Toggle Dropdown
Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6402 болып енгізілді
Редакция 16.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 217-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін концессиялық жобаның, инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптары бекітілсін.
2. «Бюджеттік инвестициялық жобаның және республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 2 наурыздағы № 30 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5593 болып тіркелген).
3. Инвестициялық саясат департаменті (Б.К. Тортаев) мен Заң департаменті (Д.А. Ешімова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы Т. Сүлейменов
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
Министрдің міндетін атқарушының
2010 жылғы 6 тамыздағы
№ 136 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар
1. Осы Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 217-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Осы Талаптар мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестицялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – инвестицялық жобаның ТЭН) әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамлар жүргізу кезінде сақталуы міндетті болып табылады.
3. Талаптарда мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:
1) инвестициялық жобаның ТЭН - маркетингтік, техникалық-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру тиімділігін негіздейтін қаржылық шешімдерді, инвестициялық жобаның қауіптерін және оларды азайту жөніндегі шараларды бағалау, сондай-ақ жобаны іске асыру барысында оның тұтастай алғанда экономика мен оның салаларына әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері жөніндегі шешімдерді қамтитын жоба алдындағы құжаттама;
2) инвестициялық жоба ТЭН-інің экономикалық сараптамасы - жобаны іске асыру тиімділігін айқындауға мүмкіндік беретін инвестициялық жобаның ТЭН-інде келтірілген экономикалық және қаржылық талдауды бағалау.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобаның ТЭН-і Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына қағаз және электрондық жеткізгіште:
1) автомобиль жолының ақауларын алдын алу және жою, сондай-ақ көліктік-пайдалану сапасын қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені жөніндегі инвестициялық жобаларды (бұдан әрі – автомобиль жолын қалпына келтіру жөніндегі инвестициялық жоба) қоспағанда, егер жоба бойынша құрылыс (құрылыс-монтаж) жұмыстарын жүргізу болжанған жағдайда «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 39-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға (бұдан әрі – Заңды тұлға) жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы;
саланың одан әрі дамуына әсер ететін оның ағымдағы жай-күйінің проблемаларын және жобаның мақсаттарына, саладағы бар проблемалар бойынша шешімдерге сәйкестігін;
инвестициялық жобаның ТЭН-інде көрсетілген схема бойынша жобаны іске асырудың орындылығы мен мүмкіндіктерін;
жобаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін;
жобаны іске асырудың балама нұсқаларын;
жобаны іске асыру кезінде ұсынылатын шығындарды өтеу көздерін бағалаудың оң нәтижелерін қамтитын тиісті саланың уәкілетті органы сараптамасының қорытындысы;
3) инвестициялық жобаның ТЭН-ін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу алдындағы соңғы үш жылдағы бірінші басшының және бас бухгалтердің мөрі және қолы қойылған қарыз алушының қаржылық есептілігі (жеке және шоғырландырылған), сондай-ақ қаржылық есептілікке түсіндірме жазбалар қоса ұсынылады. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік аудиті міндетті болып табылатын қарыз алушылар үшін аудиттелген қаржылық есептілік және соңғы үш жылда жасалған аудиторлық есептер қоса ұсынылады;
4) жұмыстарды жүргізу қажеттілігін құжаттамалық-техникалық растауды қоса беру арқылы сатып алынатын материалдар мен негізгі құралдардың, жұмыстардың құны мен саны көрсетіле отырып, инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шығындарды растайтын құжаттар (автомобиль жолын қалпына келтіру жөніндегі инвестициялық жобаны ұсынған кезде) қоса беріле отырып, ұсынылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын автомобиль жолдарын қалпына келтіру жөніндегі инвестициялық жобаның ТЭН-іне салалық мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам және қарыз алушының бірінші басшысы қол қояды.
4-1. Осы Талаптардың ережесі концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау шаралары ретінде концессиялық жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін беру болжанып отырған концессиялық жобалардың ТЭН-іне қолданылмайды.
Концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау шаралары ретінде концессиялық жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін беру болжанып отырған концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
4-2. Жобаны іске асыру үшін, оның ішінде мемлекеттік кепілдік берілген бұрын тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеу үшін мемлекеттік кепілдікпен жаңа мемлекеттік емес қарызды тарту инвестициялық жобаның ТЭН-ін түзету және жаңа ТЭН әзірлеу үшін негіз болып табылмайды.
Бұрын мемлекеттік кепілдік берілген инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз тартылған, сондай-ақ тиісті қорытындылар берілген инвестициялық жобаның ТЭН негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы беріледі.
Бұл ретте, қарыз алушы мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз тартылғаннан кейін бір ай ішінде мемлекеттік кепілдікпен бұрын тартылған қарызды толық көлемде өтеуді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 216-бабына сәйкес бекітілетін, тиісті жылдың мемлекеттік кепілдіктерімен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесіне енгізу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы негіз болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес қарыз қаражаттары есебінен қаржыландыруға ұсынылған инвестициялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптар
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6. Инвестициялық жобаның ТЭН-ін әзірлеудің мақсаты оңтайлы жобалық шешімдер, оның ішінде, жобаның барынша оңтайлы құрылымы мен ауқымын, жобаны іске асыру шеңберінде көзделетін барынша орынды маркетингтік, техникалық-технологиялық, қаржылық, институционалдық, экологиялық, экономикалық және басқа де шешімдер бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Бұл тармақ қорғаныс, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мұқтаждарына арналған әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстарды және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттау кезіндегі инвестициялық жобаларға қолданылмайды.
7. Инвестициялық жобаның ТЭН-і егер ол осы Талаптарға сәйкес болмаған жағдайда пысықтауға қайтарылады.
8. Қорғаныс, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мұқтаждарына арналған әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданылатын) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстарды және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттау кезіндегі инвестициялық жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобалардың ТЭН-і мынадай құрылымға сәйкес келеді:
техникалық-технологиялық бөлім;
әлеуметтік-экономикалық бөлім;
тәуекелдерді бағалау және бөлу;