Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысымен бекiтілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Стратегиялық жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.01.2012 жылғы № 42 Қаулысымен(23.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2012 жылдан бастап)
1. Миссиясы мен пайымдауы
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2013 жылғы № 439 Қаулысымен (24.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Миссиясы. Қазақстан Республикасының экономикалық өсіміне жәрдемдесу және экономикасының жоғары бәсекеге қабiлеттiлiгiне қол жеткізу мақсатында бюджеттің тиімді атқарылуын қамтамасыз ету.
Пайымдауы. Неғұрлым дамыған, орнықты және прогрессивтi эволюцияланатын қаржылық жүйелердің бірі ретінде әлемдік қаржылық қоғамдастық жіктейтiн тиімді жұмыс істейтін бюджеттің атқарылу жүйесі.
2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларын (аяларын) дамыту үрдістерін талдау
2-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.04.2012 жылғы № 497; 28.12.2012 жылғы № 1696; 29.12.2012 жылғы № 1776 Қаулыларымен (13.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
1-стратегиялық бағыт. Республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету
1-стратегиялық бағыттың тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2013 жылғы № 439 Қаулысымен (24.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) 1-стратегиялық бағыт өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1454 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Бюджеттің толық және уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бюджеттерді жоспарлау және атқару сапасын арттыру, бюджеттердің атқарылуына және мемлекеттік мекемелердің шоттарына қазынашылық қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алу процесінің тиімділігін оңтайландыру және арттыру, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің қаражатын пайдалану кезінде қаржылық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
2009 жылы әлемдегі тұтынудың жаһандық қысқаруы салдарынан Қазақстан экономикасының салаларындағы іскерлік белсенділіктің баяулауына байланысты бюджет жүйесі кірістерінің күрт қысқарғаны байқалды. Мәселен, егер 2008 жылы ЖІӨ-нің 25,1%-ы мемлекеттік бюджет арқылы қайта бөлінген болса, онда дәл осындай көрсеткіш 2009 жылдың қорытындылары бойынша 20,6%-ды құрады. Мемлекеттік бюджет кірістері 2009 жылы оның алдындағы жылмен салыстырғанда 13,1%-ға қысқарды.
Ел үкiметi шығыстарды оңтайландыру және әлеуметтік төлемдерді арттыру және дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру арқылы тұтынушылық сұранысты бюджеттік ынталандыру мақсатында оларды қайта бағдарлау жолымен республикалық бюджеттің едәуiр тапшылығына жол бермедi.
2010 жылдың қорытындылары бойынша республикалық бюджеттің тапшылығы ЖІӨ-ге 2,5%-ды құрады, бұл 2010 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген көрсеткіштен төмен. Салыстыру үшін, басқа елдерде бюджет тапшылығы: АҚШ-та – ЖІӨ-нің 8%-ын, Жапонияда – ЖІӨ-нің 7,6%-ын, Ресейде – ЖІӨ-нің 4,1%-ын, Қытайда – ЖІӨ-нің 2,8%-ын, Ұлыбританияда – ЖІӨ-нің 7,9%-ын, Францияда – ЖІӨ-нің 5%-ын, Украинада – ЖІӨ-нің 5%-ын, Белоруссияда – ЖІӨ-нің 3%-ын құрады. Қазақстанда республикалық бюджеттің тапшылығын одан әрі кезең-кезеңмен, ал 2014 жылы ЖІӨ-нің 1,3%-ына дейін төмендету жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлаудың жаңа жүйесi бекітілген, оның негізгі элементі мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары болды.
2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексі күшіне енгізілді, ол нәтижеге бағдарланған бюджеттеудің заңнамалық негізін салды. Бюджетті "сырғымалы үш жылдық" қағидаты бойынша қалыптастыру қамтамасыз етілді.
Бөлінетін бюджет қаражатын мақсаттармен және нақты нәтижелермен өзара байланысын күшейте отырып, бюджет жүйесін жетілдіру шеңберінде 2014 жылы нәтижелерге бағдарланған бюджеттеудің тұтқалы элементтері, оның ішінде бюджеттік өтінімнің жаңа пішімі енгізілетін болады.
Бюджеттік бағдарламаларды нәтижеге бағдарланған бюджеттеу қағидаттарына сәйкес қалыптастыру мақсатында Бірыңғай бюджеттік сыныптама жетілдірілетін болады. Бұл қағидаттарды ең озат халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін болады.
Бюджеттік өтінімнің форматы оның мазмұны мәлімделетін шығыстардың мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігіне дәл түсінік беретіндей етіп қайта қаралатын болады.
Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында оларды қаржыландырудың, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін пайдалану есебінен де қаржыландырудың оңтайлы жолдарын анықтау үшін жобаларды бастапқы кезеңде салыстырмалы талдау және бағалау жүргізу негізінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлауға көзқарастар жетілдірілетін болады.
Мемлекеттiк (үкiметтiк) борыштың өсуi байқалады, оның себебi тапшылығы бар республикалық бюджеттi қалыптастыру болып табылады. Жыл сайын мемлекеттiк (үкiметтiк) борыш курстық айырманы ескере отырып, қарыз алу есебiнен тапшылығын қаржыландыру сомасы өсуде. Мәселен, 2009 жылдың басында мемлекеттiк (үкiметтiк) борышқа қатысты ЖIӨ-ге шаққанда 6,4%, 2010 жылы – 10,1%-ды, ал 2011 жылдың басында 11,5%-ды құрады. Осылайша, борыштың абсолюттік және салыстырмалы түрде өсуі байқалып отыр.
Бюджеттік бағдарламаларды уақтылы қаржыландыруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тиісті жылға арналған бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде ішкі және сыртқы нарықтардан қарыз алуды жүзеге асырады.
Қарыз алудың мақсаттары мен қаржылық шекараларын белгілеу үкіметтік қарыз елу кезінде негіз болып табылады. Мемлекеттік борышты сапалы басқара отырып, Үкіметтің қарыздарды саналы көлемде тартуымен бірге оны қауіпсіз деңгейде ұстау Қаржы министрлігінің ең басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Үкіметтік борышты тиімді басқаруды қамтамасыз ету шеңберінде Қаржы министрлігінде үкіметтік борыштың пайыздық және валюталық тәуекелдерін бағалау, валюталар, сыйақы мөлшерлемелері бойынша борыш құрылымын жеткілікті әртараптандыруды қамтамасыз ету, үкіметтік борыштың жалпы көлеміндегі сыртқы борыштың үлесін қысқарту бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда.
Жүргізіліп отырған мониторинг көрсетіп отырғандай борыш индикаторларының белгіленген шектегі жол берілетін деңгейлері жол берілетін мәндер аймағында және қауіп тудырмайды. Борыштың ЖІӨ–нің мөлшері мен арақатынасы әлемдік практикада борыштық жүктемені бағалауға мүмкіндік беретін неғұрлым қарапайым борыш индикаторы болып табылады. Мәселен, 2011 жылдың басында мемлекеттік борыштың ЖІӨ-ге қатынасы 14,4%-ды құрады. Борыштың бұл деңгейі еліміздің дамуына қауіп төндіріп, асып кететін шектен шықпайды. Мысалы, ЕО елдері үшін бұл критерий 60%-дан аспауы тиіс. Бұл критерийді Кеден одағына қатысушы елдер ұстанады.
Бүгінгі таңда ішкі үкіметтік қарыз алу республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін, сондай-ақ қор нарығында тиісті бағдар белгілеу және жинақтаушы зейнетақы қорларына (ЖЗҚ) зейнетақылық активтерін орналастыру үшін сенімді және өтімді қаржы құралдарын ұсыну мақсатында айналымда мемлекеттік бағалы қағаздардың (МБҚ) жеткілікті көлемін ұстап тұру үшін жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес отандық қор нарығы 2020 жылға қарай ТМД мен Орталық Азиядағы ислам банкингінің өңірлік орталығына айналуы және Азиядағы жетекші қаржы орталықтарының ондығына енуі тиіс. Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілген кезде исламдық қаржыландыру құралдары қазақстандық экономиканың тиімді және ұзақ мерзімді қаржы көзіне айналуы мүмкін.
Үкіметтік сыртқы қарыз алу саласында халықаралық қаржы институттарының қарыздарын тарту жүзеге асырылуда. Қарыз алудың оңтайлы деңгейін қалыптастыруды, борышқа қызмет көрсетуге арналған шығындар мен тәуекелдерді ескере отырып, алдағы жылға үкіметтік сыртқы қарыз алу көлемін жоспарлау экономиканың дәстүрлі мамандандыру секторларындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен байланыстырылатын болады.
Осыған байланысты алдағы орта мерзiмдi кезеңде бiрлескен жобалар мен бағдарламаларды iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының әртүрлi, оның iшiнде ХҚДБ, АДБ, ЕҚДБ, ЖХЫА, ИДБ, ЕИБ, ЕАДБ және т.б. сияқты халықаралық қаржы институттарымен халықаралық кредиттiк қарым-қатынастар саласындағы ынтымақтастығын одан әрi дамыту жоспарланып отыр. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне Қазақстан Республикасының атынан ХҚДБ, ХҚК, ХДҚ, ХИКА, УҚДБ, АДБ, ИДБ, ЕАДБ және т.б. осы халықаралық институттарындағы Қазақстан Республикасының мүшелігіне қатысты тиісті келісімдердің шарттарына сәйкес сомалардың төленуін қамтамасыз етуге уәкілеттік берілген.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес Қазақстан Орталық Азияда, еуразиялық кеңістіктегі әртүрлі жылдамдықты және көп деңгейлі интеграциясын күшейтуге алған бағытын жалғастырады. Осыған байланысты экономикалық интеграция үшін шарттар мен алғышарттарды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының ЕурАЗЭҚ Дағдарысқа қарсы қорының құрылтайшы құжаттарының шеңберінде қабылданған қаржылық міндеттемелері уақтылы орындалуы қажет.
Мемлекеттік қарыз алу саясаты Үкіметтің болашақта республикалық бюджеттің жай-күйіне қарамастан борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерін орындауына мүмкіндікті қамтамасыз етуі тиіс. Бұл үшін борыштың өсу қарқынын ЖІӨ-нің өсу қарқындарымен барабарлығын қамтамасыз ету қажет, үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге шығыстардың өсу қарқыны республикалық бюджет кірістерінің өсу қарқынынан асып кетпеуі тиіс.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi Жарлығымен жаңа Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы мақұлданды. Тұжырымдаманың негiзгi мақсаты болашақ ұрпаққа арналған жинақтарды ұлғайту және Ұлттық қордың қаражатын жинақтауды үкiметтiк қарыз алумен алмастыруды болдырмау болып табылады.
Тұжырымдаманың ережелері 2020 жылға Ұлттық қордың қаражатын 90 млрд. АҚШ долларына дейiн жеткізуге бағытталған, бұл ЖIӨ-нiң кемiнде 30%-ын құрайды.
Қазіргі уақытта Қазынашылық жүйесінде 13 мыңға жуық мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетіледі, Қазынашылық жүйесін нақты уақыт режимінде пайдаланушы шамамен 3 мыңдай адам Қазынашылық ақпараттық жүйесінде мемлекеттік бюджеттің қаражатын есепке жатқызу мен жұмсау рәсімдерін жүргізе отырып, операцияларды жүзеге асырады. Күн сайын орташа есеппен 25 мың төлем жүргізіледі, Қазақстандық банкаралық есептер орталығынан күн сайын орташа есеппен 30 мың түсім келіп түседі. Айдың аяғында бұл көрсеткіштер екі есе артады, өйткені осы кезеңде мемлекеттік мекемелер негізгі (еңбекақы, жәрдемақы, салықтар және т.б.) төлемдерін жүргізеді.
Бюджеттің атқарылу рәсімдерінің маңыздылығын ескере отырып, Қазынашылықтың тікелей міндеті жүйенің өнімділігіне жүктеме артқан кезде, әрбір қаржы операциясының уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінде Қазақстан қазынашылығының негізгі мақсаты қаржылық есептіліктің толықтығын, тұтастығы мен дәлдігін, сондай-ақ қағаз құжаттамадан электрондық құжат айналымына көшу болып табылады. Мәселен, мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету мен қаржылық құжаттарды өңдеу уақытын 2012 жылы 3 жұмыс күнінен бастап, 2013 жылы 2 жұмыс күніне дейін, ал "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесі арқылы 2013 жылы – 1 жұмыс күніне дейін қысқарту жоспарланған.
Осыған байланысты, қаржылық құжаттардың өсу серпінін ескере отырып, Қаржы министрлігінің Стратегиялық жоспарында Қазынашылық пен Клиент (мемлекеттік мекеме, бюджеттік бағдарлама әкімшілері, уәкілетті мемлекеттік органдар) арасындағы өзара іс-қимыл бөлігінде Қазынашылық ақпараттық жүйесін жетілдіру бойынша міндеттер көзделген. Қазынашылық жүйесін жетілдіру шеңберінде 2008 жылы ҚИАЖ-ға Клиент ұсынған қаржылық құжаттарды қабылдау және одан әрі өңдеу бойынша Қазынашылықтың функцияларын автоматтандыру үшін "Қазынашылық-Клиент" мемлекеттік мекемелермен электрондық құжат айналымын құру кезеңі басталды.
"Қазынашылық-клиент" АЖ-ның мақсаты заманауи, интеграцияланған және тиімділігі жоғары ақпараттық ортаны ұсыну арқылы қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелерімен Қазынашылықтың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады, жалпы алғанда, "Қазынашылық-клиент" АЖ-сын енгізу мемлекеттік органдарға қызмет көрсету рәсімдерін жеделдетуге мүмкіндік береді.
"Қазынашылық-клиент" АЖ дамыту мен оның таралымы мынадай басқарушылық міндеттердің тиімді шешілуін қамтамасыз етуі тиіс:
1. ақпаратты сақтау және өндеудің тиімділігі жоғары заманауи технологияларын қолдана отырып, Қазынашылық ақпараттық жүйесіне құжаттардың деректерін автоматтандырылған енгізуді бірегейлендіру, жеңілдету және жеделдету;
2. қазынашылық өңдейтін деректердің жеделдігін, дәлдігін, сенімділігін, ашықтығын арттыру;
3. құжаттардың дұрыстығын растау, құжаттарды келісу процесін жеңілдету және байланыс арналарын қорғау құралдарын пайдалану үшін заманауи ақпаратты қорғау құралдарымен - Электрондық цифрлық қолтаңбамен интеграциялау;
4. мұрағатта ақпаратты сақтау, өңдеу, оның қол жетімділігі мен тиімді ізделуі үшін құжаттардың орталықтандырылған мұрағатын ұйымдастыру.
"Қазынашылық-клиент" АЖ-ны іске қосу нәтижесінде мемлекеттік мекемелерге қашықтан қызмет көрсету қамтамасыз етіледі, бұл өз кезегінде қазынашылық органдарының мемлекеттік мекемелерімен өзара іс-қимылдары кезінде жұмыстың тиімділігін едәуір арттырады және тиісінше, ол бюджеттердің атқарылу сапасын жақсартады деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, облыстардың мемлекеттік мекемелері компьютерлік техникамен жарақтандыруда жоғары деңгейге қол жеткізілгеніне қарамастан Интернет желісіне қосылуда проблемаларға тап болып отыр. "Қазақтелеком" АҚ-ның қажетті техникалық жағдайларының болмауына байланысты қала және аудан орталықтарынан алыс орналасқан мемлекеттік мекемелердің ең төмен өткізу қабілеті кемінде 128 Кбит/с байланыс арналары бойынша Интернет–байланысына қосылу мүмкіндіктері жоқ. Бұл ретте, Интернет–байланысына қосылуға қол жеткізгендердің өздері де желі жұмысының тұрақсыздығын атап өтуде.
Кәсіпорындардың қызметін оңтайландырудағы маңызды рөлді электрондық құжат айналымының заманауи жүйелері атқарады. Кез келген салық төлеушінің қызметіндегі негізгі құжаттардың бірі шот-фактура болып табылады. Оларды жазып беру талаптары мен жазып беру мерзімдері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (Салық кодексі )» туралы Қазақстан Республикасының кодексінде регламенттелген. Іскерлік қызметтің электрондық құжат алмасу жолымен жүзеге асырылуы барған сайын жиілеу жағдайында дәстүрлі қағаз түріндегі шот-фактуралар кедергі болады және оларды пайдалану кезінде ұйымдар оператордың еңбек шығындары, қағаз, принтер, жеткізіп беру, қомақты мұрағаттар, салық органдарына тоқсан сайын шот-фактуралар тізілімін табыс ету және т.б. сияқты айтарлықтай қосымша шығыстарға ұшырайды.
Мемлекет басшысы «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесін құруды тапсырған болатын, оның мақсаты бизнес субъектілері арасындағы құжат айналымы шығыстары мен уақытын қысқарту, бизнес субъектілерінің қазынашылық органдарымен және салық органдарымен өзара ақпараттық іс-қимылын жақсарту, сондай-ақ жалған кәсіпорындардың алдын алу және жолын кесу болып табылады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |