"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1456 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 04.09.2015 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес «Балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.03.2015 жылғы № 18-05/290 Бұйрығын қараңыз
Редакция 23.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргізу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1456 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргiзу Ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығын жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.06.2010 № 566 Қаулысымен. (31.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Балық шаруашылығын жүргiзу деп заңды және жеке тұлғалардың балық ресурстары мен басқа су жануарларын, ұтымды пайдалану, оларды қорғау, өсiмiн молайту, өсiру, аулау, қайта өңдеу және сату жолымен шаруашылық-пайдалы өнiмдi алуға бағытталған шаруашылық қызметiн жүзеге асыруы түсiнiледi.
3. Балық шаруашылығын жүргізу ережесінің сақталуын бақылауды жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.06.2010 № 566 Қаулысымен. (31.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз) 3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.08.2013 жылғы № 825 Қаулысымен (14.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Балық шаруашылығын жүргiзуге қойылатын негiзгi қағидаттар мен талаптар
4. Балық шаруашылығын жүргiзумен байланысты қатынастарды құқықтық peттeу мынадай қағидаттарға негiзделедi:
1) балық шаруашылығын экологиялық, экономикалық, ғылыми және өзге де мүдделердi оңтайлы үйлестiру негiзiнде жүргiзу;
2) балықтардың және басқа да су жануарларының түрлiк сан алуандығын сақтау, көл-тауар балық өсіру шаруашылығын жүргiзу үшiн берiлген суаттарды қоспағанда, оларды пайдаланудың ғылыми ұсынымдарға негiзделген режимiн белгiлеу;
3) балық ресурстарын пайдалану құқығын су объектiлерiн пайдалану құқығынан бөлу;
4) балық қорларын қорғау мүддесi үшiн балық шаруашылығы суаттарын басқа пайдаланушылардың құқықтарын шектеу;
5) балық ресурстарына әсерiн тигiзетiн немесе тигiзуi мүмкiн шаруашылық және өзге де қызметтiң мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өтуiнiң мiндеттiлiгi;
6) жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың суаттардың ихтиофаунасы мен оларды қоршаған ортаға келтiрген зиянын толық өтеуi.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.06.2010 № 566 Қаулысымен. (31.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Балық шаруашылығын жүргiзуге қойылатын негізгi талаптар:
1) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын биологиялық негізделген түрде және тұрақты пайдалану;
2) суаттардың өнiмдiлiгін сақтау, балықтарды және басқа да су жануарларын көбейтудiң, өрiс аудару жолдары мен олар шоғырланған жерлерiнiң оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету;
3) осы Ереженiң талаптарын сақтау;
4) балық ресурстарының өсiмiн молайту;
5) ауланған балық пен басқа да су жануарларының есебiн жүргiзу және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiлеген тәртiппен уәкiлеттi органға есеп беру;
6) балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметтi құру және оны ұстау есебiнен бекiтiлген су айдындарын және (немесе) учаскелерін және сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнiп тұрған жануарларды қоса алғанда, жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғауды қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының балық қорлары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес басқа да талаптарды орындау.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.06.2010 № 566 Қаулысымен. (31.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Балық шаруашылықтары өздерінің қызметтерінің бағыттары бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
1) балық өнеркәсібі шаруашылығы - негізгі қызметі балық ресурстарын және басқа да су жануарларын кейіннен қайта өңдеумен немесе сатумен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде алу, болып табылатын шаруашылық;
2) балық өсіру шаруашылығы - тауарлық балықты және (немесе) балық орналастыру материалын шығару мақсатында жасанды түрде жасалған су айдындарында құрылатын шаруашылық.
Балық аулау шаруашылығына уылдырық шашу-өсіру шаруашылықтары, балық питомниктері, сондай-ақ тауарлық өнімді өсіруге мамандандырылған шаруашылықтар (көл-тауар, тоғандық, судағы торлы балық шарбағы және балықтарды, азықтық организмдер мен басқа су жануарларын жасанды жолмен өсіру бойынша бейімделген басқа да шаруашылықтар нысанындағы) жатады.
Көл-тауар балық өсіру шаруашылығы (бұдан әрі - КТБӨШ) - су айдындарда шаруашылық-құны төмен балықтарды аулау, орналастыру, өсіру және кейіннен оларда балықтың бағалы түрлерін аулау есебінен ихтифаунаны толық немесе ішінара алмастыру жолымен балық шаруашылығын пайдалануды жақсартумен айналысатын шаруашылық.
6-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 14.06.2010 № 566 Қаулысымен. (31.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Балық шаруашылығын жүргiзу үшiн негiздемелер
7. Мыналар:
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.06.2010 № 566 Қаулысымен. (31.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз) 7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.08.2013 жылғы № 825 Қаулысымен (14.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
облыстық атқарушы органның балық шаруашылығы суаттарын (учаскелерiн) бекiтiп беру туралы шешiмi;
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бекіткен үлгі нысан бойынша уәкілетті орган мен су айдынын және (немесе) учаскесін пайдаланушының арасында жасалатын балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт.
8. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін пайдаланушыға бекiтiп беру заңнамада белгіленген тәртіппен өткізілетін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекiтiп беру жөнiндегi конкурсының қорытындылары негiзiнде облыстық атқарушы органның шешiмiмен жүзеге асырылады.
Су қорғау белдеулерін балық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалануға Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасына сәйкес конкурстың нәтижелері бойынша облыстың жергілікті атқарушы органы береді.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.06.2010 № 566 Қаулысымен. (31.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
9 - 11. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 14.06.2010 № 566 Қаулысымен. (31.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы суаттарын (учаскелерiн) және жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау
12. Бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін және жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғауды балық шаруашылығы субъектілері:
1) балық шаруашылығын, жануарлар дүниесі объектiлерiн қорғау режимi туралы және қорғау режимi мен жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзғаны үшiн жауаптылық туралы ақпарат беретiн аншлагтар, плакаттар орнату;
2) қорықшылық қызметiн құру және оның күзет қызметін ұйымдастыру;
3) санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын-алу) шаралар жүргiзу;
4) жергiлiктi тұрғындардың арасында жануарлар дүниесiне ұқыпты қарау идеясын насихаттау;
5) балық шаруашылығын жүргізудiң iшкi тәртiбiн белгiлеу арқылы жүзеге асырады.
12-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.06.2010 № 566 Қаулысымен. (31.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Жануарлар дүниесін пайдалану және акваөсіру
5-бөлім жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 14.06.2010 № 566 Қаулысымен. (31.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
13. Балық ресурстарын және басқа су жануарларын алу Балық аулау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
13-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.08.2013 жылғы № 825 Қаулысымен (14.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Кәсіпшілік балық аулау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін лимиттерге сәйкес жүзеге асырылады. Кәсіпшілік балық аулау үшін қолданылатын балық аулау құралы, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісілген таңбалау белгілерімен белгіленуі тиіс.
Әуесқойлық (спорттық) балық шаруашылығын ұйымдастыруды жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты бар пайдаланушылар жүзеге асырады.
Жолдамаларды әуесқойлық (спорттық) балық аулауға беру тәртібі туралы ақпарат жалпыға бірдей қол жетімді болуы тиіс.
14. Су айдындарын КТБӨШ-ға бөлу су айдыны бекітіліп берілген пайдаланушының бастамасы бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуге биологиялық негіздеме болған кезде жүзеге асырылады.
Балық шаруашылығын жүргізудің бекітілген жоспары негізінде жоспарланған дайындық жұмыстарының кешені жүргізілгеннен кейін осы су айдынын пайдалануға бекітіп берген облыстық атқарушы орган жанындағы комиссия су айдының КТБӨШ нысанында пайдалануға көшіру жөніндегі жұмыстардың аяқталғаны туралы акт жасайды.
