• Мое избранное
Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі N 843 Қаулысы

Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 28.08.2012 № 1098 (28.09.2006 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы күшін жояды 2022 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 08.04.2022 жылғы № 199 Қаулысына сәйкес  
Редакция 07.09.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 28.08.2012 № 1098 (28.09.2006 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды ҚР Үкiметiнiң 28.08.2012 № 1098 Қаулысымен (28.09.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2002 жылғы 29 шiлдедегi
 N 843 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.04.2013 жылғы № 387 Қаулысымен (28.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.09.2013 жылы № 209 (28148) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.09.2016 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес (23.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.09.2016 жылы № 176 (28905) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
  • 1
1. Осы Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің жай-күйін дұрыс әрі уақтылы талдау мақсатында Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган – бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган);
2) шетелдік мерзімді баспа басылымы – Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басылатын және тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар, кемінде үш айда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;
3) таратушы – шетелдік мерзімді баспа басылымдарын меншік иесімен, шығарушысымен шарт бойынша немесе өзге де заңды негіздерде Қазақстан Республикасының аумағында таратуды жүзеге асыратын жеке немесе тұлға (филиал немесе өкілдік).
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының аумағы) таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алудың бірыңғай тізілімін жүргізеді.
2. Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртібі
5. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу үшін таратушы уәкілетті органға таратушының атауын, шетелдік мерзімді баспа басылымдарының атауларын, таратылу аумағын, оның таратылатын тілін, негізгі тақырыптық бағыттығын, мерзімділігін, таратылатын даналарының болжамды санын көрсете отырып өтініш береді.
6. Өтініш уәкілетті органда тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
7. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болған жағдайда уәкілетті орган есепке қою журналына есепке қою күнін, құжаттың нөмірін, таратушының атауын енгізу арқылы Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке қояды.
8. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша таратушыға Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын қою немесе «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 19-1-бабының 2-тармағында көзделгендей бас тарту туралы құжат беріледі.
9. Құжатты жоғалтып немесе бүлдіріп алған жағдайда таратушыға еркін нысандағы жазбаша өтініші бойынша оң жақтағы жоғарғы бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар жаңа нөмір берілген құжаттың телнұсқасы беріледі. Өтініш уәкілетті органда тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.