Toggle Dropdown
3
Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру агенттерiн оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 25 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6164 болып енгізілді
Toggle Dropdown
Редакция 01.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандыру агенттерiн оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Талаптардың 3-тармағының 12) тармақшасын қоспағанда, оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
Toggle Dropdown
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Toggle Dropdown
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
Toggle Dropdown
4. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Toggle Dropdown
Төрайым Е. Бахмутова
Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 25 қаулысымен бекітілді
Toggle Dropdown
Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандыру агенттерiн оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
1. Осы Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-1, 18 және 18-1-баптарына сәйкес сақтандыру шарттарын жасау және орындау кезінде, оның ішінде сақтандыру агенті сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын процестерді реттеу мақсатында әзірленді.
Toggle Dropdown
Талаптарға сәйкес дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Осы Сақтандыру ұйымының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарды реттейтін ережелері «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
Toggle Dropdown
2. Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) сақтандыру оқиғасы – нәтижесінде сақтандыру объектісіне немесе үшінші тұлғаға зиян келтірілген және кейіннен сақтандыру жағдайы болып танылуы мүмкін оқиға;
Toggle Dropdown
2) тапсырма шарты – тараптар арасында жазбаша нысанда жасалатын шарт, оған сәйкес бір тарап (сақтандыру агенті) осы Талаптарда көзделген өкілеттіктері шегінде сыйақы үшін басқа тараптың (сақтандыру ұйымының) атынан және оның тапсыруымен ерікті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жасауға міндеттенеді.
Toggle Dropdown
3. Сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру агентінің сақтанушымен (сақтандырудың ерікті түрлері бойынша) сақтандыру шартын жасау процесін ұйымдастыру мынадай кезеңдерді қамтиды:
Toggle Dropdown
1) сақтандыру ережелерімен танысу және сақтандыру шартының мынадай талаптары жөнінде шынайы және толық ақпарат беру:
Toggle Dropdown
сақтандыру тарифтері мен сақтандыру сомаларының мөлшері;
Toggle Dropdown
сақтандыру сыйлықақыларын төлеу мерзімі;
Toggle Dropdown
сақтандыру шартының күшіне ену мерзімі;
Toggle Dropdown
сақтандыру оқиғалары, оның ішінде сақтандыру жағдайларының түрлерін және сақтандыру оқиғасының және (немесе) сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарлау тәртібін сипаттау;
Toggle Dropdown
сақтанушының, оның ішінде сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы басталған кездегі құқықтары мен міндеттері;
Toggle Dropdown
шарт талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі;
Toggle Dropdown
сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату салдары;
Toggle Dropdown
жеңілдік берілетін тұлғалардың тізбесі көрсетілген жеңілдіктердің болуы;
Toggle Dropdown
сақтандыру түріне тән өзге де маңызды талаптар;
Toggle Dropdown
2) егер сақтандыру шарты қосылу шарты нысанында жасалса – сақтандыру қағидаларының көшірмесін қағаз тасымалдағышта беру не сақтанушыға сақтандыру қағидаларының электрондық (сканерленген) көшірмесін немесе сақтандыру ұйымының интернет-ресурсындағы немесе сақтандыру ұйымы әріптесінің интернет-ресурсындағы сақтандыру қағидаларының жарияланымына сілтемелерді жіберу (сақтанушының таңдауы бойынша);
Toggle Dropdown
3) сақтандыру шартын жасасуға қажетті ақпарат пен құжаттарды (құжаттардың көшірмелерін) алу;
Toggle Dropdown
4) сақтандыру шартын жасасуға негіз болатын (сақтандыру қағидаларында немесе «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Туристі міндетті сақтандыру туралы», «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы», «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында талаптар болған кезде (бұдан әрі - міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілері), оның ішінде сақтанушыны сақтандыру талаптарымен таныстыру туралы белгіні қамтитын өтінішті толтыру;
Toggle Dropdown
5) сақтандыру объектісін қарау және (немесе) бағалау, оның ішінде оны жүргізу үшін мамандарды тарта отырып (қажет болғанда) бағалау (жеке сақтандыру шарттары бойынша медициналық куәландыру). Сақтандыру объектісін қарау кезінде сақтандырушының ішкі құжаттарында көзделген нысан бойынша тиісті акт жасалады;
Toggle Dropdown
6) сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру өтемінің талаптарын анықтау;
Toggle Dropdown
7) сақтандыру ұйымының ішкі қағидаларында белгіленген мерзімде тәуекел дәрежесін бағалау үшін сақтандыру объектісіне қатысты сақтанушы хабарлаған мәліметтер мен құжаттарды тексеруді жүзеге асыру арқылы түрлері, талаптары мен тәртібі міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленетін міндетті сақтандыру шарттарын қоспағанда, сақтандыру шартын жасасу мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;
Toggle Dropdown
8) сақтандыру объектісі және сақтандыруға қабылданатын тәуекелдер бойынша сақтандыру тарифін анықтау;
Toggle Dropdown
9) сақтандыру сомасын келісу және сақтандыру сыйлықақыларын есептеу;
Toggle Dropdown
10) сақтанушының:
Toggle Dropdown
фискальді чекті ала отырып, сақтандырушының кассасына;
Toggle Dropdown
сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы растайтын құжатты ала отырып сақтандыру агенті-жеке тұлғаға;
Toggle Dropdown
фискальді чекті ала отырып сақтандыру агенті-заңды тұлғаға;
Toggle Dropdown
қолма-қол ақшасыз төлеуге жататын сақтандыру сыйлықақысы (сақтандыру жарнасы);
Toggle Dropdown
11) сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, сақтандыру агенті туралы ақпаратты көрсетумен сақтандыру полисін ресімдеу (қосылу шартын жасасу) не жеке сақтандыру шартын жасасу;
Toggle Dropdown
12) сақтандыру ұйымының талдамалық есебінде және бағдарламалық қамтылымында Талаптарға 1-қосымшада көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы ақпаратты көрсету.
Toggle Dropdown
Сақтандыру ұйымы аталған ақпаратты алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ақпаратты енгізуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Сақтанушымен сақтандыру шарты сақтандыру ұйымы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген клиентті тиісінше тексеру бойынша шараларды сақтандыру ұйымы қабылдағаннан кейін жасалады. Сақтандыру ұйымы тапсыру шарттары жасалған сақтандыру агенттерінің клиентті тиісінше тексеру бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
4. Сақтандыру шартына өзгерістер енгізу мынадай рәсімдерден құралады:
Toggle Dropdown
1) сақтанушыдан еркін нысанда немесе сақтандыру ережелерінде белгіленген нысанда жасалған, сақтандыру шартында қамтылған талаптардың немесе мәліметтердің өзгеру себептері міндетті түрде көрсетілген сақтандыру шартына өзгерістер енгізу туралы өтінішті қабылдау;
Toggle Dropdown
2) қосымша келісім жасасу және оған тараптардың қол қоюы арқылы сақтандыру шартына өзгерістер енгізу.