Комиссия құрамына уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, облыстық атқарушы органның, биологиялық негіздемені әзірлеген ғылыми ұйымның, су қорын пайдалану және қорғау, сумен қамтамасыз ету, су беру саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
Балық аулау ережесі КТБШ-ға қолданылмайды.
6. Балық шаруашылығын жайластыру
6-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 14.06.2010 № 566 Қаулысымен. (31.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
15. Балық шаруашылығын ұйымдастыру - балық өсіру-мелиорациялық, қорғау және өсімін молайту іс-шаралар кешенін жүзеге асыру, абаттандыру, балық шаруашылығын жүргізу жоспарына сәйкес балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергеннен кейін пайдаланушы жүргізетін балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорын ғылыми-зерттеуді ұйымдастыру және оның деректерін нақтылау.
15-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 14.06.2010 № 566 Қаулысымен. (31.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз) 15-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.08.2013 жылғы № 825 Қаулысымен (14.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16. Балық шаруашылығын жайластыруды жүзеге асыру балық шаруашылығын жүргiзудiң мiндеттi шарты болып табылады.
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.06.2010 № 566 Қаулысымен. (31.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
17. Шаруашылықiшiлiк жайластырудың мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен материалдары бойынша әзiрленген балық шаруашылығын жүргiзу жоспарын уәкілетті органмен келiсiм бойынша балық шаруашылығы субъектісі бекiтедi және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау объектiсi болып табылады.
17-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.06.2010 № 566 Қаулысымен. (31.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
18. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 14.06.2010 № 566 Қаулысымен. (31.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
19. Балық шаруашылығын жүргізу жоспары:
1) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының және олардың өмiр сүру ортасының жай-күйiн бағалауды қамтамасыз етудi, сондай-ақ қырылу қаупі жоқ балық шаруашылығы су айдындарында осы қызмет түрiне құқығы бар ғылыми ұйымдар жүргiзетiн алудың оңтайлы жол берiлетiн көлемдерiн айқындауды;
2) ағымдағы мелиорация жүргiзу және бөлектенiп қалған суаттарда жас балықтарды құтқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жөнiндегi iс-шаралар кешенiн әзiрлеудi;
3) биологиялық-экономикалық зерттеулердің нәтижелерiне сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау мен олардың өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн iс-шаралар әзiрлеудi;
4) балық шаруашылығы қызметiнiң неғұрлым тиiмдi бағытын (әуесқойлық (спорттық), кәсiптiк, кешендiк және т.б.) айқындауды қамтиды.
19-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.06.2010 № 566 Қаулысымен. (31.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Балық шаруашылығын жүргiзудiң экономикалық тетiктерi
20. Балық шаруашылығын жүргiзу саласындағы экономикалық тетiктер:
1) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының жай-күйiн бағалау және пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы суаттарындағы (учаскелерiндегi) алудың оңтайлы жол берiлетін көлемдерiн айқындау жөнiндегі ғылыми жұмыстарды пайдаланушылардың қаражаты есебiнен қаржыландыруды;
2) пайдаланушының балық және басқа да су биоресурстарын қорғау мен өсiмiн молайту бойынша iс-шараларды жоспарлауын және қаржыландыруын;
3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес пайдаланушының балық және басқа да су биоресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемдердi қамтамасыз етуiн;
4) шаруашылық жүргізу субъектiлерiнiң балық және басқа да су жануарлары ресурстарына өздерi келтiрiлген зиянды өтеуін;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де төлемдерді;
6) әуесқойлық (спорттық) балық аулауға арналған жолдамалар сатуды қамтиды.
20-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.06.2010 № 566 Қаулысымен. (31.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
21. Балық ресурстары мен басқа да су жануарлары дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегі iс-шараларды қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер тартылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргізу ережесiне қосымша
Балық шаруашылығын жүргiзуге арналған ШАРТ Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қосымша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 14.06.2010 № 566 Қаулысымен. (31.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |