Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1185 Қаулысы
Редакция 11.11.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар белгіленсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 11 қарашадағы
N 1185 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар
4. Қарағанды - Петропавл.
10. Астана - Тобыл - Илецк - Озинки.
11. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
15. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
20. Көкшетау - Қызылорда.
28. Қостанай - Қарағанды.
29. Павлодар - Пресногорьковская.
32. Астана - Лениногорск.
35. Қызылорда - Сексеуiл - Түркiстан.
37. Астана - Қызыл Ту - Петропавл.
42. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
48. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
50. Астана - Бурабай шипажайы.
51. Көкшетау - Астана - Ерейментау.
52. Астана - Бурабай шипажайы - Ақкөл.
58. Қостанай - Есіл - Арқалық.
62. Павлодар – Қарағанды.
Ескертпе: Қоғам мен мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық жағдайына ықпал ететiн және мынадай өлшемдерге сәйкес келетiн қатынас әлеуметтiк мәнi бар қатынас болып танылады:
1) мемлекеттік мәнi - мемлекетаралық байланыстарды дамыту, Қазақстан Республикасының астанасы мен облыс орталықтарын Қазақстан Республикасымен айтарлықтай қоғамдық, сауда және өзге де өзара қарым-қатынастары бар мемлекеттердiң әкiмшілік-аумақтық бiрлiктерінің астаналарымен және басты қалаларымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкiмшілік-аумақтық бiрлiктерiнің барлық орталықтарын өзара және Қазақстан Республикасының астанасымен қосу;
2) баламасыздығы - ұзақтығы үлкен әрi тармақталуы aз болғанда қайта отырғызусыз қатарлас қатынастардың болмауы, ауа райы жағдайларына тәуелсiздігі, барлық маусымдылығы, жолаушыларды бiр жолғы жаппай тасымалдау;
3) әлеуметтік мәнi - халықтың жан басына шаққандағы табысында жол жүруге арналған шығысының қол жетiмдi деңгейiнiң сақталуы;
4) қол жетiмдiлігі - азаматтардың қол жетімдi балама көлiк түрлерi жоқ бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еркiн орын ауыстыру, оның шегiнен тыс шығу және кедергісiз қайтып келу мүмкiндігiн қамтамасыз ету.