• Мое избранное
Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 28.03.2014 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 ж. 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2217.

Тақырып өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 28.02.2005 жылғы № 63-НҚ Бұйрығымен (08.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Бұйрық күшін жойды 22.06.2014 жылдан бастап ҚР Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 28.03.2014 жылғы № 64-НҚ Бұйрығына сәйкес
Редакция 20.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңы 4-бабының 3 тармағы және 13-бабының 1) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН: 
Кіріспе өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 05.02.2009 жылғы № 30-НҚ Бұйрығымен (18.04.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару Ережесі бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 28.02.2005 жылғы № 63-НҚ Бұйрығымен (08.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
2. "Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастырудың және жүргізудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің 1998 жылғы 19 тамыздағы N 03-5-НҚ бұйрығының  күші жойылды деп танылсын. (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1998 жылғы 16 қарашада N 645 тіркелген; Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 12 ақпандағы N 20-НҚ бұйрығымен; Қазақстан Республикасы  Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 186-НҚ бұйрығымен өзгертулер енгізілді). 
3. Әкімшілік жұмысы департаменті (А.Т.Шабдарбаев) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін: 
1) оны белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін; 
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізсін. 
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Б.Ә.Сағынтаевқа жүктелсін. 
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестікті
қорғау жөніндегі агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 26 ақпандағы
N 57-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесі
Тақырып өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 28.02.2005 жылғы № 63-НҚ Бұйрығымен (08.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже мәтініндегі "субъектілерін", "субъектілерінің" сөздердің алдындағы "табиғи монополия" сөздері "табиғи монополиялар" сөздерімен ауыстырылды ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 28.02.2005 жылғы № 63-НҚ Бұйрығы бойынша (08.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ереже
1. Осы Ереже "Табиғи  монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне табиғи монополия субъектілерін енгізу және шығару тәртібін белгілейді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 28.02.2005 жылғы № 63-НҚ Бұйрығымен (08.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 05.02.2009 жылғы № 30-НҚ Бұйрығымен (18.04.2008 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы Ереженің мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 28.02.2005 жылғы № 63-НҚ Бұйрығымен (08.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 16.03.2006 жылғы № 73-НҚ Бұйрығымен (28.02.2005 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 11.07.2006 жылғы № 171-НҚ Бұйрығымен (16.06.2006 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 05.02.2009 жылғы № 30-НҚ Бұйрығымен (18.04.2008 ж. редакцияны қараңыз)
табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімі (бұдан әрі - Тіркелім) - бұл республикалық және жергілікті бөлімдерден тұратын табиғи монополиялар субъектілерінің жеке атаулы тізбесі; 
табиғи монополия субъектісі - табиғи монополия жағдайында тауарлар өндірумен, жұмыс орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызмет көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға; 
табиғи монополия - қызметтердің осы түрін (тауарлардың, жұмыстардың) өндіру мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне байланысты қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) белгілі бір түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдай жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногының жай-күйі; 
табиғи монополия саласы - жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға табиғи монополия субъектісі болып танылатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногында пайда болатын қоғамдық қатынастар саласы; 
уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 
орталық уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 
аумақтық орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі.
3. Тіркелімді уәкілетті орган қалыптастырады және жүргізеді. 
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 08.12.2004 жылғы № 476-НҚ Бұйрығымен (26.02.2003 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 28.02.2005 жылғы № 63-НҚ Бұйрығымен (08.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы Ереже табиғи монополия саласына қатысты қызметті жүзеге асыратын, бірақ объектілерді тек өзінің мұқтаждығы үшін салу мен пайдалануға байланысты қызметтермен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданылмайды.
2. Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу тәртібі
6. Табиғи монополиялар саласына қатысты қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы қызметті жүзеге асыруды бастаған күнінен бастап 15 күн ішінде Табиғи монополия субъектісінің тіркеліміне енгізу туралы уәкілетті органға өтініш тапсыруға міндетті.
7. Табиғи монополия субъектісі осы Ереженің 6 тармағын орындамаған жағдайда уәкілетті орган жауапкершілікке тарту және оны Тіркелімге енгізу туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте уәкiлеттi орган осы Ереженің 11-тармағында көзделген құжаттар тiзбесiнен қажеттi құжаттарды сұратады.
7-тармақ өзгертілді өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 16.03.2006 жылғы № 73-НҚ Бұйрығымен (28.02.2005 ж. редакцияны қараңыз)
8. Тіркелімнің республикалық бөлімін орталық уәкілетті орган қалыптастырады және жүргізеді.
8-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 11.07.2006 жылғы № 171-НҚ Бұйрығымен (16.06.2006 ж. редакцияны қараңыз)
8-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 08.12.2006 жылғы № 292-НҚ Бұйрығымен (11.07.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 
8-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 20.12.2013 жылғы № 388-НҚ Бұйрығымен (05.02.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.02.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Орталық уәкілетті орган аумақтық уәкілетті органдарға табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру функцияларын табыстай алады.
Тіркелімнің республикалық бөлімі мыналарды:
1) екі және одан да көп облыс (республикалық маңызы бар қала, астана аумағында табиғи монополиялар салаларындағы қызметтердің);
2) халықаралық әуежай қызметтерін;
3) халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесіне ие теңіз порты қызметтерін жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерін қамтиды.
Ереженің осы тармағының 2) тармақшасында көзделген қызметтерді Астана және Алматы қалаларының аумақтық уәкілетті органдары реттейді.
Ереженің осы тармағының 3) тармақшасында көзделген қызметтерді Маңғыстау облысының аумақтық уәкілетті органы реттейді.
9. Тіркелімнің жергілікті бөлімдерін өз құзыреті шегінде аумақтық уәкілетті органдар қалыптастырады және жүргізеді.
