• Мое избранное
Микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 Қаулысы

Осы Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.08.2013 жылғы № 817 Қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 27.07.2015 жылғы № 592 Қаулысына сәйкес
Редакция 20.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.08.2013 жылғы № 817 Қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының        Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 18 шілдедегі
№ 819 қаулысымен
бекітілген
  • 2
Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру қағидалары
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2012 жылғы № 1772 Қаулысымен (30.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 09.01.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Осы Микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібін, кредиттік ресурстарды іріктеу және микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары мен кредиттік серіктестіктерге беру, сондай-ақ олардың бөлінген кредиттік ресурстарды мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізу шарттарын айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.08.2013 жылғы № 817 Қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіруші орталық атқарушы орган;
2) уәкілетті өңірлік ұйым – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлға, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйым және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар;
3) кредиттік ұйымдар (бұдан әрі – КҰ) – Қазақстан Республикасының  заңдарында белгіленген тәртіппен қызметін жүзеге асыратын микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары және кредиттік серіктестіктер;
4) микрокредиттік ұйым – (бұдан әрі – МКҰ) – микрокредит беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) микроқаржы ұйымы – (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтумен айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
6) кредиттік серіктестік (бұдан әрі – КС) – жеке және (немесе) заңды тұлғалар оған қатысушылардың кредитке және басқа қаржыға, оның ішінде банк қызметтеріне қажеттіліктерін олардың ақшаларын шоғырландыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздердің есебінен қанағаттандыру үшін құрған заңды тұлға;
7) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) өңірлік комиссия – облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органның жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
8-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.08.2013 жылғы № 817 Қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9) бағалаушы – бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар және міндетті түрде бағалау палатасының бірінің мүшесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
10) тіркеуші органдар – кепілдік мүлікке Кепіл шартын және/немесе құқық белгілейтін құжаттарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеуге уәкілетті органдар;
11) кредиттік ресурстар – қамтамасыздық және мақсатты пайдалану шарттарында кредитті пайдаланғаны үшін қарыз алушының сыйақы төлеуімен, уәкілетті өңірлік ұйым кредиттік ұйымдарға белгілі бір кезеңге беретін ақшалай қаражат;
12) кредит бойынша сыйақы ставкасы – берілген кредиттік ресурстарға кредит сомасында пайызбен көрсетіліп белгіленген төлем мөлшері;
13) МҚҰ (МКҰ) үшін соңғы қарыз алушылар – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, мүгедектер, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар;
13-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.08.2013 жылғы № 817 Қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
14) КС үшін соңғы қарыз алушылар – КС мүшелері, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, мүгедектер, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Бағдарламада басымдық белгіленген адамдардың өзге де санаттары мен оралмандар;
14-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.08.2013 жылғы № 817 Қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
15) қарыз алушы – Бағдарлама шеңберінде соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру жөніндегі конкурста жеңген кредиттік ұйым;
16) техникалық сарапшылар – кредиттік ұйымдар ұсынатын қызметтердің конкурс құжаттамасы талаптарына сәйкестігі туралы сараптау қорытындысын әзірлеуге қатысу үшін тартылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып белгіленген сараптау комиссиясы.
3. Республикалық бюджеттен облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органдарға қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында жылдық 0,01 % сыйақы ставкасымен бюджеттік кредит беріледі.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.08.2013 жылғы № 817 Қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы орган уәкілетті өңірлік ұйымды айқындайды және 5 жылдан аспайтын мерзімге кредит береді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес онымен келісім жасайды.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.08.2013 жылғы № 817 Қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Мыналар үшін:
1) қаржы агенттігі мәртебесі бар уәкілетті өңірлік ұйым үшін жылдық сыйақы ставкасы 0,01% мөлшерінде белгіленеді;
2) басқа заңды тұлғалар үшін кредит бойынша жылдық сыйақы ставкасы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитеттеген, тиісті мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістің орташа мөлшерлік ставкасы деңгейінде белгіленеді.
5. Уәкілетті өңірлік ұйым осы Қағидаларда белгіленген шарттарда КҰ-ға конкурстық негізде кредиттік ресурстар ұсынады.
6. КҰ кредит беруді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті өңірлік ұйым:
1) конкурсқа қатысатын КҰ-ға қойылатын талаптарды, оларға кредиттік ресурстар беру және соңғы қарыз алушыларға кредит беру шарттарын айқындайды;
2) өтініштерді бағалау және КҰ-ды іріктеу арқылы конкурс өткізеді;
3) КҰ-ға кредиттік ресурстарды беруді қамтамасыз етеді;
4) кредиттік ресурстардың мақсатты пайдаланылуына және олардың уақтылы өтелуіне мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.
7. КҰ ұйымдары арасында конкурс өткізбей соңғы қарыз алушыларға кредит беруді қаржы агенттігі мәртебесі бар уәкілетті өңірлік ұйымның өзі жүргізе алады.
2. Кредиттік ұйымдарға кредит беру шарттары
8. КҰ-ға кредиттік ресурстар жеделділік, қайтарымдылық, ақылылық, қамтамасыздық және мақсатты пайдалану шарттарында ұсынылады.
КҰ-ға кредит беру шарттары:
1) кейіннен соңғы қарыз алушыларға кредит беру үшін КҰ-ның айналым қаражатын толықтыруды;
2) кредиттік ресурстарды игеру мерзімі – бес айға дейін;
3) кредит беру мерзімі – бес жылдан аспайды;
4) уәкілетті өңірлік ұйымның ұсынатын кредиттері бойынша жылдық сыйақы ставкасын ол өңірлік комиссиямен келісім бойынша уәкілетті өңірлік ұйым үшін белгіленген кредиттер бойынша сыйақы ставкасына және оның кредит беруді ұйымдастырумен байланысты жоспарланған шығыстарына қарай белгілейді;
5) негізгі берешекті бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезеңді;
6) кредит және сыйақы бойынша қайтарылған қаражат сомасына пропорционал КҰ-ның кепілін алып тастауды;
7) өңірлік комиссиялардың келісімі бойынша транш түрінде кредит қаражатын бөлу мүмкіндігін көздейді.
9. Кредиттік ресурстар: