1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
Отправить по почте
Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 7 Қаулысы
Редакция 19.07.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1677 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін әрі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға жыл сайын, 30 қаңтардан кешіктірмей Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 7 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.07.2010 № 733 Қаулысымен. (15.01.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Р/с N | Іс-шаралардың атауы | Аяқтау нысаны | Орындаушылар | Орындау мерзімі | Қаржылық шығындар, мың теңге | Қаржыландыру көздері |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | Министрліктер мен ведомстволардың, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының стратегиялық даму жоспарларында гендерлік аспектілерді ескеру | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | Орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын 30 қаңтар | Талап етілмейді | - |
2. | Қазақстандағы ұлттық статистикалық жүйенің гендерлік сезімталдығын арттыру мәселелері бойынша статистикалық ақпаратты пайдаланушыларға хабардар ету | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | СА | Жыл сайын 30 қаңтар | Талап етілмейді | - |
3. | Әйелдердің еңбек, тұрғын үй және өзге де құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамаларды қолдану практикасын қорыту | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | БП (келісім бойынша) | Жыл сайын 30 қаңтар | Талап етілмейді | - |
4. | Гендерлік саясатты іске асыру мәселелерін орталық және жергілікті атқарушы органдар туралы ережелерге енгізу мүмкіндігін зерделеу | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | Орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2010 жылғы 30 қаңтар | Талап етілмейді | - |
5. | Әйелдер мен ерлерді басшылық қызметтерге және сайланбалы органдарға жылжыту кезінде гендерлік теңгерімді сақтау мақсатында әйел көшбасшылығы мектептерінің желісін дамыту ағартушылық жұмыстарды жүргізу, әйелдер бастамашылығын жандандыру жөніндегі іс-шараларды өткізу | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | ҮЕҰ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын 30 қаңтар | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты, ХЕҰ гранттары шеңберінде | Жергілікті бюджеттер, ХЕҰ гранттары |
6. | Партияларға басшылық қызметтерге және сайланбалы органдарға әйелдер мен ерлерді жылжыту кезінде гендерлік теңгерімді сақтау туралы ұсынымдар жіберу | Партияларға ұсыныстар | ӘІОДСҰК (келісім бойынша), ӘІОДСК | Жыл сайын 30 қаңтар | Талап етілмейді | - |
7. | Әйелдерді саяси жылжыту жөніндегі гендерлік бағдарланған оқыту семинарлары мен тренингтерді өткізу | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | ММ, ӘІОДСҰК (келісім бойынша), ӘІОДСК, ҮЕҰ (келісім бойынша) | Жыл сайын 30 қаңтар | 2009 жыл - 2 000 2010 жыл - 2 000 2011 жыл - 2 000 | Республикалық бюджет |
8. | Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінде кадрлық тағайындаулар процесінде гендерлік теңдікті сақтауды зерделеу | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | ЖС (келісім бойынша) | 2012 жылғы қаңтар | Талап етілмейді | - |
9. | Балалар тәрбиелейтін ата-аналарға көтермелеу жағдайларын жасауда қызмет бойынша жылжыту, жұмыс берушілерді ынталандыру мәселелерінде гендерлік теңдікке жету жөнінде ұсыныстар енгізу | Үкіметке, ӘІОДСҰК-ге ұсыныс | Еңбекмині (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2010 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | - |
10. | Гендерлік теңдік мәселелерін шешуде әлеуметтік серіктестікті дамыту | Бас, салалық, өңірлік келісімдер | Еңбекмині (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, жұмыс берушілер бірлестігі мен қызметкерлер бірлестігі (келісім бойынша) | 2009 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | - |
11. | Гендерлік аспектіні ескере отырып, еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | Еңбекмині | Жыл сайын 30 қаңтар | Талап етілмейді | - |
12. | Жаңа бастаған кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікті қолдаудың қолда бар объектілері инфрақұрылымы базасында жұмыс істеп тұрған бизнесі бар кәсіпкерлер үшін кәсіпкерлік мәселелері бойынша курстар ұйымдастыру | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын 30 қаңтар | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде | Жергілікті бюджеттер |
13. | Әйелдерді бизнеске тарту жөніндегі жұмысты жандандыру | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын 30 қаңтар | Талап етілмейді | - |
14. | Ауылдық жерлерде тұратын әйелдерді жұмыспен қамтуды дамыту | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын 30 қаңтар | Талап етілмейді | - |
15. | Ауылдық жерлерде тұратын әйелдер арасында гендерлік теңдік стратегиясының негізгі бағыттарын, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру және әйелдерге құқықтық қолдау көрсету жөнінде ақпараттық-ағартушылық жұмыстар жүргізу | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, АШМ, БАМ, ӘІОДСҰК (келісім бойынша) | Жыл сайын 30 қаңтар | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде | Жергілікті бюджеттер |
16. | Мыналар: агроөнеркәсіптік кешен кәсіпкер әйелдерінің қызметіне мониторинг жүргізу үшін статистикалық есеп беру нысанын әзірлеу; халықты бейресми жұмыспен қамту жөніндегі статистикалық көрсеткішке гендерлік аспектіні енгізу бойынша ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс | СА (жинақтау),АШМ, Еңбекмині | 2009 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | - |
17. | ҮЕҰ-мен бизнес құрылымдардың отбасылық бизнесті тарату және дамыту, "үйде істейтін" жұмыс орындары желілерін құру жөнінде іс-қимылын қамтамасыз ету | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ӘКК, ҮЕҰ (келісім бойынша) | Жыл сайын 30 қаңтар | Талап етілмейді | - |
18. | Жалпы білім беретін мектептердің, республикалық білім беру ұйымдарының басшыларын және педагогтарын, жоғары оку орындарының оқытушыларын гендерлік саясат мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курстарында оқытуды жалғастыру | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | БҒМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2010-2012 жылдардағы қаңтар | Талап етілмейді | - |
19. | Жоғары оқу орындарының әкімшілік-басқару персоналында әйелдер өкілдіктерін ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыру | ӘІОДСҰК-ге ұсыныстар | БҒМ | Жыл сайын 30 қаңтар | Талап етілмейді | - |
20. | Білім беру жүйесіне гендерлік білімді енгізу мәселелері бойынша социологиялық зерттеулер жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізу | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | БҒМ (жинақтау), ММ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2011 жылғы қаңтар | Талап етілмейді | - |
21. | Негізгі, жалпы орта білім беру пәндері стандарттарының мазмұнына гендерлік қамтуды енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау | ӘІОДСҰК-ге ұсыныстар | БҒМ | 2012 жылғы қаңтар | Талап етілмейді | - |
22. | "Гендерлік білім беру" ақпараттық бюллетеньдерін басып шығару мүмкіндігін зерделеу | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | БҒМ | 2009 жылғы наурыз | Талап етілмейді | - |
23. | Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында сенім телефоны қызметін ұйымдастыру | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2010-2012 жылдардағы қаңтар | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде | Жергілікті бюджеттер |
24. | Ерлердің өмірлерінің ұзақтығына зиянды өндірістік факторлардың әсерін азайту жөнінде ұсыныстар енгізу | Үкіметке ұсыныс | Еңбекмині | 2009 жылғы шілде | Талап етілмейді | - |
25. | Мыналар: халықтың өз денсаулығын және болашақ ұрпақ денсаулығын сақтау жөніндегі жауапкершілігін арттыру; репродукциялық құқық және олардың жүзеге асырылуына кепілдік; қазіргі заманғы контрацепсия құралдары туралы; қауіпсіз ана болу және көкірекпен емізу, тамақтандыру; психоактивті заттарды қолданудың зияндылығы; халықтың денсаулығын қолайсыз экологиялық факторлардың әсерінен қорғау мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық жұмыс жүргізу | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын 30 қаңтар | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде | Жергілікті бюджеттер |
26. | Халықтың репродуктивті денсаулығын нығайту мәселесі бойынша мульти-индикаторлық кластерлік тексерудің қорытындыларын шығару | Үкіметке есеп | СА (жинақтау), ДСМ, Тағам институты (келісім бойынша) | 2011 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | - |
27. | Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық бойынша модульдік тексеру жүргізу | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | СА (жинақтау), ӘІОДСҰК (келісім бойынша), ІІМ, БП (келісім бойынша) | 2011 жылғы қаңтар | Талап етілмейді | - |
28. | Зорлық-зомбылық пен трафикті болдырмау проблемалары бойынша ақпараттық-насихат және оқыту жұмыстарын жүргізу (ЖОО-да, колледждерде, орта мектептерде, еңбек ұжымдарында) | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ІІМ, БҒМ, ДСМ, Еңбекмині | 2010-2012 жылдардағы қаңтар | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде | Жергілікті бюджеттер |
29. | ҮЕҰ-мен бірлесіп құқық қорғау органдарында, әділет және денсаулық сақтау органдарында жұмыс істейтін мамандардың гендерлік білімін өткізу | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ІІМ, БҒМ, ДСМ | Жыл сайын 30 қаңтар | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты, ХЕҰ гранттары шеңберінде | Жергілікті бюджеттер, ХЕҰ гранттары |
30. | Жәбірлеу проблемалары, зорлық-зомбылық пен нәпсілік дәмешілдік салдарын бағалау проблемалары бойынша арнайы социологиялық зерттеулер жүргізу | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ІІМ, ДСМ | 2010-2011 жылдардағы қаңтар | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты, ХЕҰ гранттары шеңберінде | Жергілікті бюджеттер, ХЕҰ гранттары |
31. | Тұрмысы қолайсыз отбасыларға құқық бұзушылықтар мен зорлық факторларын болдырмау жөнінде алдын алу жұмысын жүргізу | ӘІОДСӨК-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ІІМ, БҒМ, ДСМ | 2010-2012 жылдардағы қаңтар | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде | Жергілікті бюджеттер |
32. | Әйелдер мен балаларға, балалар порнографиясы мен трафикке қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелері бойынша "дөңгелек үстелдер" (конференциялар өткізу) | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ІІМ, БҒМ, ДСМ, ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2010-2012 жылдардағы қаңтар | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты, ХЕҰ гранттары шеңберінде | Жергілікті бюджеттер, ХЕҰ гранттары |
33. | Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі ішкі істер органдарының бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу | Үкіметке ұсыныс | ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2009 жылғы ақпан | Талап етілмейді | - |
34. | Дағдарыс орталықтарын құру және қолдау мүмкіндігін қарау | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ІІМ | 2011 жылғы қаңтар | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде | Жергілікті бюджеттер |
35. | Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жөнінде іс-шаралар өткізу | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, БҒМ, ДСМ, ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2010-2012 жылдардағы қаңтар | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде | Жергілікті бюджеттер |
36. | Неке мен отбасының рухани және өнегелі негіздерін нығайтуға ықпал ететін үздік отбасы, этникалық-мәдени дәстүрлерді жаңғырту жөнінде ұсыныстар енгізу | Үкіметке ұсыныс | ӘІОДСҰК (келісім бойынша), МАМ, БҒМ, ҚХА (келісім бойынша) | 2009 жылғы шілде | Талап етілмейді | - |
37. | Отбасы-некелік қатынастар саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу | ӘІОДСҰК - ге ұсыныстар | Әділетмині (жинақтау), ӘІОДСҰК (келісім бойынша) | 2011 жылғы қаңтар | Талап етілмейді | - |
38. | Халықаралық еңбек ұйымының "Аналарды қорғау туралы" N 103 конвенциясын ратификациялау бойынша іс-шаралар өткізу | Үкіметке ақпарат | Еңбекмині (жинақтау), Әділетмині, СІМ, ЭДСМ, ДСМ | 2011 жылғы қаңтар | Талап етілмейді | - |
39. | "Қазақстандағы заманауи неке және отбасы" республикалық конференциясын өткізу | Мемлекеттік органдарға ұсыныстар | ӘІОДСҰК (келісім бойынша) | 2009 жылғы қазан | - | ХЕҰ гранттар |
40. | Неке және отбасы дамуындағы мемлекеттік саясат және жаңа үрдістер мәселелері бойынша, оның ішінде отбасылық сәтсіздікті, әлеуметтік жетімдікті игеру бойынша сараптамалық материалдар дайындау | ПӘ-не ақпарат | ӘІОДСҰК (келісім бойынша), ММ, Еңбекмині, ІІМ, БҒМ, Әділетмині, ДСМ | Жыл сайын 30 қаңтар | Талап етілмейді | - |
41. | "Отбасы өмірінің этикасы мен психологиясы" мектеп пәнін қайта қалпына келтіру мәселесін қарастыру | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | БҒМ | 2009 жылғы шілде | Талап етілмейді | - |
42. | Мұражайларда және кітапханаларда Халықаралық отбасы күніне арналған тақырыптық көрмелер және іс-шаралар өткізу | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | ММ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2009-2011 жылдардағы мамыр | Талап етілмейді | - |
43. | Жетім балаларды және ата анасының қарауынсыз қалған балаларды асырап алу үрдісін ынталандыру бойынша ақпараттық-насихаттық шаралар қолдану | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | БАМ (жинақтау), БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2010-2012 жылдардағы қаңтар | 2009 жыл - 2 000 2010 жыл - 2 000 2011 жыл - 2 000 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде | Республикалық бюджет Жергілікті бюджет |
44. | Қазақстандық отбасы моделін және этикасын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу | Үкіметке ұсыныс | ӘІОДСҰК (келісім бойынша) (жинақтау), Әділетмині | 2009 жылғы мамыр | Талап етілмейді | - |
45. | Отбасы құндылықтарын үгіттеу бойынша билбордтар (пилон, баннер) конкурстарын өткізу және оларды халық көп болатын жерлерге шығару | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2010-2012 жылдардағы қаңтар | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде | Жергілікті бюджет |
46. | Отбасы мен балаларды әлеуметтік қамсыздандырудың жұмыс істеп тұрған мамандандырылған институттарын, отбасыларға дағдарысты жағдайлардан шығу жөнінде мамандандырылған психологиялық-педагогтік көмек қызметін дамыту | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, БҒМ, Еңбекмині, ДСМ, ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2010-2012 жылдардағы қаңтар | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде | Жергілікті бюджеттер |
47. | Халықтың ұлттық дәстүрлері мен ділін ескере отырып, отбасының жағдайы туралы социологиялық зерттеу жүргізу | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | ММ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2010-2012 жылдардағы қаңтар | 2009 жыл - 2 000 2010 жыл - 2 000 2011 жыл - 2 000 | Республикалық бюджет |
48. | "Отбасылық күнделік" "дөңгелек үстелдерін", жас отбасылар үшін "Бақытты жұп" консультациясын жүргізу | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2010-2012 жылдардағы қаңтар | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде | Жергілікті бюджеттер |
49. | Неке мен отбасының рухани негіздерін нығайтуға ықпал ететін үздік отбасылық, этникалық-мәдени дәстүрлерді жаңғырту мақсатында отбасы клубтарын ұйымдастыру және дамыту | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын 30 қаңтар | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде | Жергілікті бюджеттер |
50. | Халыққа әлеуметтік көмек көрсету институтын мыналар арқылы дамыту: әлеуметтік қызметкерлерде медицина, білім беру ұйымдарының, арнайы мекемелердің (ерекше ұстау режимі бар арнайы білім беру ұйымдары) қажеттілігін анықтау; республиканың жоғары оқу орындарында "әлеуметтік қызметкер" мамандығын құру және дамыту | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | БҒМ (жинақтау), Еңбекмині, ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері БҒМ | 2010 жылғы қаңтар | Талап етілмейді Талап етілмейді | - - |
51. | Жұмыссыздар арасынан шыққан мектепке дейінгі балаларды күту жөніндегі тәрбиешілердің көмекшілерін (сәбиді күтушіні) даярлау мүмкіндігін зерделеу | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2010-2012 жылдардағы қаңтар | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде | Жергілікті бюджеттер |
52. | Мыналарды: қоғамдағы әйелдердің рөлін және гендерлік теңдігін арттыру; әйелдерге қатысты барлық нысандағы кемсітулерді жою туралы БҰҰ конвенциясының ережелерін, Қазақстан Республикасындағы Гендерлік теңдік стратегиясын, адам құқығы бойынша халықаралық құжаттарды іске асыру; қоғамның гендерлік мәдениетін арттыру, мемлекеттік билік пен басқару органдарында ерлер мен әйелдердің тең өкілдігіне оң қатынасты қалыптастыру мәселелерін ақпараттық-насихаттық қамтамасыз етуді жүргізу | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | БАМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2010-2012 жылдардағы қаңтар | 2009 жыл - 2 000 2010 жыл - 2 000 2011 жыл - 2 000 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде | Республикалық бюджет Жергілікті бюджеттер |
53. | Гендерлік саясатты іске асыру жөнінде отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктермен және МЕҰ-мен ынтымақтастықты жалғастыру | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | ММ (жинақтау), ДСМ, БҒМ, ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2010-2012 жылдардағы қаңтар | Талап етілмейді | - |
54. | Қоғамда әйелдердің оң имиджін жасау, гендерлік теңдікті насихаттау жөнінде БАҚ арасында конкурстар өткізу | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | БАМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2010-2012 жылдардағы қаңтар | 2009 жыл - 2 000 2010 жыл - 2 000 2011 жыл - 2 000 | Республикалық бюджет |
55. | Балалар ауласы клубтары арасында отбасыларды нығайту жөніндегі жұмыстарды үздік ұйымдастырғаны үшін конкурстар ұйымдастыру | ӘІОДСҰК-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2010-2012 жылдардағы қаңтар | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты шеңберінде | Жергілікті бюджеттер |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚХА - Қазақстан халқы Ассамблеясы
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ӘІОДСК - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ММ - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия
ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйымдар
ХЕҰ - халықаралық үкіметтік емес ұйымдар
ӘКК - Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |