Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасында өлiм жазасының күшiн жою туралы мәселенi зерделеу жөнiнде комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 687 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 19.06.2009 № 940 Қаулысымен. (28.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасында өлiм жазасының күшiн жою туралы мәселенi зерделеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 687 қаулысына қосымша
құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.10.2007. № 905, 28.12.2007. № 1346 Қаулыларымен. (19.07.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасында өлiм жазасының күшiн жою туралы мәселенi зерделеу жөнiндегi комиссияның құрамы
Балиева - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Зағипа Яхияқызы министрi, төрайым
Құсдәулетов - Қазақстан Республикасының Әділет
Дулат Рашитұлы вице-министрі, төрайымның орынбасары
Әзімова - Қазақстан Республикасы Әділет
Эльвира Әбілқасымқызы министрлігі Халықаралық құқық және мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің директоры, хатшы
Юрченко - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Раиса Николаевна Сотының Қылмыстық істер жөніндегі алқасының судьясы (келісім бойынша)
Әшітов - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Батыржан Зайырханұлы министрлігі Заң департаментінің бастығы
Қожамжаров - Қазақстан Республикасы Әділет
Темірболат Жанайдарұлы министрлігі Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төрағасы, төрайымның орынбасары
Әмiров - Қазақстан Республикасының
Иран Әмiрұлы Парламентi Сенатының депутаты
Белоруков - Қазақстан Республикасы
Николай Васильевич Конституциялық Кеңесiнiң мүшесi
Байболов - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Болат Әбiлхақұлы Сотының Аппарат Басшысының орынбасары
Турецкий - Қазақстан Республикасының Парламенті
Николай Николаевич Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Ешiмова - Қазақстан Республикасы Экономика
Дана Ақылбекқызы және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Заң басқармасының бастығы
Нұржанов - Қазақстан Республикасы
Қасымтай Бiржанұлы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментiнiң бастығы
Оразалиева - Қазақстан Республикасы Қаржы
Зәбира Жандарқызы министрлiгi Заң қызметi департаментiнiң директоры
Дандыбаев - Қазақстан Республикасы Қарулы
Тимур Тұрарұлы Күштерінің Әскери полициясы бас басқарма бастығының орынбасары
Әмiржанов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Жасұлан Жұмадiлұлы қауiпсiздiк комитетiнiң Заң басқармасы бастығының орынбасары
Жовтис - Адам құқықтары мен заңдылықты
Евгений Александрович сақтау жөнiндегi Қазақстандық халықаралық бюросының директоры
Фокина - Алматы Хельсинки комитетiнiң
Нинель Константиновна төрайымы
Тұрмағамбетова - "Адам құқықтары үшін хартиясы"
Жеміс Өтегенқызы« қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)
Иванета Добичина - "Қазақстан Республикасындағы»Фридом
Хаус, Инк." Өкілдігінің өкілі (келісім бойынша)
Әбдiрәсiлов - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
Ермек Баяхметұлы ұлттық университетi заң факультетiнiң деканы, заң ғылымдарының докторы
Мәуленов - Қазақ гуманитарлық заң
Ғазиз Сырбайұлы университетiнiң қылмыстық-құқықтық пәндерi кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты
Тарабаева - "Қазақстандық криминологиялық
Ольга Михайловна қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)
Шер - Қазақстан Республикасы Білім
Раиса Петровна және ғылым министрлігінің
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары
Жаменова - Қазақстан Республикасы
Ғалия Масалимқызы Мәдениет және ақпарат министрлігі Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментінің директоры
Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасы
Жанмұрат Мұратұлы Денсаулық сақтау министрлігі
Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры
Тәшібаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Мұрат Сейітжанұлы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар және көп жақты ынтымақтастық департаментінің директоры
Әбдікәрімов - Қазақстан Республикасы Бас
Аман Орапбайұлы прокуратурасы Соттарда қылмыстық істерді қарау заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы (келісім бойынша)
Қалиакбарова - Орталық Азиядағы»"Penal Reform
Гүлнәр Тайтөлеуқызы International" (Халықаралық түрме реформасы) халықаралық қоғамдық бірлестігінің өңірлік директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 687 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлiм жазасының күшін жою туралы мәселенi зерделеу жөнiндегi комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында өлiм жазасының күшiн жою туралы мәселенi зерделеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президент пен Үкiметтiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
3. Комиссияның мiндеттерi:
Қазақстан Республикасында өлiм жазасының күшiн жою туралы мәселенi мұқият және жан-жақты зерделеу;
қажеттi нақты материал мен объективтi ақпараттарды жинау болып табылады.
4. Комиссияның функциялары:
Қазақстан Республикасында өлiм жазасының күшiн жою туралы мәселе бойынша мемлекеттiк органдардың, қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарын қарау;
өлiм жазасын қолдану және оның күшiн жою мәселелерi бойынша халықаралық тәжiрибе мен заңнаманы талдау;
Комиссия отырыстарының өткiзiлу ретiне қарай өлiм жазасының күшiн жою туралы мәселенi зерделеу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар ету;
өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсынымдар әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзу болып табылады.
5. Комиссияның:
орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға;
мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен халықаралық ұйымдар өкiлдерiнiң қатысуымен отырыстар, кеңестер мен конференциялар өткiзуге;
министрлiктерден, ведомстволардан және Қазақстан Республикасының өзге де орталық атқарушы органдарынан, ғылыми, үкiметтiк емес және басқа да ұйымдарынан қажеттi материалдарды сұратуға, комиссия жұмысына қажеттi мамандарды тартуға;
Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қажеттi, өзге де құқықтарға құқығы бар.
3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
6. Комиссия үш жыл мерзiмге құрылады.
7. Төраға Комиссияның қызметiне басшылық етедi, оның отырыстарына төрағалық етедi, оның шешiмдерiн iске асыруды жалпы бақылауды, салааралық, ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
8. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
9. Жұмысты ұйымдастыруды, тиiстi құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссия отырысынан кейiн хаттаманы ресiмдеудi Комиссияның мүшесi болып табылмайтын Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
Комиссия отырысын өткiзуге материалдар дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады, ол оларды отырысқа дейiн кемiнде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне жiбередi.
10. Отырыстардың күн тәртiбi, сондай-ақ оларды өткiзу орны мен уақытын Комиссия төрағасы белгiлейдi және нақтылайды.
Бекiтiлген тiзбе Комиссия мүшелерiне тiзiм бойынша жiберiледi.
11. Комиссия отырысы күнтізбелік жылдың әрбір айының әрбір екінші жұмасында, қажеттілігіне қарай Комиссия төрағасы белгілейтін өзге де күндері өткiзiледi. Отырыс оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде заңды деп есептеледi.
Комиссия мүшелерi оның қызметiне алмастыру құқығынсыз қатысады.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.12.2007. № 1346 Қаулысымен. (05.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
12. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер, олар үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусы берiлсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия отырысының хаттамасына, сондай-ақ есеп-хатына қоса тiркелуi тиiс.
13. Комиссияның отырыстарын өткiзу нәтижелерi бойынша Комиссияның барлық мүшелерi мiндеттi тәртiппен қол қоятын хаттама жасалады. Комиссияның шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
14. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |