• Мое избранное
Есеп саясатын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Есеп саясатын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі N 444 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 22 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6505 болып енгізілді

Редакция 21.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 116-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса берілген Есеп саясаты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есептің, аудиторлық қызметтің әдістемесі департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада  белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Министр                                       Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 444 бұйрығымен бекітілген
Есеп саясаты
Есеп саясат өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 21.09.2012 жылғы № 433 Бұйрығымен (07.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
Есеп саясат өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 16.06.2014 жылғы № 275 Бұйрығымен (01.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Есеп саясат өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 жылғы № 619 Бұйрығымен (16.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 26.12.2015 жылы тіркелді
Есеп саясат өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 10.02.2016 жылғы № 59 Бұйрығымен (07.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 16.03.2016 жылы тіркелді
Есеп саясат өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 13.01.2017 жылғы № 15 Бұйрығымен (10.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
Есеп саясат жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.03.2021 жылғы № 230 Бұйрығына сәйкес (13.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Есеп саясаты Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Бухгалтерлік есепке алу қағидалары) сәйкес әзірленген.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 жылғы № 1342 Бұйрығына сәйкес (18.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Есеп саясаты мемлекеттік мекемелерде қаржы есептілігін құрастырғанда және ұсынғанда қолданылатын, барлық мемлекеттік мекемелерге бірыңғай болып табылатын принциптерді, негіздерді, ережелерді, қағидалар мен практиканы қамтиды.
2-тарау. Бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігін жасаудың принциптері мен негізгі сапалық сипаттамасы
3. Есептеу және қызметтің үздіксіздігі бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржы есептілігін жасаудың принциптері болып табылады.
4. Есептеу принципі төлем уақытына қарамастан, оларды жасау фактісі бойынша операция қорытындыларын танумен қамтамасыз етіледі.
5. Қызметтің үздіксіздік принципі мемлекеттік мекеме көз жетерлік болашақта жұмыс істеуге ниеті бар екенін, қызмет ауқымын тарату немесе елеулі қысқарту қажеттігі болмайтындығын білдіреді.
6. Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары түсініктілік, орындылық, сенімділік, салыстырмалылық және уақтылық болып табылады.
Түсініктілік-қаржылық есептілікте ұсынылатын ақпарат пайдаланушыларға түсінікті.
Орындылық-Ақпарат шешім қабылдайтын пайдаланушылар үшін орынды және оларға оқиғаларды бағалауға, олардың өткен бағаларын растауға немесе түзетуге көмектеседі.
Сенімділік-пайдаланушылар ақпаратқа шыншыл ретінде сене алатын елеулі қателер мен бұрмаланулардың болмауы.
Салыстырмалылық-әртүрлі кезеңдердегі және әртүрлі мемлекеттік мекемелердегі ақпаратты салыстыру мүмкіндігі. Осындай операциялардың қаржылық нәтижелері барлық мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай әдістеме бойынша есептеледі.
3-тарау. Қаржылық есептілік элементтері мен оларды тану
7. Активтер, міндеттемелер және таза активтер/капитал қаржы жағдайын бағалауға байланысты қаржылық есептілік элементтері болып табылады.
Активтерге өткен оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік мекеменің бақылауындағы ресурстар жатқызылады, олардан болашақта экономикалық пайда немесе сервистік әлеует күтіледі.
Мемлекеттік мекеменің реттелуі экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соқтыратын өткен оқиғалардан туындайтын елеулі міндеті міндеттеме болып табылады.
Барлық міндеттемелерді алып тастағаннан кейін қалатын активтердегі үлес таза активтер/капитал болып табылады.
8. Кірістер мен шығыстар қаржы қызметінің қорытындылары туралы есепте қызмет нәтижелерінің өлшемдеріне тікелей байланысты элементтері болып табылады.
Активтердің қосылуы немесе өсімі нысанында есепті кезең ішінде экономикалық пайданың немесе сервистік әлеуеттің өсуі немесе капиталға қатысатын тұлғалардың жарналарына байланысты өсуден өзгеше таза активтердің/капиталдың өсуіне әкеп соғатын міндеттемелердің азаюы кірістер болып табылады.
Активтердің азаюы немесе кетуі түрінде есепті кезең ішінде экономикалық пайданың немесе сервистік әлеуеттің азаюы немесе капиталға қатысатын тұлғалардың арасында бөлінуге байланысты азаюдан өзгеше таза активтердің/капиталдың азаюына әкелетін міндеттемелердің пайда болуы шығыстар болып табылады.
9. Қаржы есептілігі элементтерінің анықтамасына жауап беретін бап, егер:
1) бапқа байланысты кез келген болашақтағы экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті мемлекеттік мекеме алады деген ықтималдық болса;
2) сатып алуға арналған нақты шығындар немесе объектінің құны сенімді түрде өлшене алатын болса актив ретінде танылады.
Қаржылық есептілік элементінің анықтамасына жауап беретін бап, егер:
1) субъектінің өткен оқиғаның нәтижесінде қазіргі міндеттемелері бар болса;
2) міндеттемені өтеу үшін өзінде экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті қамтитын ресурстарды шығару талап етіледі деген ықтималдық бар болса;
3) міндеттемені сенімді айқындау мүмкін болса, міндеттеме ретінде танылады.
10. Актив келесі кез келген критерийлерге сәйкес келген жағдайда айналымды ретінде жіктеледі:
1) оның өткізілуі немесе сатылуы немесе қалыпты операциялық топтама барысында тұтыну үшін болжанады;
2) ол негізінен сауда мақсатына арналған;
3) есепті күннен кейінгі 12 ай ішінде оны сату болжанады;
4) есепті күннен кейінгі ең болмағанда 12 айға оны айырбастауға немесе міндеттеме бойынша есептеу үшін қолдануға тыйым салынбаса, бұл ақшалай қаражаттар немесе ақша баламалары.
Өзге активтер ұзақ мерзімді ретінде жіктеледі.
11. Міндеттеме мына критерийлердің кез келгенін қанағаттандырғанда, қысқа мерзімді ретінде:
1) оны өтеу қалыпты операциялық цикл шегінде жүргізу болжанған болса;
2) негізінен сауда мақсатына арналған болса;
3) есеп мерзімінен кейін 12 ай ішінде өтелуі;
4) мемлекеттік мекеме есепті күннен кейінгі ең болмағанда, 12 айға міндеттемені өтеуді кейінге қалдырудың шартсыз құқығына ие болса жіктеледі.
Өзге активтер ұзақ мерзімді ретінде жіктеледі.
12. Есепті жылдың соңында ұзақ мерзімді берешек ұзақ мерзімді берешектің қысқа мерзімді (ағымдағы) бөлігін бөліп шығару мақсатымен қайта қаралады.
4-тарау. Қаржылық есептілік