Toggle Dropdown
20
Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы N 598 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 30.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған ғылыми сараптама жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Заң жобаларын және заң жобаларының тұжырымдамаларын әзiрлеушi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар көрсетiлген Ереженiң талаптарына сәйкес барлық заң жобасы және заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
Toggle Dropdown
2-1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2-2. Қазақстан Республикасының заң жобаларын әзірлеуші уәкілетті мемлекеттік органдар ғылыми сараптама жүргізбеуге болатын, Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларын, сондай-ақ халықаралық шарттарды ратификациялауды көздейтін заңнамалық актілердің жобаларын енгізу жағдайларын қоспағанда, оларды көрсетілген Ереже талаптарына сәйкес ғылыми экономикалық сараптама жүргізуге жіберуді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Орталық атқарушы және өзге де мүдделi мемлекеттiк органдар белгiленген тәртiппен:
Toggle Dropdown
2002 жылы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бірлесiп 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Заң жобалау жұмыстары" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
Toggle Dropdown
мемлекеттiк тiлде заң жобаларын дайындаудың жай-күйiн жақсартсын және тиiстi мәселелерге тiкелей жетекшiлiк ететiн лауазымды адамдардың жауапкершiлiгiн арттыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
Toggle Dropdown
2002 жылдың үшiншi тоқсаны iшiнде жоғары тұрған кесiмдердiң орындалуы үшiн қабылдануы тиiс қолда бар ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдерге талдау жасасын және талдау нәтижелерi бойынша олардың уақытында қабылдануын қамтамасыз етсiн.
Toggle Dropdown
4. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар 2002 жылдың үшiншi тоқсаны iшiнде бұл органдардың тиiстi бекiтiлген штат саны лимитiнiң шегiнде әрi оларды ұстауға көзделген әкiмшiлiк шығындардың есебiнен заңгерлiк қызметтердi толық жинақтауды және заңгерлiк бөлiмшелер құрылмаған органдарда оларды құруды жүргiзудi жүзеге асырсын әрі жұмыстың нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Yкiметiн хабардар етсiн.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:
Toggle Dropdown
2002 жылдың үшiншi тоқсанында орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың заңгерлiк қызмет қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын бiлуiн тестiлеудi жүргiзсiн және тестiлеу нәтижелерi туралы тиiстi мемлекеттiк органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкiметiн хабардар етсiн.
Toggle Dropdown
6. Премьер-Министрдiң 2001 жылғы 2 шiлдедегi N 51 өкiмiнде көрсетiлген мемлекеттiк органдар:
Toggle Dropdown
дайындау мерзiмi аяқталған нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын Қазақстан Республикасының Yкiметiне 2002 жылдың 1 шiлдесiне дейiн енгiзсiн;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң лауазымды адамдарының шешiмдерiмен бақылаудан алынған тармақтар бойынша көрсетiлген өкiмге белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.
Toggle Dropdown
7. Осы қаулының iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Б.Ә.Мұхамеджановқа жүктелсiн.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 30 мамырдағы
N 598 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
1
Ғылыми сараптама жүргiзу ережесi
Toggle Dropdown
Осы Ереже «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында әзірленді.
Toggle Dropdown
Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілер жобаларының ғылыми сараптамасын қаралатын заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілер жобаларының мазмұнына қарай, тиісті бейіндегі ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары (бұдан әрі - Ғылыми ұйымдар) жүргізеді.
Toggle Dropdown
Заң жобаларының ғылыми экономикалық сараптамасын қаралатын заң жобаларының мазмұнына қарай, ғалымдар мен мамандар қатарынан тартылатын сарапшылар да (бұдан әрі - Сарапшылар) жүргізуі мүмкін.
Toggle Dropdown
2. Заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізіледі.
Toggle Dropdown
1
3. Нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай осы актілердің жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
Заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізіліп, ғылыми сараптама жүргізілмеуі мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олармен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми сараптама, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуге міндетті.
Toggle Dropdown
Іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
Toggle Dropdown
4. Заң жобаларының тұжырымдамаларына, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама жүргізуді ұйымдастыру уәкілетті мемлекеттік органдарға (бұдан әрі - Сараптаманы ұйымдастырушылар) жүктеледі.
Toggle Dropdown
5. Мыналар:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі — Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ғылыми құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, криминологиялық сараптамалар және сараптамалардың басқа түрлері бойынша, заң жобалары тұжырымдамаларының ғылыми құқықтық сараптамасы бойынша;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ғылыми құқықтық, криминологиялық сараптамалар және сараптамалардың басқа түрлері бойынша, заң жобалары тұжырымдамаларының ғылыми құқықтық сараптамасы бойынша;
Toggle Dropdown
2. Ғылыми сараптаманың міндеттері мен түрлері
Toggle Dropdown
6. Ғылыми сараптама:
Toggle Dropdown
1) жобаның сапасын, негізділігін, уақтылығын, заңдылығын, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адам және азамат құқықтарының жобада сақталуын бағалау;
Toggle Dropdown
2) нормативтік құқықтық актінің ықтимал тиімділігін айқындау;
Toggle Dropdown
3) жобаның нормативтік құқықтық акті ретінде қабылдануының ықтимал теріс салдарын анықтау;
Toggle Dropdown
4) ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу кезінде заң жобаларының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің тең түпнұсқалығы тұрғысынан бағалау үшін жүргізіледі.
Toggle Dropdown
7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
7-1. Қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптаманың негізгі мақсаты заң жобаларының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің сәйкестігін анықтау болып табылады.
Toggle Dropdown
8. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары, заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша кешенді немесе дербес ғылыми сараптамалар жүргізілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
Кешенді ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасын, заң жобасының тұжырымдамасын білімнің түрлі салалары негізінде зерттеу қажет болған жағдайларда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Дербес ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасын, заң жобасының тұжырымдамасын білімнің бір саласы негізінде зерттеу қажет болған жағдайларда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
3. Ғылыми сараптама жүргізудің тәртібі мен шарттары
Toggle Dropdown
9. Қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына және заң жобаларының тұжырымдамаларына ғылыми сараптама жүргізу үшін Сарапшыларды, Ғылыми ұйымдарды іріктеу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
10. Ғылыми сараптама жүргізудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сараптаманы ұйымдастырушы мен Сарапшы не Ғылыми ұйым арасында жасаған азаматтық-құқықтық шартта айқындалады.
Toggle Dropdown
11. Ғылыми сараптама заң жобасын әзірлеудің мынадай сатыларында жүргізіледі:
Toggle Dropdown
заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне (бұдан әрі — Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті) сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен келіскенге дейін;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізгенге дейін.
Toggle Dropdown
Ғылыми экономикалық сараптама заң жобасын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі келіскенге дейін жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Ғылыми экономикалық сараптама бойынша құжат айналымының тәртібін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі айқындайды.
Toggle Dropdown
Заң жобасына қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптама заң жобасын әзірлеудің мынадай кезеңдерінде жүргізіледі:
Toggle Dropdown
Қаржы, Ұлттық экономика және Әділет министрліктері келіскеннен кейін ол Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілгенге дейін.
Toggle Dropdown
Ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу мерзімі 15 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Бұл ретте Әділет министрлігі келіскеннен кейін әзірлеуші мемлекеттік орган 2 жұмыс күні ішінде заң жобасын ғылыми лингвистикалық сараптамаға ұсынуды қамтамасыз етуге тиіс;
Toggle Dropdown
Президент Әкімшілігінің ескертулерін жойғаннан кейін, Үкімет оны Парламенттің қарауына енгізгенге дейін жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Бұл кезеңде ғылыми лингвистикалық сараптаманы жүргізу мерзімі әзірлеуші мемлекеттік орган пысықталған заң жобасын қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесіне ұсынған кезден бастап кемінде екі жұмыс күнін құрауға және бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Toggle Dropdown
Бұл ретте әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобасын Президент Әкімшілігімен келіскеннен кейін қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесіне заң жобасының соңғы нұсқасын ұсынуы қажет.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заңнамалық актілердің жобаларына ғылыми экономикалық сараптаманы қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми сараптамаға әзірлеуші мемлекеттік орган немесе заң жобаларына бастамашылық жасағанда Парламент депутаттары өздері жібереді.
Toggle Dropdown
12. Заң жобасын әзірлеудің әрбір сатысында ғылыми сараптама мәтінінің заң жобасының мәтініне сәйкестігіне әзірлеуші мемлекеттік органдар жауапты болады.
Toggle Dropdown
13. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми сараптама жүргізуге жіберуді Әділет министрлігі нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына құқықтық сараптама жүргізу кезінде де жүзеге асыра алады.
Toggle Dropdown
14. Ғылыми экономикалық сараптама жүргізу үшін заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасы бойынша материалдарды Сараптаманы ұйымдастырушыға, оның ішінде электронды тасығышта да жібереді. Сараптаманы ұйымдастырушы заң жобасы бойынша материалдарды ғылыми экономикалық сараптама жүргізу үшін тартылатын Ғылыми ұйымға, Сарапшыға жібереді.
Toggle Dropdown
Заң жобасы бойынша материалдардың толық тізбесі берілмеген жағдайда Сараптаманы ұйымдастырушы оны қарамай, үш күн мерзімде әзірлеуші мемлекеттік органға қайтарады.
Toggle Dropdown
15. Бастапқы ғылыми сараптама нәтижелері бойынша Ғылыми ұйымның немесе Сарапшының қорытындысы жеткілікті негізделмеген не оның дұрыстығы күмән туғызған жағдайларда қайталама ғылыми сараптама жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Нормативтік құқықтық актінің жобасына, заң жобасын пысықтау нәтижесінде оның тұжырымдамасына түжырымдамалық өзгерістер енгізілген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізгенге дейін қосымша ғылыми сараптама жүргізіледі.
Toggle Dropdown
16. Ғылыми сараптама жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
Toggle Dropdown
1) нормативтік құқықтық актінің жобасы оларды шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді айқындау және сипаттау;
Toggle Dropdown
2) нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау оларды шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді шешудің барлық белгілі және тиімді, соның ішінде әртүрлі тарихи кезеңдерде, шетелдік тәжірибеде қолданылған тәсілдерін, тетіктерін, жолдарын сипаттау, сондай-ақ құқықтық қатыныстардың аралас салаларын және нормативтік құқықтық актіні қабылдау салдарлары түрінде оларға әсер етуді айқындау;
Toggle Dropdown
3) қойылған проблемалы мәселелерді шешуге нормативтік құқықтық актінің жобасында ұсынылатын тәсілдерді, тетіктерді, жолдарды, проблемалы жағдайларды шешудің нормативтік құқықтық актінің жобасында ұсынылған қандай да бір тәсілдерін қабылдаудың ықтимал салдарларын талдау.
Toggle Dropdown
4. Ғылыми сараптама жүргізу үшін ұсынылатын материалдар
Toggle Dropdown
17. Әзірлеуші мемлекеттік орган ғылыми сараптама жүргізетін Ғылыми ұйымға, Сарапшыға нормативтік құқықтық акт жобасының көшірмесімен бірге мынадай материалардың көшірмелерін ұсынады (қағаз және электронды тасығыштарда):
Toggle Dropdown
нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазба (мемлекеттік және орыс тілдерінде);
Toggle Dropdown
қолданыстағы заңнамаға өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы нормативтік құқықтық актінің жобасы енгізілген жағдайда, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесімен нормативтік құқықтық актінің жобасына салыстырма кесте (мемлекеттік және орыс тілдерінде);
Toggle Dropdown
осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша әзірлеуші мемлекеттік орган басшысы әр парағына алдын ала қол қойған және қол қойған қабылданатын заң жобасының қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспорт (мемлекеттік және орыс тілдерінде);
Toggle Dropdown
зерделенетін проблема бойынша статистикалық деректер.
Toggle Dropdown
Осы тармақта көзделген материалардың ұсынылмауы ғылыми сараптаманы жүргізуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
Сарапшының не Сараптаманы ұйымдастырушының сұратуы бойынша әзірлеуші мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актінің жобасында және тұжырымдамада қозғалған мәселелерге қатысты өзге де материалдарды екі жұмыс күн ішінде ұсынуға тиіс.
Toggle Dropdown
5. Ғылыми сараптама жүргізу мерзімдері
Toggle Dropdown
18. Ғылыми сараптама он бес жұмыс күні ішінде жүргізілетін ғылыми лингвистикалық сараптаманы қоспағанда, нормативтік құқықтық актінің жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын және олардың материалдарын ғылыми ұйымға немесе сарапшыға ұсынған күнінен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде жүргізілуге тиіс.
Toggle Dropdown
19. Ғылыми экономикалық сараптама мерзімі заң жобасы бойынша тиісті материалдар ұсынылған күннен бастап жиырма бес күнтізбелік күнді құрайды.
Toggle Dropdown
Қосымша және қайталама ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын және оларға материалдарды Ғылыми ұйымға немесе Сарапшыға ұсынған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізілуге тиіс.
Toggle Dropdown
Қажет болған жағдайда ғылыми сараптаманы жүргізу мерзімі Сараптаманы ұйымдастырушымен уағдаластық бойынша ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте Ғылыми ұйымға немесе Сарапшыға мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару үшін қосымша үш жұмыс күні беріледі.
Toggle Dropdown
20. Ғылыми ұйымының немесе Сарапшының ұсыныстары бойынша әзірлеуші мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актінің жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын пысықтаған жағдайда ғылыми сараптаманы жүргізу мерзімдері жаңартылған нормативтік құқықтық актінің жобасы немесе заң жобасының тұжырымдамасы ұсынылған күнінен бастап белгіленеді.
Toggle Dropdown
6. Ғылыми сараптаманы жүзеге асырушы Ғылыми ұйым, Сарапшы
Toggle Dropdown
21. Ғылыми сараптама жүргізу үшін нормативтік құқықтық актінің жобасын және заң жобасының тұжырымдамасын дайындауға тікелей қатыспаған Ғылыми ұйымдар, Сарапшылар тартылады.
Toggle Dropdown
22. Ғылыми ұйымдар, Сарапшылар ретінде басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкін. Нормативтік құқықтық актінің жобасы, заң жобасының тұжырымдамасы ғылыми сараптау үшін шетелдік және халықаралық ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
23. Сарапшының жоғары білімі және (немесе) ғылыми дәрежесі болуға тиіс, ғылыми сараптаманың белгілі бір түрі саласында арнайы білімі, тәжірбиесі болуы қажет.
Toggle Dropdown
24. Ғылыми ұйым, Сарапшы:
Toggle Dropdown
ғылыми сараптама жүргізу үшін қажетті, оның ішінде ғылыми сараптама жұмысын жүргізу барысында туындайтын мәселелер бойынша барлық ақпаратты, материалдарды алады;
Toggle Dropdown
орындаған жұмысы үшін сыйақы алады;
Toggle Dropdown
Сараптаманы ұйымдастырушымен келісім бойынша тек өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша ғана емес, өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларынан туындайтын өзге мәселелер бойынша да қорытындылар береді;
Toggle Dropdown
әзірлеуші мемлекеттік органдардың статистикалық деректерін пайдалана алады. Егер статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен әзірлеуші мемлекеттік органның статистикалық деректері сәйкес келмеген жағдайда, бұл сараптамалық қорытындыда көрсетілуге тиіс;
Toggle Dropdown
егер шартта өзгеше көзделмесе, ғылыми сараптаманы жүзеге асыру кезінде оны орындауға үшінші тұлғаларды тартуы мүмкін.
Toggle Dropdown
25. Ғылыми ұйым, Сарапшы:
Toggle Dropdown
нормативтік құқықтық актілердің жобаларынан туындайтын, сондай-ақ Сараптаманы ұйымдастырушы оның алдына қойған мәселелер бойынша уәжді, ғылыми негізделген, объективті және толық қорытынды береді;
Toggle Dropdown
ғылыми сараптама жүргізу барысында өзінің кінәсінен жіберілген кемшіліктерді өз күшімен, өз есебінен және Сараптаманы ұйымдастырушы белгілеген мерзімде жояды;
Toggle Dropdown
Сараптаманы ұйымдастырушыға межеленген нәтижелерді алу мүмкін болмайтынын анықтағаны немесе одан әрі ғылыми сараптама жүргізудің орынсыздығы туралы бір күн мерзімде хабарлайды;
Toggle Dropdown
Сараптаманы ұйымдастырушыға ғылыми сараптама жүргізу барысында шеккен шығыстары туралы есеп береді;
Toggle Dropdown
1
ғылыми сараптама жүргізу нысанасына қатысты мәліметтердің, оның орындалу барысының және ғылыми нәтижелерінің жасырын болуын қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
шартта белгіленген өзге де міндеттерді алады.
Toggle Dropdown
7. Сараптамалық қорытынды
Toggle Dropdown
26. Жүргізілген ғылыми сараптама нәтижелері бойынша ғылыми сараптама жүргізудің нысанасы бойынша Ғылыми ұйымның немесе Сарапшылардың уәжді, ғылыми негізделген, объективті және толық тұжырымдары қамтылуға тиіс сараптамалық қорытынды жасалады.
Toggle Dropdown
27. Егер әзірлеуші мемлекеттік органда сараптамалық қорытынды тұжырымдарына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, ол тиісті түсіндірмелер беруі үшін Ғылыми ұйымға немесе Сарапшыға не Сараптаманы ұйымдастырушы белгілеген мерзімде Сараптаманы ұйымдастырушыға қайталама ғылыми сараптама жүргізу бойынша сұраумен және өз негіздемесімен жүгіне алады.
Toggle Dropdown
28. Нормативтік құқықтық акт жобасына берілген ғылыми сараптаманың қорытындысында мынадай деректер көрсетілуге тиіс:
Toggle Dropdown
1) жалпы ережелер:
Toggle Dropdown
ғылыми сараптама жүргізген ұйым тартқан ұйым және/немесе адам;
Toggle Dropdown
ғылыми сараптама жүргізілген ғылым саласы;
Toggle Dropdown
әзірлеуші мемлекеттік орган;
Toggle Dropdown
ғылыми сараптаманың мәні мен мақсаттары;
Toggle Dropdown
нормативтік құқықтық акт жобасының атауы;
Toggle Dropdown
нормативтік құқықтық акт жобасының мақсаты;
Toggle Dropdown
нормативтік құқықтық акт жобасының құрылымы;
Toggle Dropdown
2) нормативтік құқықтық актінің жобасы шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді сипаттау, оның ішінде:
Toggle Dropdown
нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдаудың негізділігі мен уақтылылығын бағалау;
Toggle Dropdown
3) нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау оларды шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді шешудің барлық белгілі және тиімді, соның ішінде әртүрлі тарихи кезеңдерде, шетелдік тәжірибеде қолданылған тәсілдерін, тетіктерін, жолдарын сипаттау, сондай-ақ құқықтық қатыныстардың аралас салаларын және нормативтік құқықтық актіні қабылдау салдарлары түрінде оларға әсер етуді сипаттау;
Toggle Dropdown
4) қойылған проблемалы мәселелерді шешу үшін нормативтік құқықтық актінің жобасында ұсынылатын тәсілдерді, тетіктерді, жолдарды, проблемалы жағдайларды шешудің ұсынылған қандай да бір тәсілдерін қабылдаудың ықтимал салдарларын, оның ішінде ғылыми сараптаманың (құқықтық, криминологиялық) алдына қойылған мәселелерге жауаптарды талдау;
Toggle Dropdown
Нормативтік құқықтық актілер жобаларының ғылыми құқықтық сараптамасына қойылған мәселелер:
Toggle Dropdown
нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасының Конституциясына, жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкестігін тексеру;
Toggle Dropdown
нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдаудың әлеуметтік, экономикалық, ғылыми-техникалық және өзге де салдарларын бағалау;
Toggle Dropdown
нормативтік құқықтық акт жобасының қабылдануына байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау үшін жағдайлардың пайда болуын айқындау;
Toggle Dropdown
нормативтік құқықтық акт жобасының қабылдануына байланысты гендерлік теңдік құқығына қысым жасайтын себептер мен жағдайлардың болуын айқындау;
Toggle Dropdown
нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда нақтылауға жататын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін айқындау;
Toggle Dropdown
нормативтік құқықтың акт жобасы нормаларының ғылыми пысықталуының сипаттамасы, заңнамалық базаны жақсарту жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу;
Toggle Dropdown
құқықтың тиісті саласының қағидаттарына ықтимал қайшылықтарды анықтау;
Toggle Dropdown
нормативтік құқықтық актінің жобасында қамтамасыз етілетін айқын немесе жасырын ведомстволық немесе топтық мүддені анықтау;
Toggle Dropdown
нормативтік құқықтық актінің жобасынан туындайтын өзге де сұрақтарға жауап алу.
Toggle Dropdown
Заң жобаларының ғылыми криминологиялық сараптамасына қойылған мәселелер:
Toggle Dropdown
заң жобалау базасын жетілдіру;
Toggle Dropdown
заң жобасының қабылдануына байланысты құқық бұзушылықтарды жасау ықтималдығының жағдайларын айқындау;
Toggle Dropdown
қылмыстық әрекеттің үстінен әлеуметтік-құқықтық бақылаудың ықтимал тиімділігін айқындау және заң жобасы қабылданған жағдайда оның алдын алу;
Toggle Dropdown
заң жобасында Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі қылмыстың жай-күйін, сипатын және құрылымын есепке алу;
Toggle Dropdown
заң жобасын қабылдаудың қылмысқа қарсы күрес жөніндегі шараларға қатысты салдарлары;
Toggle Dropdown
заң жобасын қабылдаудың қылмыс субъектілерінің әлеуметтік-психологиялық сипаттары жүйесіне қатысты салдарлары;
Toggle Dropdown
жәбірленуші тараптың өз құқықтарының қорғалуын жүзеге асыру мүмкіндігі;
Toggle Dropdown
заң жобасымен реттелетін құқық бұзушылықтардың түрлері бойынша статистикалық деректердің болуы;
Toggle Dropdown
заң жобасында көрсетілген құқық бұзушылықтардың түрлері бойынша жасырын қылмысты есепке алу мүмкіндігі;
Toggle Dropdown
террорлық актілер, қасақана құқық бұзушылықтар, сондай-ақ абайсызда жасалған құқық бұзушылықтар жасау мүмкіндігін анықтау;
Toggle Dropdown
заң жобасы қабылданған жағдайда криминологиялық болжауды енгізу;
Toggle Dropdown
заң жобасы қабылданған жағдайда криминологиялық жоспарлауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
экономикалық қылмыстың криминологиялық сипаттамасын талдау.
Toggle Dropdown
29. Заң жобасы тұжырымдамасының ғылыми құқықтық сараптамасының сараптамалық қорытындысында мынадай деректер көрсетілуге тиіс:
Toggle Dropdown
1) жалпы ережелер:
Toggle Dropdown
ғылыми құқықтық сараптаманы жүргізген ұйым немесе тұлға;
Toggle Dropdown
әзірлеуші мемлекеттік орган;
Toggle Dropdown
ғылыми құқықтық сараптаманың мәні мен мақсаттары;
Toggle Dropdown
заң жобасы тұжырымдамасының атауы;
Toggle Dropdown
2) нормативтік құқықтық актінің жобасы оларды шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді сипаттау;
Toggle Dropdown
3) нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау оларды шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді шешудің барлық белгілі және тиімді, соның ішінде әртүрлі тарихи кезеңдерде, шетелдік тәжірибеде қолданылған тәсілдерін, тетіктерін, жолдарын сипаттау, сондай-ақ құқықтық қатыныстардың аралас салаларын және заң жобасын қабылдау салдарлары түрінде оларға әсер етуді сипаттау, оның ішінде:
Toggle Dropdown
халықаралық тәжірибені айқындау және оны тұжырымдамада айқындалатын құқықтық қатынастарда қолдану мүмкіндігін бағалау;
Toggle Dropdown
4) қойылған проблемалы мәселелерді шешуге нормативтік құқықтық актінің жобасында ұсынылатын тәсілдерді, тетіктерді, жолдарды, проблемалы жағдайларды шешуге ұсынылған қандай да бір тәсілдерін қабылдаудың ықтимал салдарларын, оның ішінде:
Toggle Dropdown
заң жобасын қабылдаудың негізділігін және уақтылылығын бағалау не заң жобасын қабылдау қажеттігінің жоқтығы немесе орынсыздығы туралы ғылыми негізделген дәлелдемелер әзірлеу;
Toggle Dropdown
заң жобасы тұжырымдамасының сапасын бағалау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Toggle Dropdown
заң жобасын қабылдаудың құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау;
Toggle Dropdown
заң жобасы тұжырымдамасының құқықтың негіз қалаушы қағидаттарына сәйкестігін айқындау;
Toggle Dropdown
тұжырымдамада айқындалатын құқықтық қатынастардың қолданыстағы заңнамада реттелуі тұрғысынан бағалау;
Toggle Dropdown
тұжырымдамада айқындалған құқықтық қатынастардың Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағына сәйкестігі тұрғысынан бағалау;
Toggle Dropdown
заң жобасы қабылданған жағдайда нақтылауға жататын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін айқындау;
Toggle Dropdown
5) Сараптаманы ұйымдастырушы қойған өзге де сұрақтарға жауаптар алу;
Toggle Dropdown
6) заң жобасының тұжырымдамасы, оның мазмұны бойынша жалпы қорытынды.
Toggle Dropdown
30. Заң жобасының ғылыми экономикалық сараптамасының сараптамалық қорытындысында мыналар көрсетілуге тиіс:
Toggle Dropdown
1) жалпы ережелер:
Toggle Dropdown
әзірлеуші мемлекеттік орган;
Toggle Dropdown
ғылыми сараптаманы жүргізген ұйым тартқан ұйым және/немесе тұлға;
Toggle Dropdown
заң жобасының жалпы сипаттамасы;
Toggle Dropdown
заң жобасының атауы;
Toggle Dropdown
заң жобасының мақсаты;
Toggle Dropdown
заң жобасының құрылымы;
Toggle Dropdown
заң жобасының жаңалығы;
Toggle Dropdown
2) заң жобасы оларды шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді сипаттау;
Toggle Dropdown
3) заң жобасын қабылдау оларды шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді шешудің барлық белгілі және тиімді, соның ішінде әртүрлі тарихи кезеңдерде, шетелдік тәжірибеде қолданылған тәсілдерін, тетіктерін, жолдарын сипаттау;
Toggle Dropdown
4) қойылған проблемалы мәселелерді шешуге заң жобасында ұсынылатын тәсілдерді, тетіктерді, жолдарды, проблемалы жағдайларды шешудің нормативтік құқықтық актінің жобасында ұсынылған қандай да бір тәсілдерін қабылдаудың ықтимал салдарларын талдау, соның ішінде заң жобасы ережелерінің макроэкономикалық тиімділікке, әлеуметтік дамуға, кәсіпкерліктің дамуына, саланың және/немесе елдің экономикалық қауіпсіздігіне ықпал етуін бағалау;
Toggle Dropdown
5) жалпы қорытынды.
Toggle Dropdown
31. Ғылыми сараптамаға бірнеше нормативтік құқықтық актілердің жобалары немесе заң жобаларының тұжырымдамалары ұсынылған жағдайда Ғылыми ұйым немесе Сарапшы нормативтік құқықтық акт жобасының немесе заң жобасы тұжырымдамасының әрқайсысы бойынша ғылыми сараптама жүргізеді және қорытынды жасайды.
Toggle Dropdown
32. Сараптамалық қорытынды ғылыми сараптама жүргізген ұйымның фирмалық бланкісінде дайындалады, ал ғылыми сараптаманы ғылыми ұйым тартқан жеке тұлға жүргізген жағдайда, қорытындыда оның тегі, аты, әкесінің аты және оның құзыреті мен біліктілігін көрсететін деректер көрсетіледі.
Toggle Dropdown
33. Сараптамалық қорытындыға сараптама жүргізген ғылыми ұйымның бірінші басшысы және тұлғалар немесе ғылыми сараптама жүргізген ғылыми ұйым тартқан жеке тұлға қол қояды.
Toggle Dropdown
34. Ғылыми сараптама тұжырымдары ұсынымдық сипатта болады. Сараптамалық қорытындыда нормативтік құқықтық акт жобасына лер мен ұсыныстар болған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган оларды құзыретіне сараптамалық қорытындыда қозғалатын мәселелерді қарау кіретін мемлекеттік органдарға пысықтау және тиісті ұстанымды қалыптастыру үшін нормативтік құқықтық актінің жобасымен бір мезгілде жібереді.
Toggle Dropdown
35. Егер ғылыми сараптама қорытындысында лер және/немесе ұсыныстар қамтылған жағдайда әзірлеуші мемлекеттік орган Сараптаманы ұйымдастырушымен келісім бойынша нормативтік құқықтық актінің жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес пысықтау туралы дербес шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
36. Сараптама қорытындысында қозғалатын мәселелерді қарау құзыретіне кіретін мемлекеттік органдар ғылыми құқықтық, криминологиялық сараптамалардың қорытындыларын алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде берілген ескертулер мен ұсыныстарды қарау жөнінде шаралар қабылдауға және тиісті ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуға міндетті.
Toggle Dropdown
Сарапшылардың ескертулерімен және ұсыныстарымен келіспеген жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган оларды қабылдамау негіздемесімен бірге жобаны қосымша сараптамаға жібереді.
Toggle Dropdown
Бұл тәртіп Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдарына мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.
Toggle Dropdown
37. Нормативтік құқықтық актінің жобасы мен ол бойынша сараптамалық қорытындыны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыдағы ұсынымдарды қабылдамау себептерінің уәжді негіздемесін беруге тиіс. Әзірлеуші мемлекеттік орган тиісті негіздемелердің көшірмесін бір мезгілде Ғылыми ұйымға немесе Сарапшыға береді.
Toggle Dropdown
8. Ғылыми сараптама жүргізуді қаржыландыру
Toggle Dropdown
38. Ғылыми сараптама жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Ғылыми сараптама жүргізу
ережесіне қосымша
Toggle Dropdown
Қабылданатын заң жобасының қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспорт
Toggle Dropdown
1. Жалпы ақпарат:
Toggle Dropdown
1.1. Әзірлеуші:______________________________________________________
Toggle Dropdown
1.2. Заң жобасының атауы:____________________________________________
Toggle Dropdown
1.3. Заң жобасының мақсаты:__________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
1.4. Құқықтық реттеу нысанасы________________________________________
Toggle Dropdown
1.5. Заңнама саласы:_________________________________________________
Toggle Dropdown
1.6. Заң жобасының түрі:_____________________________________________
Toggle Dropdown
| Заң жобасының түрі | Саны | Сипаттамасы |
| Дербес | | |
| Өзгерістер мен толықтырулар енгізеді | | |
| Өзгерістер енгізеді | | |
| Толықтырулар енгізеді | | |
| Басқа заңды жоюға қояды | | |
Toggle Dropdown
1.7. Заң жобасының қолданысы:
Toggle Dropdown
| Заң жобасының қолданысы | Сипаттамасы |
| уақыт бойынша: | |
| кеңістікте: | |
| тұлғалар бойынша (нысаналы топ): | |
Toggle Dropdown
1.8. Заң жобасының заңнама мен экономиканың аралас салаларымен сәйкестігі:
Toggle Dropdown
| Аралас салалар | Сәйкестігін сипаттау |
| Заңнаманың аралас салалары | |
| Экономиканың аралас салалары | |
Toggle Dropdown
1.9. Заң жобалары нормаларының ақпараттылық коэффициенті:
Toggle Dropdown
| Нормалар | Қолданыстағы редакция (бар болса) | Ұсынылатын редакция | Саны (бөлік, тармақ, бап, бөлім) |
| N жаңа (жаңа ақпараты бар нормалардың саны) | | | |
| N жалп. (заң жобасындағы нормалардың жалпы саны) | | | |
| К ақп. (нормалардың ақпараттылық коэффициенті) (сандық сипаттамасы) | | | |
| Тұжырым (сапалық сипаттамасы) | | | |
Toggle Dropdown
1.10. Заң жобалары нормаларының белгісіздік коэффициенті:
Toggle Dropdown
| Нормалар | Қолданыстағы редакция (бар болса) | Ұсынылатын редакция | Саны (бөлік, тармақ, бап, бөлім) |
| N дис. (коррупциогенді нормалар саны, сондай-ақ реттелмеген диспозициялары бар нормалардың саны) | | | |
| N анық тұж. (анық емес тұжырымдалған нормалардың саны) | | | |
| N терм. (терминдер мен анықтамалары бар нормалардың саны) | | | |
| N сілт. (басқа нормативтік құқықтық актілерге сілтемелері бар нормалардың саны немесе қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге қажетті нормалардың жоқтығы) | | | |
| N өзге . (әр түрлі түсіндірілетін сөздер мен фразалары бар нормалардың саны) | | | |
| N жалп. (заң жобасындағы нормалардың жалпы саны) | | | |
| K белг. (нормалар белгісіздігінің коэффициенті) (сандық сипаттамасы) | | | |
| Тұжырым (сапалық сипаттамасы) | | | |
Toggle Dropdown
2. Заң жобасының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі:
Toggle Dropdown
| Мемлекеттің стратегиялық мақсаттары | Заң жобасының мақсаты | Сәйкестікті сипаттау |
| Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары | | |
| Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы | | |
| Әзірлеуші органның стратегиялық жоспары | | |
Toggle Dropdown
3. Әлеуметтік-экономикалық салдар:
Toggle Dropdown
| Заң жобасының стратегиялық мақсаты: |
| Міндеттері | Міндеттердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері | Нәтижелер | Нәтижелердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері | Нәтижелерге қол жеткізуге қажетті іс-қимылдар мен ресурстар | Нәтижелер бойынша тәуекелдер мен жорамалдар |
| ----> | | ----> | | |
| ----> | | ----> | | |
| | | | | |
| Тұжырым: |
| Ақпарат көзі: |
Toggle Dropdown
4. Пайда мен шығасыны талдау:
Toggle Dropdown
| Талдаудың деңгейі: | Пайда | Шығасы |
| Нысаналы топ | | |
| Халық | | |
| Кәсіпкерлер | | |
| Мемлекет | | |
Toggle Dropdown
5. Қаржыландыру көзі:
Toggle Dropdown
| Қол жеткізу қаражаты | Болжамдалатын сома |
| Республикалық бюджет | |
| Жергілікті бюджет | |
| Ұлттық Қор | |
| Басқа қаражат көздері | |
Toggle Dropdown
6. Қорытындылар:
Toggle Dropdown
| 1) Реттеу қандай проблеманы шешуге бағытталған? | |
| 2) Заң жобасында көзделген іс-қимылдың болмауы неге алып келеді және тәуекелдер қандай? | |
| 3) Осы саладағы реттеу тиімді ме? Тиімсіз болса, неліктен? | |
| 4) Қойылған міндетке қол жеткізу үшін қандай құралдарды пайдалануға болады? | |
| 5) Қойылған мақсатқа қол жеткізудің қандай балама нұсқалары бар және олар неліктен таңдалмаған? | |
| 6) Осындай реттеуге байланысты шығасылардан реттеуді енгізуден түсетін пайда артық па? | |
| 7) Нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының қалай азаюы және/немесе ұлғаюы көзделеді? | |
| 8) Әр түрлі әлеуметтік топтар (нысаналы топтар) арасында шығасылар мен пайданы бөлу ашықтығы қалай қамтамасыз етіледі? | |
| 9) Іске асыру үшін қандай органдар мен ұйымдар жауапты болады, тиімділікті бағалау қалайша және қандай мерзімде жүргізіледі? | |
| Қорытынды тұжырым: | |
Toggle Dropdown
Әзірлеуші _____________________________________________________ (заң жобасын әзірлеуші ұйымның бірінші басшысының қолы)
Toggle Dropdown
Жауапты адам:
Toggle Dropdown
Байланыс телефоны:
Toggle Dropdown
Күні:_____________