9-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 11.07.2006 жылғы № 171-НҚ Бұйрығымен (16.06.2006 ж. редакцияны қараңыз)
10. Тіркелімнің республикалық бөліміне енгізуді және шығаруды орталық уәкілетті орган табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттеліп көрсетілетін тізбеге жатқызу мәніне қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногының жай-күйі туралы орталық уәкілетті органның тиісті салалық құрылымдық бөлімшесi қорытындысының негізінде жүргізеді.
10-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 11.07.2006 жылғы № 171-НҚ Бұйрығымен (16.06.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Тіркелімнің жергілікті бөліміне енгізуді және шығаруды аумақтық уәкілетті органдар орталық уәкілетті органды хабардар ете отырып, табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттеліп көрсетілетін тізбеге жатқызу мәніне қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногының жай-күйі туралы аумақтық уәкілетті органның тиісті салалық құрылымдық бөлімшесі қорытындысының негізінде жүргізеді.
11. Тіркелімге енгізу үшін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
11-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 16.03.2006 жылғы № 73-НҚ Бұйрығымен (28.02.2005 ж. редакцияны қараңыз)
11-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 08.12.2006 жылғы № 292-НҚ Бұйрығымен (11.07.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
1) кәсіпорынның бірінші басшысының Тіркелімге енгізу туралы жазбаша өтініші; 
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу туралы куәлігінің немесе заңды тұлға құрмай-ақ (жеке кәсіпкердің) мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 
3) салық төлеуші ретінде тіркелген куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 
4) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмесі; 
5) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес міндетті лицензиялауға жататын кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқы берілген лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі; 
6) заңды тұлғаның статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшірмесі; 
7) тауарларды, жұмыстарды өндіруіне және (немесе) тұтынушыларға табиғи монополия субъектісінің жағдайында қызметтерді көрсетуіне қажетті инженерлік желілер мен ғимараттардың табиғи монополия субъектісінің балансына қабылдағанын не оларды жалдағанын растайтын құжаттардың, сондай-ақ толық карта-сызбаның нотариалды куәландырылған көшірмесі; 
8) тауарларды, жұмыстарды өндірудің және (немесе) тұтынушыларға қызметтерді көрсетудің жоспарлы көлемінің есебі туралы; 
9) негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия саласына қатысты басқа қызметті жүзеге асыруы туралы; 
10) кәсіпорынның бухгалтерлік балансы; 
11) басшы, бас бухгалтер қол қойған және мөрмен расталған негізгі және негізгі емес қызмет бойынша табыстар мен шығыстарды таратып жаза отырып, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерi туралы есеп; 
12) әуежайдың халықаралық екендігін растайтын; 
13) халықаралық маңызы бар теңіз портының мәртебесін растайтын.
11-1. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсету орны бойынша Тіркелімге енгізілуге жататын шетелдік заңды тұлғаларды қоспағанда, табиғи монополия субъектісі заңды тұлға ретінде не жеке кәсіпкер ретінде тіркелу орны бойынша Тіркелімге енгізіледі.
11-1-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 18.04.2008  жылғы № 132-НҚ Бұйрығымен (08.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)
12. Осы Ереженің 11-тармағының 2)-7)-тармақтарындағы көрсетілген құжаттар қандай да болмасын өзгерген немесе толықтырылған жағдайда табиғи монополия субъектісі бұл құжаттарын нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады.
13. Тіркелімнен шығару үшін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға кәсіпорынның бірінші басшысының Тіркелімнен шығару туралы жазбаша өтінішін және табиғи монополия саласына қатысты қызметтерді (жұмыстарды) жүзеге асыруды тоқтатқандығын, растайтын құжаттарды ұсынады.
13-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 28.02.2005 жылғы № 63-НҚ Бұйрығымен (08.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
13-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 16.06.2006 жылғы № 154-НҚ Бұйрығымен (16.03.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Қажет болған жағдайда, уәкілетті орган мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органнан және (немесе) табиғи монополия субъектісінен табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті табиғи монополия субъектісінің тоқтатуын растайтын қосымша ақпарат сұрата алады.
14. Тіркелімге өзгертулер мыналардың негізінде жүргізіледі:
14-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 28.02.2005 жылғы № 63-НҚ Бұйрығымен (08.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1) Тіркелімге (Тіркелімнен) табиғи монополия субъектісін енгізу (шығару); 
2) табиғи монополиялар салаларына қатысты қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) өзгеруі; 
3) табиғи монополия субъектісінің атауы, қатысушылар құрамы, орналасқан жерінің, жарғы капиталының көлемі, ОКПО кодының өзгеруі; 
4) табиғи монополияның белгілі бір саласына қатысты рыноктың жай-күйі мен қызмет түрлерінің өзгеруіне.
15. Табиғи монополия субъектісін Тіркелімге (Тіркелімнен) енгізу (шығару) туралы шешім уәкілетті органның бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының бұйрығы түрінде ресімделеді.
16. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісін Тіркелімге (Тіркелімнен) енгізу (шығару) туралы шешім қабылдағаннан кейін он күндік мерзімде осы табиғи монополия субъектісіне хабарлауға міндетті.
3. Табиғи монополия субъектісінің қаржылық есепті және басқа қажетті ақпаратты ұсынуы
13-тарау алынып тасталды ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 16.06.2006 жылғы № 154-НҚ Бұйрығымен (16.03.2006 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тіркелімге енгізуге шағымдану тәртібі
19. Тіркелімге енгізу және (немесе) шығару туралы мәселелер жөніндегі уәкілетті органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) сот тәртібінде шағымдануы мүмкін.
19-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 28.02.2005 жылғы № 63-НҚ Бұйрығымен (08.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы ережені бұзғандығы үшін жауапкершілік
20. Осы Ережені бұзған табиғи монополия субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.