• Мое избранное
Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 шілдедегі N 598 Қаулысы

Атау өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2009 жылғы № 2305 Қаулысымен (13.07.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.01.2010 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.01.2015 жылғы № 89 Бұйрығын қараңыз
Редакция 29.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесі бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2009 жылғы № 2305 Қаулысымен (13.07.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.01.2010 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа   енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 13 шілдедегі
 598 қаулысымен
 бекітілген
Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесі
Тақырыбындағы және мәтін бойынша «веб-сайттарына» «веб-сайтына», «веб-сайттарында», «веб-сайттарының» сөздер «интернет-ресурстарына», «интернет-ресурсына», «интернет-ресурстарында», «интернет-ресурстарының», «интернет-ресурсына», «интернет-ресурстарында», «интернет-ресурстарының» сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 30.12.2009 № 2305 (13.07.2007 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру тәртібін айқындайды.
1-1. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстар, серпінді және статикалық ақпаратты қамтитындар болып бөлінеді.
Ереже 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.05.2012 жылғы № 698 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы Ережеде мынадай негізгі терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.05.2012 жылғы № 698 Қаулысымен (30.12.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) атрибут – HTML тілінің түрлеріне, алаңдарына, әдістеріне, ерекшеліктеріне және басқа да кейбір құрылымына жазылатын қосымша ақпарат;
2) балама мәтін – тек мәтінді көрсететін құрылғыларды пайдаланған кезде мәтіндік емес веб-контенттің мазмұнын және функциясын түсінуге мүмкіндік беретін мәтін;
3) веб-контент – электрондық ақпараттық ресурстың мәтіндік, мәтіндік емес немесе медиа мазмұны;
4) интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істеп тұрған электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылым;
5) серпінді ақпарат – бұл мемлекеттік органның ағымдағы қызметін көрсететін уақытша сипаттағы ақпарат (перспективалық даму, өзекті оқиғалар, басым бағыттар және басқалары);
6) статикалық ақпарат - мемлекеттік органның ішкі және сыртқы қызметін бейнелейтін, тұрақты (анықтамалық) сипатқа ие ақпарат (нормативтік құқықтық актілер, халықаралық шарттар, мемлекеттік органның құрылымы, ережесі және басқалар);
6-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2014 жылғы № 1386 Қаулысымен (29.05.2012 ж. редакцияны қараңыз)
7) тегі – интернет-ресурстың веб-бетіндегі мәтіннің көрінісін өзгертетін HTML тілінің элементі;
8) Web Content Accessibility Guidelines (WCAG.2.0) – әртүрлі пайдаланушылардың барынша қалың тобы үшін, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді веб-контентті құрудың заманауи ережелері мен қағидаттарын сипаттайтын веб-контентке қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқалық.
2. Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру тәртібі
3. Мемлекеттік органның дербес құрылымдық бөлімшелері электрондық ақпараттық ресурстар дайындайды және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыруға аппарат басшысымен, жауапты  хатшымен, жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған лауазымды тұлғамен келіседі.
4. Келісілгеннен кейін электрондық ақпараттық ресурстар оларды мемлекеттік органның интернет-ресурсына орналастыру үшін жауапты құрылымдық бөлімшеге жібереді.
5. Серпінді ақпарат жаңа ақпараттың түсу шамасына қарай, бірақ аптасына кемінде бір рет жаңартылады.
6. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарындағы статикалық ақпарат қажеттілігіне қарай жаңартылады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.05.2012 жылғы № 698 Қаулысымен (30.12.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстар: 
1) Word, Ехсеl, НТМL және басқа мәтіндік форматтарда; 
2) JPG, GІF және басқа форматтардағы графиктік файлдар түрінде беріледі.
6-1. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына электрондық ақпараттық ресурстарды орналастыру WCAG.2.0 сәйкес жүргізіледі:
Ереже 6-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.05.2012 жылғы № 698 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) безендіру мақсатында пайдаланылатын мәтіндік емес веб-контенттен басқа мәтіндік емес және медиа веб-контенттер баламалы мәтінмен сүйемелденіп, бағдарламалық кодта тиісті атрибуттармен белгіленуге тиіс;
2) веб-бетте бейнеленген, мағынасы оның түсіне байланысты болатын мәтіндік емес және мәтіндік веб-контент мағыналық жүктемесі дәл сондай баламалы мәтінді қамтуы тиіс;
3) нысанында, мөлшерінде және орналасуында мағыналық жүктеме бар веб-контент элементтері тиісті мәтіндік анықтамамен сүйемелденуі тиіс;
4) медиа веб-контент титрлермен немесе транскрипттермен сүйемелденуі тиіс;
5) егер веб-контентті оқудың дұрыс дәйектілігі оның мағынасын анықтаса, онда ол бағдарламалы түрде анықталуы тиіс;
6) үш секундтан аса автоматты түрде ойналатын аудио веб-контент үшін тоқтау, үзіліс немесе дыбысты ажырату механизмдерін беру қажет;
7) интернет-ресурста орналастырылған веб-контент пернетақта арқылы басқарылуы тиіс;
8) уақыт бойынша шектелетін бет немесе қосымша тоқтататын, икемдейтін немесе шектеу мерзімін ұзартатын механизмді қамтуы тиіс;
9) секундына үш реттен астам жарқылдауды қамтитын, автоматты түрде қозғалатын, жыпылықтайтын, айналатын веб-контентті құру ұсынылмайды, қолданылған жағдайда осы веб-контентті тоқтату жөніндегі механизмді беру қажет;
10) үлкен көлемді графикалық элементтері немесе навигациялық сілтемелері бар веб-бетте көрнекі бөлігінде веб-контенттің негізгі бөлігіне өту үшін сілтеме жасау қажет;
11) әрбір веб-бетте беттің мақсаты мен тақырыбын сипаттайтын, тиісті тегте көрсетілетін ақпаратты тақырып болуы тиіс;
12) сілтеменің мақсаты сілтеменің өз мәтінінен не сілтеме мәтіні мен оның бағдарламалы анықталған контекстінен түсінікті болуы тиіс;
13) веб-бетте негізгі қолданылатын тіл тиісті атрибуттың көмегімен бағдарламалық кодта анықталуы тиіс;
14) пайдаланушының ақпаратты енгізген кезіндегі анықталған кез келген қате мәтіндік хабарлама түрінде ұсынылуы қажет.
7. Мемлекеттік құпияларды құрайтын, жариялануы шектеулі, сондай-ақ басылымдық жариялануы Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған өзге де мәліметтер электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыруға рұқсат етілмейді.
3. Ақпараттық қамтамасыз ету
8. Мемлекеттік органның интернет-ресурстарының ақпараттық көздері: 
тиісті мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері; 
тиісті мемлекеттік органның ведомстволары; 
тиісті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері; 
тиісті мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдары; 
басқа ұйымдар берген мәліметтерді құрайды.