1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 18.02.2004 № 190 қаулысымен. (20.04.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының электр энергиясы мен қуаты көтерме рыногының тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 20 сәуір N 606
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру, электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамыту және электр энергиясы мен қуатының көтерме рыногы қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 18.02.2004 № 190 қаулысымен. (20.04.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Заңнамада белгiлеген тәртiппен оның жарғылық капиталына мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен "Электр энергиясы мен қуаты рыногының Қазақстандық операторы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "ЭҚРҚО" ЖАҚ) құрылсын.
3. "КОРЭМ" ЖАҚ қызметiнiң негiзгi мәнi қолда бар (спот) электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру болып белгiленсiн.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.02.2004. № 190 қаулысымен. (20.04.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi:
1) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен және "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ашық акционерлiк қоғамымен бiрлесiп "ЭҚРҚО" ЖАҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру жөнiнде шаралар қолдансын;
2) "ЭҚРҚО" ЖАҚ-ның жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне "ЭҚРҚО" ЖАҚ-ның мемлекеттiк акциялар пакетiн иелену және пайдалану жөнiндегi құқықты берсiн;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi 2000 жылғы 1 шiлдеге дейiн:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Электр энергетикасы саласының тиiмдiлiгiн арттыру бағдарламасын әзiрлесiн және ұсынсын;
2) Мына:
Қазақстан Республикасының электр энергиясы мен қуатының көтерме рыногын ұйымдастыру және жұмыс iстеуi туралы;
Қазақстан Республикасы Бiрыңғай энергетика жүйесiнiң техникалық операторының қызмет көрсетуi туралы;
Қазақстан Республикасының электр энергиясы мен қуаты рыногының рыноктық операторының қызмет көрсетуi туралы ережелердi әзiрлесiн және бекiтсiн.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 20 сәуірдегі N 606 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының электр энергиясы мен қуаты көтерме рыногын жетiлдiру ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Осы тұжырымдама "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында әзiрленген.
Электр энергиясы мен қуаты көтерме рыногы энергияны өндiрушi, энергияны жеткiзушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылар арасындағы электр энергиясы мен қуатын сатып алу-сату және беру қатынастарының жүйесi болып табылады.
1. Электр энергиясы мен қуаты көтерме рыногының жағдайы
1. Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында:
1) Қазақстан Республикасының Бiрыңғай энергетика жүйесiнiң (бұдан әрi - ҚР БЭЖ-i) қызметiн реттейтiн жекелеген нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылданды;
2) электр энергиясы мен қуаты рыногының бәсекелестiк (электр энергиясы мен қуатын өндiру және тұтыну) және монополиялық (электр энергиясы мен қуатын жеткiзу және тарату) бөлiктерiн бөлiп ажырату жағдайында диспетчерлiк басқарудың тиiмдi жүйесi құрылды: "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания (КЕGОС)" ААҚ-ның (бұдан әрi - "КЕGОС" ААҚ) құрамындағы Орталық Диспетчерлiк Басқару (ОДБ) ҚР БЭЖ-iн диспетчерлiк басқарудың жоғары деңгейiне, ал аймақтық диспетчерлiк орталықтар, көтерме тұтынушылардың диспетчерлiк орталықтары неғұрлым төменгi деңгейлерiне жатады.
3) Қазақстан БЭЖ-нiң жұмыс режимi пысықталды және электр энергиясының, атап айтқанда, электр тогы жиiлiгiнiң сапалық көрсеткiштерi жақсарды;
4) "КЕGОС" ААҚ-ның басқаруымен екiжақты мерзiмдiк (форвардтық) келiсiм-шарттар рыногы құрылды және жеткiлiктi тиiмдi жұмыс iстеуде;
5) Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығы "КЕGОС" ААҚ-мен бiрлескен күш-жiгерiмен құрған электр қуатының резервтер рыногы табысты жұмыс iстеуде.
2. Қазiргi уақыттағы электр энергиясы рыногы моделiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiне шешiлмеген бiрқатар проблемалар кедергi келтiруде, оның iшiнде мыналар негiзгiлерi болып табылады:
1) Рынок субъектiлерiнiң жан-жақты қырларын реттейтiн нормативтiк құқықтық базасының дамытылмауы, қазiргi уақыттағы мерзiмдiк, сондай-ақ күнделiктi споттар және электр энергиясы мен қуатының теңгерiмдiк саудаластығы рыногын техникалық және ақпараттық қамтамасыз етудiң жетiлдiрiлмеуi;
2) өндiрiстi және электр энергиясы мен қуатты нақты уақыт режимiне жуық режимде тұтынуды теңгерудiң ашық рыноктық тетiгiнiң болмауы;
3) тұтынылмаған электр энергиясы мен оны бергенi үшiн төленбеген төлемдер көлемiнiң едәуiр болуы.
2. Электр энергиясы мен қуаты көтерме рыногын жетiлдiрудiң мақсаттары
Электр энергиясы мен қуаты көтерме рыногын жетiлдiрудiң мақсаттары:
1. Электр энергиясы мен қуатының қолда бар (спот рыногы) және теңгерiлген (теңгерiмдi рынок) ұйымдастырылған көпжақты саудасының орталықтандырылған және ашық тетiгін жасау.
2. Электр энергиясы мен қуатын өндiру, тасымалдау және таратудың экономикалық тиiмдiлiгін арттыруға жеткiзетiн бәсекенi одан әрi дамыту.
3. Тұтынушылар алатын электр энергиясы мен қуатының сапасын, сондай-ақ Қазақстан БЭЖ-i қызметiнiң басқарылуы мен сенiмдiлiгiн арттыру болып табылады.
3. Рынокты жетiлдiру жөнiндегі бастапқы iс-шаралар
Электр энергиясы мен қуаты рыногын одан әрi жетiлдiру, электрмен жабдықтау сапасын және сенiмдiлiгін арттыру мақсатында бастапқы кезеңде (2000 жылдың бiрiншi жарты жылдығында) мынадай iс-шараларды жүзеге асыру ұсынылып отыр:
1) - акциялар пакетi жүз пайыз мемлекетке тиесiлi, акционерлiк қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым - Электр энергиясы мен қуаты рыногының рыноктық операторы (бұдан әрi - Рыноктық Оператор) - электр энергиясы рыногының жаңа субъектiсiн құру.
Кейiн электр энергиясының көтерме рыногының дамуына және оған қатысушылардың өзара қарым-қатынасының даму шамасына қарай Қазақстан Республикасының электр энергиясы мен қуатының бәсекелестiк рыногына қатысушылардың өздерi құрылтайшылық ететiн Рыноктық Оператор коммерциялық емес ұйым болып қайтадан құрылады. Оған генерация жасайтын энергия жабдығының немесе аймақаралық деңгейдегi электр жеткiзу желiлерiнiң болжамсыз iстен шығуы кезiнде мiндетi - тұтынушыларды энергиямен iркiлiссiз қамтамасыз ету болып табылатын электр қуатының қажеттi резервiнiң көлемiн, құрылымын және орналастырылуын қалыптастыру жөнiндегi функциялар берiлетiн болады.
2) Рыноктық Оператор мынадай функцияларды атқарады:
қолда бар (споттық), сондай-ақ теңгерiмдi электр энергиясы мен қуатының орталықтандырылған саудаластығын ұйымдастыру;
қолда бар электр энергиясы мен қуатының алдағы тәулiктерге сатып алу-сату жөнiнде күн сайынғы саудаластығын ұйымдастыру;
жабдықтың технологиялық iстен шығуы мен авариялары кезiнде электр станциялар-берiп отырушылардың электр энергиясы мен қуаттарын сатып алу-сату шарттары бойынша өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету үшiн электр қуатының резервтермен саудаластық ұйымдастыру;
электр энергиясының сапалық стандартының талаптарына жауап беруін қамтамасыз ету үшiн электр энергетикасы секторында қосымша қызметтер көрсету рыногын ұйымдастыру;
жалпы, алдағы әр жылға, тоқсанға және айға Қазақстан Республикасы энергетика тораптарының және Бiрыңғай энергетика жүйесi бойынша электр қуаты мен энергиясының болжамдық теңгерiмдерiн әзiрлеу;
электр энергиясы мен қуатын жеткiзуге және беруге жеткiзушiлер мен тұтынушылар арасында жасалған мерзiмдiк (форвардтық) шарттар негiзiнде Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме рыногы субъектiлерiнiң электр энергиясы мен қуатын тұтынуының шектеулi теңгерiмдерiн әзiрлеу;
электр энергиясы көтерме рыногының сатушылар мен сатып алушылар арасындағы электр энергиясын берiп отыруға жасалған жедел (форвардтық) шарттар және аймақаралық деңгейдегi желiлер бойынша электр энергиясы мен қуатын беруге арналған шарттар туралы дерекқор қалыптастыру;
