• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 21.12.2007 г

Отправить по почте

2

Туберкулезбен күрес жөнiндегi республикалық үйлестiру кеңесi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 317 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 317 Қаулысының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1261 Қаулысымен.
1.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.09.2004. № 922 қаулысына. (23.02.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2. "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi N 839  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 30, 265-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
1-тармақтағы "құрылып, 1 және 2-қосымшаларға сәйкес құрамы мен Кеңес туралы ереже бекiтiлсiн" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын: 
6-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі"; 
"Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi" деген сөздер "Денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; 
10-тармақта "Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"Туберкулез ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы деп қайта аталсын"; 
12-тармақтың "Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздер "Денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.