Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839 Жарлығы
Редакция 29.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Республикалық баспасөзде
мазмұны жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 2 сәуірдегі
N 839 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссияның міндеттері сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылығына қарсы іс-қимылды күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған келісілген шараларды талдап-жасау мен қабылдау болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Комиссия төрағадан, хатшыдан және осы Ережеге қосымшаға сәйкес Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі басқарады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Комиссияның хатшысы болып табылады.
Комиссияның құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Қауісіздік Кеңесінің Хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық және экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшілері, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, келісу бойынша – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кіреді.
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2. Комиссияның функциялары мен өкілеттіктері
6. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдап, Мемлекет басшысына енгізу;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйіне, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтарына мониторинг жүргізу мен талдау жасау;
3) жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдар жол берген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері, мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзушылығы туралы азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды қарау және оларға тәртіптік жазалар қолдануға уәкілеттік берілген адамдарға қызметтік тексеру жүргізу туралы ұсынымдар дайындау.
7. Комиссия өз құзыреті шегінде:
1) орталық және жергілікті органдардан қылмыстық істерді және жедел-іздестіру материалдарын қоспағанда, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
2) мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалардың немесе оларға теңестірілген тұлғалардың жазбаша түсініктемелерін тыңдауға және олардан ауызша түсініктемелер алуға;
3) құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарға қызмет этикасын бұзу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы фактілері бойынша тексеру жүргізу және заңнамада көзделген басқа да шараларды қабылдау үшін материалдарды жолдауға;
4) өз отырыстарында құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы мәселелері жөніндегі ақпаратын тыңдауға;
5) тиісті органдар мен мемлекеттік ұйымдарға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындауды қамтамасыз етпеген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған, сондай-ақ Әдеп кодексін бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауаптылығы туралы, тіпті оларды атқаратын қызметінен босатуға шейін, ұсыныстар енгізуге;
6) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7) Қазақстан Республикасының Президентіне қаралатын мәселелер бойынша тапсырмалар беру, Республика Президентінің тиісті актілерін шығару туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың тиісті деңгейін қамтамасыз етпеген, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерін, мемлекеттік органдардың басшыларын атқаратын қызметінен босатуға дейін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
8. Комиссияның отырыстары қажетіне қарай тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі, олар Комиссия төрағасының шешімі бойынша ашық немесе жабық болуы мүмкін.
9. Комиссияның отырыстары Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болғанда құқылы. Комиссия мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
10. Комиссия шешімдері отырысқа қатысушылардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
11. Комиссияның отырыстарына Комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ өзге де адамдар шақырылуы мүмкін.
11-1. Комиссия отырысында тыңдалатын мемлекеттік органның қызметі саласында заңнаманың бұзылу фактілері келтірілген жағдайда, Комиссия мүшелері болып табылатын немесе Комиссия отырысында шақырылған, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының басшылары орын алған бұзушылық фактілері бойынша өз құзыреті шегінде мемлекеттік органның ұстанымын білдіреді.
Аталған мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының басшылары осындай бұзушылық фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыныстар айтуға құқылы.
1) Комиссия қызметіне басшылық жасайды;
2) оның отырыстарында төрағалық етеді;
3) Комиссия жұмысы туралы Республика Президентіне тұрақты есеп береді;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы мәселелерін қарауға байланысты құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың алқа отырыстарына қатысуға хақылы.
13. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
1) Комиссия мүшелерін Комиссия отырысының уақыты мен орны туралы хабардар етеді;
2) Комиссия отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
3) Комиссия отырыстарының хаттамасын жүргізеді;
4) Комиссия шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады әрі бақылау жасайды;
5) Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.
15. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Комиссияның жүктелген міндеттерді орындауына жәрдемдесуге міндетті.
16. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеге
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, төраға
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, хатшы
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)