• Мое избранное
Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 49 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес
«Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 165 Бұйрығын қараңыз
Редакция 04.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Caудa мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңын және "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.03.2005 жылғы № 278 Қаулысымен (17.01.2003 ж. редакцияны қараңыз)
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.10.2005 жылғы № 1082 Қаулысымен (30.03.2005 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
1. Қоса берiліп отырған Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалауы астында теңiз сауда кемелерінің жүзу құқығын берудің тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1231 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 48, 584-құжат); 
2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1231 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 наурыздағы N 467 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 17, 180-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2003 жылғы 17 қаңтардағы
 N 49 қаулысымен
 бекітілген
Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеудің ережесi
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2011 жылғы № 1647 Қаулысымен (16.06.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.11.2005 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзiрленген және кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда кеменің жасы деп кемені тіркеу туралы құжатта көрсетілгендей, жасалған жылынан бері өткен уақыт кезеңі түсініледі.
3. Кемені мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және теңіз кемесін мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде алымдар алынады.
4. Кеме (салынып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында анықталатын тәртіппен алым алынады.
5. Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде (бұдан әрі – Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi), Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде (бұдан әрі – халықаралық кеме тізілімі), бербоут-чартер тізілімінде және жасалып жатқан кемелер тізілімінде кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеуді Порттың теңіз әкімшілігі жүзеге асырады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1314 Қаулысымен (18.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiн, халықаралық кеме тізілімін, бербоут-чартер тiзiлiмiн және жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiн жүргiзудi Порттың теңiз әкiмшiлiгi қағаз және электрондық жеткізгіштерде жүзеге асырады.
Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiн, халықаралық кеме тізілімін, бербоут-чартер тiзiлiмiн және жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Теңіз әкімшілігі (бұдан әрi – уәкілетті орган) белгілейді.
6. Кемені мемлекеттік тіркеуге арналған өтінішпен кеменің меншік иесі (кеме иесі) немесе ол уәкілеттік берген адам жүгінеді.
7. Мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы Қағидаларға сәйкес кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды қабылдау. Ұсынылатын құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген кезде үш жұмыс күнi iшiнде оған құжаттарды қабылдаудан дәлелдi жазбаша бас тартуды бере отырып, өтiнiш берушiге құжаттар қабылдаудан бас тартылады;
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1314 Қаулысымен (18.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
2) осы кемеге мәлімделетін құқықтар мен тіркелген құқықтар арасындағы қайшылықтардың, сондай-ақ мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшін негіздің болмауын анықтау;
3) көрсетiлген қайшылықтар мен мемлекеттiк тiркеуден бас тарту үшiн басқа негiздер болмаған кезде Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне, халықаралық кеме тізіліміне, бербоут-чартер тiзiлiмiне, жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiне жазулар енгiзу;
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1314 Қаулысымен (18.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
4) мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттарды беру.
8. Кемелерді мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:
1) құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде жасалады;
2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ресми шетелдiк құжаттар шетелдегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерiнде заңдастыруға жатады.
Қарауға белгіленген тәртіппен расталған, оларға қатысты көрсетілген талаптар орындалған құжаттардың көшірмесі қабылдануы мүмкін. Егер ұсынылатын құжаттар шетел тiлiнде жасалған болса, оларға мемлекеттiк немесе орыс тілдеріндегі нотариалды расталған аудармасы қоса беріледі;
3) құжаттардың мәтіндері анық, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелері қысқартусыз жазылған болуы тиіс;
4) тазарту не қосып жазу, сызылған сөздер және оларда өзге де ескертілмеген түзетулер бар құжаттар, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын бiржақты түсiндiруге мүмкiндiк бермейтiн бүлiнген жерлерi бар құжаттар мемлекеттiк тiркеуге қабылдауға жатпайды;
5) тiркеуге қажеттi барлық құжаттар не екi данада берiледi, олардың бipі түпнұсқа, ал екiншiсi – көшiрмесi болуы тиiс не нотариалды расталған көшірмелері беріледі. Түпнұсқа тiркелгеннен кейiн құқық иеленушіге қайтарылады.
9. Кемені мемлекеттік тіркеуден мынадай жағдайларда бас тартылады, егер:
1) мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен тиісті емес адам жүгінсе;
2) осы Қағидаларда көзделген талаптар сақталмаса;
3) мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келмесе.
Бас тарту туралы кемені мемлекеттік тіркеуге ұсынған өтініш берушіге құжаттар мемлекеттік тіркеуге ұсынылған сәттен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей бас тарту негізін көрсете отырып, жазбаша хабарланады.
10. Кемені мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжат жоғалған жағдайда Порттың теңіз әкімшілігі кеменің кеме иесінің өтініші бойынша үш жұмыс күні ішінде оған кеменің мемлекеттік тіркелуін куәландыратын құжаттың телнұсқасын береді.
Кеменің мемлекеттік тіркелуін куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру туралы өтінішпен бірге Порттың теңіз әкімшілігі кеменің мемлекеттік тіркелуін куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде кемелерді мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алымдар сомаларының бюджетке төленгенін растайтын құжатты ұсынады.
Кеменің мемлекеттік тіркелуін куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру туралы мәліметтер кіріс құжаттарды есепке алу кітабына және кеме тіркелген тиісті тізілімге енгізіледі.
11. Шақыру сигналын ауыстырумен байланысты кеменің мемлекеттік тіркелуін растайтын жаңа құжаттарды беру кеменің мемлекеттік тіркелуін растайтын бұрын берілген құжаттарды қоса бере отырып, кеменің меншік иесінің (кеме иесінің) өтініші негізінде үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Шақыру сигналын ауыстыру және кеменің мемлекеттік тіркелуін куәландыратын жаңа құжатты беру туралы мәліметтер кеме тіркелген тиісті тізілімдерге енгізіледі.
2. Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу
12. Мемлекеттік кеме тізілімінде теңіз, жолаушылар, жүк-жолаушылар, мұнай құю, сүйрегіш кемелер, жүзбелі бұрғылау қондырғылары, құрғақ жүктер, жүзбелі крандар және техникалық флот кемелері (жер снарядтар және басқалары), сондай-ақ қуаттылығы кемінде елу бес киловатт басты қозғалтқыштарымен өздігінен жүзетін кемелер және сыйымдылығы кемінде сексен тонна өздігінен жүзбейтін кемелер тіркеуге жатады.
12-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.06.2013 жылғы № 612 Қаулысымен (29.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу осы Ереженің14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады.
13. 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген филиалдар (мердігерлік компаниялар, оператор, агенттер) арқылы Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаның меншігіндегі, кеменің жасалған жылы бес жылдан аспайтын және Солтүстік Каспий жобасын іске асыру үшін жасалған (сатып алынған) кемелер Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркелуге жатады.
Бұл ретте кеменің жасалған жылы туралы осы тармақтың бірінші абзацының талаптары Қазақстан Республикасының кеме тізілімдерінде бұрын тіркелген, сондай-ақ кейіннен меншік иесі 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген филиалдар (мердігерлік компаниялар, оператор, агенттер) арқылы Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын кез келген шетелдік заңды тұлғаның меншігіне берілген кемелерге қолданылмайды.
14. Мемлекеттік тіркеу үшін еркін нысанда өтініш, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кеме тізілімінің сауалнамасы, сондай-ақ мынадай құжаттар ұсынылады:
1) кемеге меншік құқығын растайтын құжат;
2) жүзуге жарамдылығы туралы куәлік;