Toggle Dropdown
5
Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 839 қаулысы Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
Редакция 21.12.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Эпидемиялық сипат алған туберкулезбен ауырудың және қайтыс болудың көбеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының және аудандардың әкімдері туберкулезбен күрес жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық кеңестерді, олар туралы Ережелер мен олардың жеке құрамын бекіте отырып ұйымдастыратын болсын. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері:
Toggle Dropdown
екі ай мерзім ішінде туберкулезге қарсы күрес қызметін қаржыландыру тетігін қайта қарасын;
Toggle Dropdown
бір ай мерзім ішінде туберкулезбен күрес жөніндегі кеңестердің отырыстарында туберкулезге қарсы жұмыстардың жай-күйі туралы мәселені туберкулездің одан әрі таралуына жол бермеуді қамтамасыз ететін нақты шараларды қабылдай отырып қарайтын болсын;
Toggle Dropdown
облыстық бюджеттен жыл сайын медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға және туберкулезге қарсы мекемелерді күрделі жөндеуден өткізуге арналған орталықтандырылған қаражат бөлуге ұсыныс жасасын;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі органдарымен бірлесе отырып туберкулездің микробактерияларын бөліп шығаратын ауруларды ауруханаға жатқызу және стационарларда емдеу жөніндегі мәселелерді, сондай-ақ осы стационарлардың аумағын қорғауды ұйымдастыру мәселелерін заңда белгіленген тәртіппен қарайтын және шешетін болсын;
Toggle Dropdown
Туберкулездің микробактерияларын бөліп шығаратын туберкулездің белсенді түрімен ауырғандарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғын үй алаңын берген кезде Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынасы туралы" Заңының 118-бабының талаптарын басшылыққа алатын болсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
Toggle Dropdown
республикалық бюджетте туберкулезге қарсы препараттар мен вакциналар сатып алуға арналған шығыстарды секвестрлеуге жол бермейтін болсын;
Toggle Dropdown
туберкулезге қарсы препараттар мен медициналық құрал-жабдықтарды орталықтандырылған сатып алуға бюджеттік қаражат бөлуді жыл сайын қарастырып отыратын болсын;
Toggle Dropdown
туберкулезге қарсы шараларға бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын мерзімді түрде тексеріп отырсын;
Toggle Dropdown
жергілікті бюджетте туберкулезге қарсы қызметті ұстауға арналған шығыстарды көрсету үшін жеке жол енгізсін.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі 1998 жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының арасында туберкулез бен бруцеллездің алдын алу және оған қарсы күрес бағдарламасын жасап, белгіленген тәртіппен Үкіметтің бекітуіне енгізетін болсын.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері:
Toggle Dropdown
меншік түріне қарамастан мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен және сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың белгіленген ветеринарлық- санитарлық талаптарды сақтауын;
Toggle Dropdown
мал шаруашылығы фермалары қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек ету шартын;
Toggle Dropdown
ветеринарлық қызметті, әсіресе ірі шаруашылықтары жоқ аудандарда нығайтуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мақсатында Қазақстан Республикасына келген адамдарды туберкулезге қарсы міндетті флюрографиялық тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
тергеу оқшаулауларындағы тергеуге алынған адамдарды - түскен кезінде және жарты жыл сайын, түзету мекемелеріндегі сотталғандарды - жылына екі рет міндетті флюрографиялық тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
тергеу оқшаулауларындағы және түзету мекемелеріндегі ауруларды емдеу жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын;
Toggle Dropdown
бас еркінен айыру мекемелерінен босанған туберкулезбен ауыратындардың бірыңғай банкін жасасын;
Toggle Dropdown
республикалық бюджетте қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін ұстау үшін қарастырылған қаражаттың шегінде Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының еңбекпен түзеу колонияларында туберкулезбен ауыратын сотталғандарды емдеуге арналған мамандандырылған бөлімшелер ашсын.
Toggle Dropdown
7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі:
Toggle Dropdown
әскерге шақырылу жасындағы адамдардың ішінде туберкулезбен ауыратындарды айқындау жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын;
Toggle Dropdown
әскери қызметкерлер арасында туберкулезбен ауыратындар анықталған жағдайда, оларды қызмет етіп жатқан жеріндегі аумақтық туберкулезге қарсы мекемелерге емдеуге жіберіп, соңынан толық емделіп шыққаннан кейін, сараптама шешім шығару үшін, таяу маңдағы әскери-емдеу мекемесіне ауыстырсын.
Toggle Dropdown
8. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі:
Toggle Dropdown
республиканың туберкулезге қарсы қызметін басым қаржыландыруды айқындасын;
Toggle Dropdown
барлық туберкулезге қарсы мекемелерде ерте бактериологиялық диагностика әдістері мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әдістемесі бойынша туберкулездің бақыланатын қысқа мерзімді химиялық терапиясын енгізсін.
Toggle Dropdown
9. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісе отырып туберкулезге қарсы мекемелердің қызметкерлері мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына (тарифтік ставкасына) жұмыстың жұқпалылық сипатына байланысты 30-проценттік үстеме ақы қосуды кезең- кезеңмен енгізу мәселесін қарасын.
Toggle Dropdown
10. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi дәрігер-мамандарға эфирлік уақытты тегін бере отырып халық арасында туберкулездің алдын алу бойынша санитарлық-гигиеналық білімді кеңінен насихаттауды, тұрақты жұмыс істейтін айдар ашуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
11. Туберкулез ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы деп қайта аталсын.
Toggle Dropdown
12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі тоқсан сайын сол тоқсаннан кейінгі айдың 15-ші күнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы ақпарат беріп отыратын болсын.
Toggle Dropdown
13. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі