Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң ережесi мен құрамын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі N 1140 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 08.09.2017 жылғы № 552 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң ережесi мен құрамы бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 шiлдедегi N 1140 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерді, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Кеңес өз қызметiн республиканың мемлекеттiк органдарымен, дiни, өзге де қоғамдық бiрлестiктерiмен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылда жүзеге асырады.
4. Кеңестiң шешімдерi ұсынымдық сипатқа ие.
2. Кеңестiң мақсаты, мiндеттерi мен функциялары
5. Кеңестің мақсаты діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру, қоғамдағы діни келісімді нығайту және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1109 Қаулысымен (12.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
1) елдегi дiни жағдайды және оның даму тенденцияларын жан-жақты және әдiл зерттеу, жинақтап қорыту және талдау;
2) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1109 Қаулысымен (12.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын республикадағы діни ахуалдың жай-күйі және Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының сақталуы туралы хабардар ету;
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1109 Қаулысымен (12.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi аймақтық кеңестер жұмысын үйлестiру;
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 15.09.2006 жылғы № 871 Қаулысымен (27.08.2004 ж. редакцияны қараңыз)
6) дiни бiрлестiктер арасындағы өзара түсiнiстiк пен төзiмдiлiктi нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консультативтiк көмек көрсету болып табылады. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1109 Қаулысымен (12.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
2) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлейді;
3) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша консультативтік жұмыс жүргізеді;
4) шет мемлекеттердің тиісті ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнатады және оны жолға қояды.
3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру және жұмыс тәртiбi
8. Кеңесті Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі басқарады.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.09.2006 жылғы № 871 Қаулысымен (27.08.2004 ж. редакцияны қараңыз) 8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.01.2012 жылғы № 86 Қаулысымен (21.05.2009 ж. редакцияны қараңыз) 8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.10.2016 жылғы № 594 Қаулысына сәйкес (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
9. Кеңестiң мәжiлiстерi жарты жылда кемiнде бiр мәрте өткiзіледi. Кеңестiң кезектен тыс мәжiлiсi Кеңес төрағасының жеке бастамасы бойынша немесе Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң өтiнiшi бойынша шақырылады.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.09.2006 жылғы № 871 Қаулысымен (27.08.2004 ж. редакцияны қараңыз)
10. Егер Кеңес мәжілісiнің жұмысына Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, ол заңды болып есептеледi. Кеңестiң шешiмдерi мәжіліске қатысып отырған Кеңес мүшелерiнің жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (18.10.2013 ж. редакцияны қараңыз)
11. Мәселелердi пысықтау, мәжiлiстердi дайындау, сараптау және талдау жұмыстарын жүргiзу үшiн Кеңес өз мүшелерi бiрiнiң жетекшiлiгiмен iс-қимыл жасайтын жұмыс топтарын құра алады.
12. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға:
12-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.09.2006 жылғы № 871 Қаулысымен (27.08.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1) мемлекеттiк органдардан, дiни ұйымдар мен жеке адамдардан Кеңес құзыретiне жататын мәселелер бойынша қажеттi ақпарат сұратуға;
2) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың Кеңес құзыретiне қатысты ақпараттық деректер банкiн пайдалануға;
3) Кеңестiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн Кеңестің отырыстарына шақыруға;
4) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын қарауға;
4-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1109 Қаулысымен (12.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) Кеңес құзыретiндегi мәселелерге қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеуге қатысуға;
6) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
4. Кеңестiң қызметiн қамтамасыз ету
13. Кеңес төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдердiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
13-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.09.2006 жылғы № 871 Қаулысымен (27.08.2004 ж. редакцияны қараңыз)
Төраға болмаған кезде оның функциялары төрағаның орынбасарына жүктеледi.
14. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
14-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.09.2006 жылғы № 871 Қаулысымен (27.08.2004 ж. редакцияны қараңыз) 14-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.01.2012 жылғы № 86 Қаулысымен (21.05.2009 ж. редакцияны қараңыз) 14-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (18.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) 14-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) 14-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.10.2016 жылғы № 594 Қаулысына сәйкес (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Кеңестің жұмыс органы Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Кеңес отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Кеңес мүшелеріне жіберілуі тиіс.
14-1. Кеңес отырысы өткізілгеннен кейін Кеңес хатшысы хаттама ресімдейді.
Ереже 14-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
14-2. Кеңес шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға қатысып отырған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Ереже 14-2-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
Кеңес мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Кеңестің есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Кеңес хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Кеңес мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Кеңес мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
14-3. Дауыс беру парақтарымен қоса, Кеңес материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
Ереже 14-3-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
15. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
15-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 15.09.2006 жылғы № 871 Қаулысымен (27.08.2004 ж. редакцияны қараңыз)
16. Кеңес Қазақстан Республикасының жетекшi конфессиялар басшылары, дiнтанушы ғалымдар, мемлекеттiк басқару органдарының қызметкерлерi және қоғамдық қайраткерлер қатарынан жасақталады. Кеңес мүшелерi өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде жүзеге асырады.
17. Кеңестiң құзыретiне қатысты қажеттi материалдарды әзiрлеу үшiн ұйымдар, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары бiлiктi мамандар тартылуы мүмкiн.
17-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.09.2006 жылғы № 871 Қаулысымен (27.08.2004 ж. редакцияны қараңыз)
18. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
18-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 15.09.2006 жылғы № 871 Қаулысымен (27.08.2004 ж. редакцияны қараңыз)
5. Кеңестiң қызметiн тоқтату тәртiбi
19. Кеңес өз қызметiн Нұсқаулыққа сәйкес тоқтатады.
19-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (18.10.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 шілдедегі N 1140 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамы
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (18.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі, төраға
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.10.2016 жылғы № 594 Қаулысына сәйкес (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.10.2016 жылғы № 594 Қаулысына сәйкес (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті құрылымдық бөлімшесінің басшысы, хатшы
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.10.2016 жылғы № 594 Қаулысына сәйкес (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті төрағасының орынбасары
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.10.2016 жылғы № 594 Қаулысына сәйкес (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Астана қаласы әкімінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі (келісім бойынша)
Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасындағы Орыс шіркеуі Митрополиттік округ басшысы, Астаналық және Қазақстандық Митрополит (келісім бойынша)
«Нұр-Мүбарак» Мысыр ислам Мәдениеті университеті» жеке мекемесінің проректоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.10.2016 жылғы № 594 Қаулысына сәйкес (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.10.2016 жылғы № 594 Қаулысына сәйкес (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтары қауымдастығының директоры (келісім бойынша)
«Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамының әлеуметтік-психологиялық пәндер кафедрасының профессоры (келісім бойынша)
«Еуропа құқығы және Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары институты» қоғамдық бірлестігінің директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының оку жұмысы жөніндегі вице-ректоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының доценті
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |