• Мое избранное
Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 17.03.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 652 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 17 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 16.03.2022 жылғы № 127 Қаулысына сәйкес
Редакция 24.07.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.10.2010 № 1078 Қаулысымен (30.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(10.08.2010 бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса берілiп отырған Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу  ережесi  бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
 Yкiметінің
 2005 жылғы 30 маусымдағы
 N 652 қаулысымен
 бекiтiлген
Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы  Заңына  сәйкес әзiрлендi және экономикалық қызмет түрiн осы экономикалық қызмет түрi бойынша қалыптасқан өндiрiстiк жарақаттану және кәсiби аурулар деңгейiне сәйкес келетін кәсiптік тәуекел сыныбына жатқызу тәртiбiн белгілейдi.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.10.2010 № 1078 Қаулысымен (30.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(10.08.2010 бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.07.2015 жылғы № 583 Қаулысымен (19.10.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.08.2015 жылы № 148 (28626) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу
3. Экономикалық қызмет түрлерi кәсiптiк тәуекел сыныбына қарай топтар бойынша сараланады.
4. Экономикалық қызмет түрлерiн осы Ережеге қосымшаға сәйкес кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу кәсiптiк тәуекелдiң 22 сыныбын көздейдi.
5. Экономикалық қызмет түрлерi бойынша кәсiптік тәуекел сыныбы кәсiптiк тәуекелдiң келтiрiлген орташа көрсеткiшiнiң шамасымен белгіленедi.
6. Әрбiр экономикалық қызмет түрi бойынша кәсiптiк тәуекелдiң орташа көрсеткiшi белгілi бiр экономикалық қызмет түрi бойынша алдыңғы бес жылдағы кәсiптiк тәуекел көрсеткiштерiнiң арифметикалық орташа сомасы ретiнде есептеледi.
7. Қаралып отырған жылы белгілі бiр экономикалық қызмет түрi бойынша кәсiптiк тәуекелдiң көрсеткiшi қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындаған кезде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрілген зиянды өтеуге есептелген төлемдердiң (оның iшiнде жарақат алған, кәсiптiк жарақаты, қайтыс болған жағдайға төлемдi) жылдық сомасы мөлшерiнiң осы экономикалық қызмет түрi бойынша жылдық еңбекақы төлеу қорының мөлшерiне қатынасы ретiнде белгіленедi: 
Р і   = (ВТУ і   + ВПЗ і  + ВП і  )/ФОТ і , мұнда 
i - экономикалық қызмет түрi; 
P і   - і-лi экономикалық қызмет түрiмен айналысатын персонал үшiн кәсiптiк тәуекелдiң көрсеткiшi; 
ВТУ і   - i-лi экономикалық қызмет түрiмен айналысатын персонал бойынша еңбек жарақатынан зардап шеккендерге есептелген зиянды өтеуге есептелген төлемдердiң жылдық сомасы (еңбек жарақатынан зардап шеккен бiр қызметкерге және зардап шеккендердiң санына төленетiн төлемдердiң орташа сомасының туындысы ретiнде есептелуi мүмкiн); 
ВПЗ і   - i-лi экономикалық қызмет түрiмен айналысатын персонал бойынша кәсiптiк аурулардан зардап шеккендерге есептелген зиянды өтеу төлемдерiнің жылдық сомасы (кәсiптік аурулардан зардап шеккен қызметкерге және зардап шеккендердің санына төленетiн төлемдердiң орташа сомасының туындысы ретінде есептелуi мүмкiн); 
ВП і   - i-лi экономикалық қызмет түрiмен айналысатын персонал бойынша қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерiн орындаған кезде оның қайтыс болуына байланысты зиянды өтеуге құқығы бар адамдарға есептелген зиянды өтеуге төленетін төлемдерiнiң жылдық сомасы (қаза болған бiр қызметкерге және қайтыс болғандардың санына төленетін төлемдердiң орташа сомасының туындысы ретiнде eceптелуі мүмкiн); 
ФОТ і   - i-лi экономикалық қызмет түрiмен айналысатын персонал бойынша қызметкерлердiң жылдық еңбекақы төлеу қоры. 
Кәсiптiк тәуекел көрсеткiшi әрбiр жыл бойынша есептеу жүргiзу жылының алдындағы бес жылға жеке есептеледi.
8. Экономикалық қызметтiң белгілi бiр түрiнiң кәсiптiк тәуекел дәрежесiн бағалау өндiрiстегi жарақаттанудың және кәсiптiк аурулардың мынадай статистикалық көрсеткiштерiне негізделедi: 
1) еңбек қызметiне байланысты жазатайым оқиғалар кезiнде зардап шеккендердiң саны, жылына; 
2) еңбек қызметiне байланысты жазатайым оқиғалар кезiнде зардап шеккендерге төленетiн төлемдердiң жылдық есептелген сомасы, оның iшiнде жазатайым оқиғадан зардап шеккен бiр адамға есептелген төлемдердiң орташа мөлшерi; 
3) жылына кәсiптiк аурулардан зардап шеккендердің саны; 
4) кәсiптiк аурулардан зардап шеккендерге есептелген төлемдердiң жылдық сомасы, оның iшiнде кәсiптiк аурудан зардап шеккен бiр қызметкерге есептелген төлемдердiң орташа мөлшерi; 
5) еңбек қызметiне байланысты жазатайым оқиғалар кезiнде қаза тапқандардың саны, жылына; 
6) қызметкерлер еңбек қызметiне байланысты қайтыс болған жағдайда есептелген төлемдердiң жылдық сомасы, оның iшiнде есептелген төлемдердiң орташа мөлшерi; 
7) экономикалық қызмет түрі бойынша жылдық еңбекақы төлеу қоры; 
8) экономикалық қызмет түрi бойынша қызметкерлердiң орташа жылдық тiзiмдiк саны.
9. Осы Ереженiң  8-тармағында  санамаланған статистикалық көрсеткiштердiң әрқайсысы алдыңғы бес жылдағы серпiнде қалыптастырылады.
10. Сақтандырушы бiрнеше экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асырған жағдайда, ол оның негiзгi қызмет түрiне сәйкес келетiн кәсiптiк тәуекел сыныбына жатқызылуы тиiс.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.07.2015 жылғы № 583 Қаулысымен (19.10.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.08.2015 жылы № 148 (28626) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Сақтандырушы өндiрiстiң жалпы көлемiнде тең үлестiрiлген бiрнеше экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыратын жағдайда, ол кәсiптiк тәуекелдiң неғұрлым жоғары сыныбы сәйкес келетiн экономикалық қызмет түрiне жатқызылуы тиiс.
Сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған жағдайда, ол өзінің кәсіптік тәуекел сыныбы сәйкес келетін экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс. Бұл ретте, филиалда (филиалдарда) өзі (өздері) жүзеге асыратын экономикалық қызмет түрі туралы растауы болуға тиіс.
Экономикалық қызмет түрлерiн
 кәсiптік тәуекел сыныптарына
 жатқызу ережесiне
 қосымша
Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу
Кәсiптік тәуекелдiң 1-сыныбы
Қонақ үйлердiң қызметтер көрсетуi 
Қысқа мерзiмдi тұру үшiн өзге де орындардың қызметтер көрсетуi 
Мейрамханалардың қызметтер көрсетуi 
Барлардың қызметтер көрсетуi 
Курьерлiк қызмет 
Қаржы делдалдығы       
Қаржы делдалдығы саласындағы қосалқы қызмет 
Сақтандыру 
Жылжымайтын мүлiкпен жасалатын операциялар