыстарды жүргізудің басталуы жөнінде құзыретті органға мыналарды:
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.02.2014 жылғы № 49 Қаулысымен (24.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) теңізде ғылыми зерттеулер жүргізудің сипаты мен мақсаты туралы ақпаратты;
2) теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу жоспарланатын ауданның географиялық координаттарын, көрсетілген аудандарға баратын және кері қайтатын маршруттарды;
3) зерттеу жүргізетін кемелердің алғашқы келетін және түпкілікті кететін болжамды күндері, қатыстырылатын кемелер мен жүзіп жүретін құралдардың түрлері, ғылыми жабдықтарды орналастыру және шығару мерзімдерін қамтитын хабарлама жібереді.
7. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізуге мынадай жағдайларда жол берілмейді:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірсе немесе төндіруі мүмкін болса;
2) қоршаған теңіз аясын қорғау, табиғи ресурстарды сақтау, сондай-ақ теңіздердің су ресурстарын кешенді пайдалану талаптарымен үйлеспейтін болса;
3) Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған жабдықты, қондырғыларды немесе іс-қимылдарды қамтитын болса;
4) Қазақстан Республикасының теңіз акваториясының қазақстандық бөлігінде өзінің егеменді және айрықша құқықтарын жүзеге асыруда жүргізетін қызметіне кедергі келтіретін болса;
5) жасанды аралдарды, қондырғыларды және құрылыстарды салуды, қолдануды немесе пайдалануды қамтитын болса.
8. Хабарламаны алғаннан кейін құзыретті орган бес жұмыс күні ішінде оны жер қойнауын зерттеу және пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары, мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдарға жібереді.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.02.2014 жылғы № 49 Қаулысымен (24.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9. Теңіздегі ғылыми зерттеулер тапсырыс беруші (теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізуді ұйымдастырушы тұлға) бекітетін жеке жобалар бойынша өткізіледі және нәтижесі қоршаған орта және су ресурстары саласындағы уәкілетті органмен келісіледі. Қоршаған орта және су ресурстары саласындағы уәкілетті орган жобаны 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодекстің 50-бабында белгіленген мерзімдерде қарайды.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.02.2014 жылғы № 49 Қаулысымен (24.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу нәтижелері туралы есеп жер қойнауын зерттеу және пайдалану, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, қоршаған орта және су ресурстары саласындағы уәкілетті органдарға жолданады.
2-бөлім 10-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 04.02.2014 жылғы № 49 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |