• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 12.03.2018 г

Отправить по почте

1

"Бурабай" арнайы экономикалық аймағының қызметін қамтамасыз ету шаралары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы N 632 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 12 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 12.03.2018 жылғы № 118 Қаулысына сәйкес
"Бурабай" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы N 512 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық департаменті - "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Әкімшілік) құрылсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.07.2008. № 696, 31.03.2009. № 444 Қаулыларымен. (28.06.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
1) мемлекеттік органдармен арнайы экономикалық аймақ қызметінің мәселелері бойынша өзара іс-қимыл;
2) жер учаскелерін арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағында тіркелген заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместерге уақытша өтеусіз жер пайдалануға (жалға) беру;
3) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы сомасының есеп-қисабын жасау;
4) жеке және заңды тұлғаларды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберу туралы шешім қабылдау;
5) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларымен қызмет жүргізу туралы келісім жасасу;
6) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының қызмет жүргізу туралы келісімді орындауы бойынша тексерулер жүргізу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың қызметі туралы мемлекеттік органдарға ақпарат беру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инфрақұрылымдық ресурстарды салуды және кейіннен оларға пайдалану қызметін көрсетуді ұйымдастыру болып анықталсын.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Әкімшілік туралы ережені бекітсін және оның әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен оператор компанияны айқындасын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.07.2008. № 696 Қаулысымен. (28.06.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.