"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажет қор биржаларының тізбесін, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1292 Қаулысы
Редакция 19.03.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажет қор биржаларының тізбесі, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1292 қаулысымен
бекітілген
"Мемлекеттік сатып алу туралы " Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажет қор биржаларының тізбесі, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар
1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2. Қор биржаларының тізбесі:
"Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы;
Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнаулы сауда алаңы ретінде анықталған қор биржасы;
Australian Stock Exchange;
Frankfurt Stock Exchange.
Әлеуетті өнім берушінің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы құжат жазбаша нысанда ұсынылады және осы қор биржасының деректемелерін қамтуға тиіс. Құжат әлеуетті өнім берушілерге қор биржасы хатының түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі түрінде ұсынылады.
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)