электр энергиясы мен қуатын сатып алу-сатуға жасасқан мерзiмдiк (форвардтық) шарттар туралы дерекқор негiзiнде Қазақстан Республикасының энергетикалық тораптарының және Бiрыңғай энергетика жүйесi бойынша алдағы тәулiктерге электр энергиясы мен қуатын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестесiнiң жобасын жасау;
меншiктi тәулiктiк электр тұтыну кестесiне түзету жасау үшiн электр станцияларынан алынатын қолда бар (споттық) электр энергиясы мен қуатының алдағы тәулiктерге беру бағасы мен сағат сайынғы көлемi туралы ұсыныстарды және тұтынушылардан спот электр энергиясын сатып алу жөнiндегi өтiнiмдердi қабылдау;
электр энергиясы мен қуатының спот рыногы субъектiлерiнiң коммерциялық қауiптерiн сақтандыру жүйесiн құру;
Қазақстан Республикасының энергетикалық тораптары мен Бiрыңғай энергетика жүйесi бойынша электр энергиясы мен қуатын өндiрудiң және тұтынудың айлық, тоқсандық және жылдық нақты жиынтық теңгерiмдерiн жасау;
қолда бар және теңгерiмдiк электр энергиясы мен қуатының күн сайынғы саудаластығы нәтижесi және осы тiкелей шарттардың деректерi бойынша энергия тораптары және жалпы ҚР БЭЖ бойынша тәулiктiк жүктеме кестелерiн жасау;
энергия тораптарының және жалпы ҚР БЭЖ-нiң жүктеме кестелерiн жабу үшiн аймақаралық электр желiлерiндегi электр энергиясы мен қуатының ысыраптарын ескере отырып, электр станцияларының электр энергиясы мен қуатын өндiрудiң тәулiктiк кестелерiн жасау;
теңгерiмдiк рынокқа қатысушы электр станцияларының қуаттары резервтерiн iске қосудың тәулiктiк кестелерiн жасау және бекiту.
3) Рыноктық Оператордың қызметiнiң басталуымен "КЕGОС" ААҚ Қазақстан Республикасының Бiрыңғай энергетика жүйесiнiң Техникалық Операторы функцияларын орындайды, оған:
электр энергиясы мен қуатын өндiру-тұтынудың Рыноктық Оператор жасаған кестелерiн орындау;
ҚР БЭЖ-i бойынша және әрбiр есептi кезеңдегі (апта, ай, тоқсан, жыл) электр энергиясының және қуатының нақты теңгерiмi туралы Рыноктық Операторға тәулiк сайынғы деректердi берiп отыру;
аймақаралық электр желiлерi бойынша электр энергиясы мен қуатын беру режимдерiн басқару;
ҚР БЭЖ-нiң сенiмдi жұмыс iстеуiнiң өлшемдерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
техникалық сипаттағы қосымша қызметтер көрсету жатады.
4) белсендi электр энергиясы мен қуатын сатып алушылар мен сатушылар арасындағы екiжақты (форвардтық) келiсiм-шарттар рыногы сақталады және дамуы жалғасуда.
5) қатысушы ретiнде белгiленген қуаты 100 МВт және одан да астам Қазақстанның барлық энергия өндiрушi ұйымдарын, сондай-ақ ҚР БЭЖ-мен осы энергия жүйелерiнiң қосарлы жұмысы туралы мемлекетаралық шарттар негiзiнде шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiн тарту есебiнен белсендi электр қуаты резервтерi рыногын одан әрi дамыту жүруде.
6) электр энергиясы мен қуатының рыногына қатысушылар үшiн бағаның болжанбаған өзгеруі қаупiнен сақтандыру және реттеу мақсатында электр энергиясы мен қуатын беруге нақты (физикалық) орындаусыз фьючерстiк келiсiм-шарттар қаржылық құралдар рыногы бiртiндеп дами бастайды.
4. Тұжырымдамалық моделi
Электр энергиясы мен қуаты рыногының тұжырымдамасы мыналармен түйiнделедi:
1) рынокқа қатысушылар электр энергиясы мен қуатын беруге мерзiмдiк (форвардтық) келiсiм-шарттар жасасу кезiнде Рыноктық Операторға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысан бойынша ақпаратты (көлемi, мерзiмi және басқа да техникалық көрсеткiштер) кiдiрiссiз тапсырады. Техникалық Оператор қоятын техникалық талаптарға сәйкес, Техникалық Оператор электр энергиясы мен қуатын физикалық беру мүмкiндiгi мәнiнде сараптама жүргiзедi;
2) жасалған екiжақты (форвардтық) келiсiм-шарттар туралы ақпаратты ұсыну электр энергиясы мен қуатының көтерме рыногына қатысушылардың барлығына көзделген электр энергиясы мен қуатының көтерме рыногына енудiң үшжақты үлгiлiк келiсiм-шарты, онда рынокқа қатысушылардың электр энергиясын сатып алу-сату және беру шарттары бойынша техникалық ақпаратты ұсынбауы электр энергиясын физикалық беруден бас тартудың негізгi жағдайларының бiрi болып табылады, жағдайында жүзеге асырылады;
3) электр энергиясы мен қуатын мерзiмдiк (форвардтық) сатып алу шарты жасалғаннан кейiн сатып алушы электр энергиясы мен қуатын беруге (тасымалдауға) "КЕGОС" ААҚ-мен шарт жасауға мiндеттi. Электр энергиясы мен қуатын беруге (тасымалдауға) шарттың техникалық деректерi де Рыноктық Операторға ұсынылуы тиiс.
4) ҚР БЭЖ-дегi барлық генерация мен электр энергиясын тұтыну арасындағы келiсiм-шарттық емес теңгерiмнiң бұзылуын болдырмау үшiн сатуға Рыноктық Оператор қоятын оның құнын көрсете отырып, энергия өндiрушi ұйымдар күн сайын Рыноктық Операторға алдағы тәулiктердiң әрбiр сағатына резервтiк қуат шамасының оларда қаншалықты бар-жоғы туралы ақпарат бередi;
5) ҚР БЭЖ-дегi барлық генерация мен электр энергиясын тұтыну арасындағы бұзылған теңгерiмдердiң алдағы тәулiктерге болжанып отырған шамаларын ескере отырып, "күнi бұрын-алдын ала" саудаластық өткiзуге ұсыныстың ең төменгi бағасының өлшемдерiне жауап беретiн электр станцияларының ұсыныстарын және сұранымның ең жоғарғы бағасының өлшемдерiне жауап беретiн тұтынушылардың өтiнiмдерiн қабылдайды және өңдеу рәсiмiнен кейiн алынған ақпаратты рыноктың барлық қатысушыларына бередi. Сонымен бiр мезгiлде, Рыноктық Оператор қолда бар электр энергиясы мен қуатты тұтынушылардың барлық өтiнiмдерiн төлеу қабiлеттерiнiң деңгейiне қарай екi топқа жiктеп бөледi:
1-топ - "күнi бұрын-алдын ала" саудаластығында қолда бар электр энергиясы мен қуатты сатып алуға мәлiмделген құнын дереу төлеуге мүмкiндiгi бар тұтынушылар;
2-топ - "күнi бұрын-алдын ала" саудаластығында қолда бар электр энергиясы мен қуатты сатып алуға мәлiмделген құнын уақытылы төлеуге мүмкiндiгi жоқ тұтынушылар;
6) электр энергиясы мен қуатын сатушылар оған хабарлаған екiжақты форвардтық келiсiм-шарттардың деректерi негiзiнде және қолда бар электр энергиясы мен қуатты орналастыру жөнiнде өзi жүргiзген "күнi бұрын-алдын ала" саудаластығына нәтижелердiң негiзiнде Рыноктық Оператор әрбiр келесi күнге:
тұтастай энергия тораптары мен ҚР БЭЖ бойынша қолда бар электр энергиясы мен қуатына сұраныстың кестесiн;
электр станцияларындағы - "күнi бұрын-алдын ала" саудаластығына қатысушылардың қолда бар электр энергиясы мен қуатты iске қосу кестесiн жасайды.
7) сонымен бiр мезгiлде, Рыноктық Оператор генерацияның резервтiк қуатының тәулiктiң әрбiр сағатына алдағы тәулiктерде iске қосылуы ықтимал кестесiн жасайды және бекiтедi. Генерация мен электр энергиясын тұтынудың аталған тәулiктiк кестелерiнiң жобаларын жасағаннан кейiн электр энергиясы мен қуатты беру жүйесiнiң сенiмдiлiгi өлшемдерiне сәйкес сатуды iске асыру мүмкiндiгiн айқындау үшiн Рыноктық Оператор оларды Техникалық Операторға ("КЕGОС-ң ААҚ) жiбередi және оң нәтижелер алынған жағдайда соңғысы Рыноктық Операторды хабардар ете отырып, оларды орындауға қабылдайды.
Электр энергиясын беру сенiмдiлiгiнiң өлшемдерi бұзылғандығы анықталған жағдайда "күнi бұрын-алдын ала" қосымша саудаластығын өткiзу үшiн туындаған қайшылықтарды шешу жөнiнде Техникалық Оператордың ұсынымдарымен қоса, кесте Рыноктық Операторға қайтарылады.
8) Техникалық Оператор өзi қабылдаған диспетчерлiк кестелердiң орындалуын қамтамасыз етедi және Рыноктық Операторды барлық туындаған ауытқушылықтар туралы хабардар етедi. Егер ауытқу әлде бiр рынок субъектiсiнде жабдықтың бұзылуына байланысты генерацияның болжанбаған төмендеуiнен немесе аймақаралық деңгейдегi электр тарту желiлерiнiң ажыратылуынан туындаса, Техникалық Оператор Рыноктық Оператор бекiткен кестеге сәйкес резервтiк қуаттардың iске қосылуын ұйымдастырады, егер ауытқу жабдық iстен шықпай, генерацияның кенеттен төмендеуiнен, болжамды ысыраптың ұлғаюынан немесе әлде бiр сатып алушылардың тұтыну қуатын жоспардан тыс арттыруынан болса, Техникалық Оператор Рыноктық Оператордың нұсқауларын орындайды.
Мұндай жағдайда Рыноктық Оператор:
- оларды 1-топтағы тұтынушыларға жеткiзу үшiн резервтiк қуаттарды беруге өтiнiмдерi қабылданған электр станцияларындағы жүктеменi көтеру жөнiнде Техникалық Операторға пәрмен бередi.
- егер олардың сатушылары шарттағы босатылатын қуатты төмендетсе немесе олар өздерi электр қуаттарын шарттағыдан тыс тұтынуды көбейтуге жол берсе, 2-топтағы тұтынушыларды шектеуге Техникалық Операторға пәрмен бередi.
Бiр тәулік өткеннен кейiн Рыноктық Оператор әр сатып алушының тұтынылған келiсiм-шарттан тыс электр энергиясы мен қуатының шамасын анықтайды (жедел) және оларға төлеуге шоттарын ұсынады. (Барлық тұтынушылар және электр энергиясы мен қуатын берушiлермен түпкiлiктi есеп айырысу бiр айдың қорытындысы бойынша Рыноктық Оператор электр энергиясы мен қуатын бiр айлық өндiру және тұтынудың жиынтық теңгерімiн жасағаннан кейiн жүргiзiледi).
5. Нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету
2000 жылы электр энергетикасындағы қатынастарды реттейтiн қазiргi нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру, сондай-ақ көтерме рыноктағы қатынастарды тәптiштеп реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жасау жөнiндегi шаралар қолданылуы тиiс, мұның өзiнде, мынадай нормативтiк құқықтық кесiмдер:
1) ҚР БЭЖ-нiң Техникалық Операторының қызмет көрсетулердi ұсыну ережесi;
2) Қазақстан Республикасының электр энергиясы мен қуаты рыногының Рыноктық Операторының қызмет көрсетулердi ұсыну ережесi;
3) Қазақстан Республикасының электр энергиясы мен қуатының көтерме рыногын ұйымдастыру және жұмыс iстеуi ережесi;
4) Көтерме рынок субъектiлерiнiң электр энергиясы мен қуаты саудасына және оны аймақаралық деңгейдегi электр желiлерi бойынша беруге қол жеткiзу ережесi негiзгiлерi болып табылады.
6. Қорытынды ережелер
2003 жылдан бастап электр энергиясы мен қуаты рыногының жұмыс iстеуiн осы заманғы техникалық және ақпараттық база құруды және төлемеу проблемаларын шешудi көздейтiн Ұлттық желiнi Жаңғырту жобасының iске асырылуына қарай электр энергиясы мен қуаты рыногының моделi ашық бәсеке рыногын одан әрi дамыту мақсатында жетiлдiрiледi.
ТЭК-ды жекешелендiру туралы мәселенiң шешiлуiне және техникалық базаның жетiлдiрiлуiне қарай Электр энергиясы мен қуатының бөлшек саудасы рыногын жетiлдiру тұжырымдамасы қабылданатын болады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |