Bestprofi Logo

Қаулы № 254 от 2011-03-14г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

"Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 13.07.2016 г.

Документ на казахском языке

"Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 13 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес

«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 және «Қазақстан Республикасын индустриялық- инновациялық дамытудың 2015 — 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді

Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.06.2012 жылғы № 738 Қаулысымен (01.09.2011 ж. редакцияны қараңыз) Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.06.2015 жылғы № 440 Қаулысына сәйкес (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)

1. Қоса беріліп отырған «Өнімділік 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, мониторингілеу қағидаларына сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.

4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.06.2015 жылғы № 440 Қаулысына сәйкес (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген

«Өнімділік 2020» бағдарламасы

Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.09.2011 жылғы № 999 Қаулысымен (14.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.06.2012 жылғы № 738 Қаулысымен (01.09.2011 ж. редакцияны қараңыз) Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.03.2013 жылғы № 220 Қаулысымен (04.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1499 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) Бағдарлама жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.06.2015 жылғы № 440 Қаулысына сәйкес (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)

Бағдарламаның атауы

«Өнімділік 2020» бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 және «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 жарлықтары

Бағдарламаны әзірлеу мен іске асыруға жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Бағдарламаның мақсаты

Экономиканың басым секторларында еңбек өнімділігін ұлғайту арқылы өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Бағдарламаның міндеттері

Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру. Кәсіпкерлік субъектілерін сервистік қолдау. Кластерлік бастамалардың дамуын қолдау.

Іске асыру мерзімдері

2011 – 2020 жылдары:

1-кезең – 2011 – 2014 жылдар, 2011 – пилоттық;

2-кезең – 2015 – 2020 жылдар.

Нысаналы индикаторлар

Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі:

2015 жылға дейін:

ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алған өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту;

ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алған кәсіпорындар қуатының орташа жүктелуін 70 %-ға дейін ұлғайту;

2018 жылға дейін:

Бағдарлама шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алған кәсіпорындарда еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту;

жылына орташа есеппен алғанда кемінде 10 кәсіпорынға инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау; жылына орташа есеппен алғанда кемінде 10 кәсіпорынның құзыретін арттыру;

жылына орташа есеппен алғанда кемінде 3 кәсіпорынның технологиялық процестерін жетілдіру;

жылына орташа есеппен алғанда кемінде 3 кәсіпорынның өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру;

3 аумақтық кластер құру және оларға мемлекеттік қолдау көрсету;

2020 жылға дейін:

Бағдарлама шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алған кәсіпорындарда еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту;

жылына орташа есеппен алғанда кемінде 10 кәсіпорынға инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау;

жылына орташа есеппен алғанда кемінде 10 кәсіпорынның құзыретін арттыру;

жылына орташа есеппен алғанда кемінде 3 кәсіпорынның технологиялық процестерін жетілдіру;

жылына орташа есеппен алғанда кемінде 3 кәсіпорынның өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру;

3 аумақтық кластер құру және оларға мемлекеттік қолдау көрсету

Қаржыландыру көздері

Республикалық бюджетте 2011 жылы 15 764 910 мың теңге, 2012 жылы – 10 133 367 мың теңге, 2013 жылы – 134 050 мың теңге, 2014 жылы – 126 670 мың теңге, 2015 жылы – 697 311 мың теңге, 2016 жылы – 697 311 мың теңге, 2017 жылы – 697 311 мың теңге, 2018 жылы – 697 311 мың теңге, 2019 жылы – 697 311 мың теңге, 2020 жылы – 697 311 мың теңге көзделген.

Келесі жылдардың республикалық бюджетінен қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланады.

«Өнімділік 2020» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа он жылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 23-ші жалпы отырысының 2010 жылғы 4 маусымдағы № 01-8.1 хаттамасын іске асыру шеңберінде әзірленген.

Бағдарлама Дүниежүзілік банктің әдістемелік қолдауымен әзірленді және Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру құралдарының бірі болып табылады.

Экономиканың жалпы өнімділігі оның айтарлықтай деңгейде бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын фактор болып табылады. Ғылымды көп қажетсінетін өнімді шығаратын өңдеуші салалар кәсіпорындары үлесінің ұлғаюы экономикадағы еңбек өнімділігінің деңгейін едәуір арттырады. Сондықтан да мемлекетке оның өнімділігін арттыруды ынталандыру, инновациялық әзірлемелерді енгізу, қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу және жалпы кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңғырту өте маңызды. Бірінші кезеңнің негізгі міндеті бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу болып табылады. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және кластерлік бастамалардың дамуын қолдау бірінші кезектегі міндет болып табылады.

Бұл ретте, еңбек тиімділігіне бизнестің инновациялық белсенділігі, күшті бренд, персоналдың біліктілігі, өткізу нарығының тартымдылығына қол жеткізу, бәсекелі ортаның сапасы, өнімдерді немесе қызметтерді шебер жылжыту және сату қабілеттілігі де әсер етеді. Бұдан басқа, қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу мәселелерінде менеджменттің рөлі басты болып табылады.

Қалыптасқан жағдайды есепке ала отырып, тиісті Бағдарламаны әзірлеу арқылы қазіргі заманғы басқару және энергия үнемдеуші технологияларды енгізудің, кәсіпорындарды жаңғыртудың және жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер құрудың жүйелі шараларын қабылдау қажет.

1) мемлекет индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган, Бағдарлама операторлары және құралдар арқылы мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;

2) қажет болғанда Бағдарламаны іске асыру шеңберіндегі құжаттарды мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен келісуді Бағдарлама операторы «бір терезе» қағидаты бойынша орындайтын болады.

Бағдарлама шеңберінде бір өтінім берушіге қатысты Бағдарлама құралдарын кешенді ұсынуға жол беріледі.

Бағдарламада пайдаланылатын ұғымдар:

1) Бағдарлама операторы – «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы;

2) құрал операторы – мемлекеттік қолдау шараларын ұсынатын, жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлға және/немесе ұлттық даму институтының, ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары;

3) өтінім беруші – Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтінім берген кәсіпкерлік субъектісі;

4) инвестициялық жобаның кешенді жоспары – қажетті экономикалық, техникалық, басқарушылық және өзге құжаттамалар топтамасы;

5) орындаушы – еңбек өнімділігін арттыру, сондай-ақ аумақтық кластерлерді дамыту мақсатында өтінім беруші тартатын заңды немесе жеке тұлға;

6) қаржылай қолдамайтын оператор – «Сыртқы консультанттарды тарту арқылы озық кәсіпорындардың консультациялық жобаларын бірлесіп қаржыландыру (Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі бағдарламасы)», «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құрауыштарын қоспағанда, Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде Кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылық емес қолдауды жүзеге асыратын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

7) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – КҚО) – бұл «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының өңірлік филиалдары жанынан құрылған және/немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлер палатасы, жергілікті бюджетте қаражат болған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге арналған инфрақұрылымдық кешен;

8) топ-менеджер – заңды тұлғаның басшысы немесе оның атқарушы органының мүшесі немесе өндірісті немесе оның жекелеген кезеңдерін ұйымдастыруға жауапты тұлға (жоба менеджері, өндіріс жөніндегі басқарушы директор және т.б.).

1. Ағымдағы жағдайды бағалау, сондай-ақ оның елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы.

2010 жылы Қазақстанның өнеркәсібі тұрақты өсу қарқынын көрсетеді. 2010 жылдың 1-жартыжылдығында жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) көлемі 8 733 001, 3 млн. теңгені құрады және алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 8,0 %-ға өсті. 2010 жылдың 1-жартыжылдығында ЖІӨ-дегі тауарлар өндірісі мен көрсетілетін қызметтер өндірісінің үлесі, тиісінше, 40,5 %-ды және 56,8 %-ды құрады. ЖІӨ өндірісіндегі негізгі үлесті — 32,0 %-ды өнеркәсіп құрайды.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2010 жылғы қаңтар-тамыздағы қолданыстағы бағалар бойынша 7 467,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 10,9 %-ға көп. Тау-кен өндірісі өнеркәсібінде өндіріс 5,8 %-ға, өңдеуші өнеркәсіпте 19,1 %-ға, электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауа желдеткіші 7,6 %-ға өсті. Тамақ өнімдері мен мұнайды қайта өңдеу, тоқыма бұйымдары, құрылыс материалдары, металлургия, химия өнеркәсібінің өнімдері мен машина жасау өндірісі артты. Өндірістің өсуі республиканың 15 өңірінде байқалады.

Республиканың экспорт көлемі құндық мәнде 2005 – 2009 жылдар аралығында 55,1 %-ға 27,9-дан 43,2 млрд. Америка Құрама Штаттары (бұдан әрі – АҚШ) долларына дейін өсті, сонымен қатар 2008 жылмен салыстырғанда, экспорт көлемі 2009 жылы 39,3 %-ға, тиісінше,71,2-ден 43,2 млрд. АҚШ долларына дейін қысқарды. Құндық мәнде экспорт көлемінің төмендеуі ең алдымен, әлемдік нарықта тұтынушылар сұраныстарының төмендеуімен және елдің негізгі экспорттық баптары болып табылатын негізгі энергия тасымалдаушылар мен шикізат ресурстарына бағаның төмендеуімен байланысты болды.

Бүгінде шамамен 1000-ға жуық қазақстандық компания экспорттық операцияларды жүзеге асырады, олардың 750-ге жуығы өңделген өнімді экспорттайды. Қазақстандық өнімдердің негізгі сатып алушылары Қытай (республиканың барлық экспортының 15,7 %), Италия (15,7%), Франция (9,2%), Ресей (9,1%) болып табылады.

Өңдеу өнеркәсібі экспортының үлесі 26,8 %-ды құрайды, оның ең көп 14,9 %-дық үлес салмағын металлургиялық өнімдер экспорты құрайды. Негізгі экспорттық тауар топтарына минералдық шикізаттар мен одан жасалған өнімдер, металдар мен одан жасалған бұйымдар, химия саласының, мал шаруашылығының және өсімдік шаруашылығының өнімдері жатады. 2005 – 2009 жылдар ішінде қосылған құны жоғары өңделген экспорттың басты баптары – машина мен жабдықтар, дайын азық-түлік тауарлары бар-жоғы 2,6-3,5 % немесе 0,7-2,5 млрд. АҚШ долларын құрайды. Шикі мұнай мен табиғи газ өнеркәсіп өнімдері экспортының тауарлық құрылымында айрықша үлес (64,8 %) алады.

2. Күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктер мен қауіптерді талдау.

Бүгінгі күні Қазақстандағы еңбек өнімділігі төменгі деңгейде қалып отыр. Орта есеппен бір адамға шаққанда ол 30-40 мың АҚШ долларын құрайды, бұл ретте дамыған елдерде бұл көрсеткіш 200 мың АҚШ долларына тең. Мәселен, Қазақстанда ең төменгі еңбек өнімділігі ауыл шаруашылығында байқалады – жылына жұмыс істейтін бір адамға 3 мың АҚШ долларына жуық, ал дамыған елдерде – 50-70 мың АҚШ доллары.

Қазақстанның машина жасауында бұл көрсеткіш 10-17 мың АҚШ долларын құрайды, шетелдік бәсекелестерде – 90 мың АҚШ доллары. Бұл артта қалушылық бірқатар факторлармен түсіндіріледі, солардың бірі: ағымдағы қуаттарының толық жүктелмеуі, негізгі қорлардың жоғары тозуымен және менеджменттің қазіргі заманғы технологияларды енгізе және қолдана алмауы болып табылатын.

Объективті талдау үшін Бағдарламаның күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ бар мүмкіндіктер мен қауіптерді нақты айқындау қажет.

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1. Экономиканың басым секторларында еңбек өнімділігін ұлғайту үшін нормативтік құқықтық негіздің болуы.

2. Экономиканың басым секторларында еңбек өнімділігін ұлғайту бойынша жоғары әлеуеттің болуы.

3. Еңбек өнімділігін ұлғайтудың экономикалық рентабельділігі.

4. Жұмыстың салааралық бағыттылығы.

5. Кадрлық әлеуеттің болуы.

6. Кәсіпорындарды технологиялық жаңғыртуға жәрдем көрсету.

7. Озық басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге жәрдем көрсету.

8. Аумақтық кластерлерді дамытуға жәрдем көрсету.

1. Қаржы нарығының жеткіліксіз даму деңгейі және қарыз алудың жоғары құны.

2. Индустриялық инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы.

3. Өңдеу өнеркәсібі салаларының көпшілік кәсіпорындарының негізгі қорларының тозуы (60 %-дан астам).

4. Өнімнің ресурс сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы.

5. Шикізат салалары өнеркәсібінің құрылымындағы үстемділік, тікелей инвестициялардың, басым түрде шетелдік, көбінесе тау-кен өнеркәсібіне ағылуы.

6. Талап етілетін біліктілік деңгейіндегі адами ресурстардың төмен қолжетімділігі.

Мүмкіндіктер

Қауіптер

1. Ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

2. Озық өндірістік және басқарушылық технологияларды енгізу, кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын күшейту.

3. Жаңа өнім түрлерін жасау.

4. Қосымша жұмыс орындарын құру.

5. Жаңа нарықтарға шығу.

6. Өндірістерді үздіксіз оңтайландыру.

7. Кадрларды даярлау және қайта даярлау.

8. Технологиялық тізбектерді жасау және жергілікті ету, кооперациялау, интеграцияны дамыту және инновациялық дамуды жеделдету.

9. Елде еңбек өнімділігін ұлғайту мәселесін насихаттау және дәріптеу.

1. Жаһандық және аумақтық дағдарыстық құбылыстардың ел экономикасы мен өнеркәсібінің дамуына теріс әсері.

2. Ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі.

3. ДСҰ-ға кіру.

3. Дамудың негізгі проблемалары, үрдістері және алғышарттары.

Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғыртудың жүйелі шараларын әзірлеу мақсатында Бағдарлама операторы «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, 16 өңір мен өнеркәсіптің 10 саласының 187 өнеркәсіптік кәсіпорнына технологиялық аудит жүргізді.

Технологиялық аудит барысында өндірісті дамытуға кедергі жасайтын проблемалар анықталды, атап айтқанда:

2) индустриялық инфрақұрылымның дамымауы;

3) кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание