1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесi бекітілсiн.
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 шілде N 1010
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 28.03.2012 № 361 Қаулысымен (13.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңын орындау үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының еркiн қозғалысы құқықтарын iске асыру, елден шығу мәселелерiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: қараңыз
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша өздерiнiң нормативтік құқықтық кесiмдерін осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету туралы уақытша ереже туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 29 қыркүйектегі N 813 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., N 37, 569-құжат);
2) "Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету туралы уақытша ереже туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1992 жылғы 29 қыркүйектегі N 813 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 24 наурыздағы N 228 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 9, 107-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 31 қазандағы N 1408 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 33, 428-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі N 1010 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ЕРЕЖЕСІ
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Халықтың көшi-қоны туралы", "Мемлекеттiк құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу тәртiбiн айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының әрбiр азаматы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуға және Қазақстан Республикасына кедергiсiз қайта оралуға құқылы. Шығу және қайта оралу Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты бойынша жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының азаматына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуына рұқсат беруден уақытша бас тартылуы мүмкiн.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 31.05.2006. № 479 қаулысымен. (26.07.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Мемлекеттiк құпияларға қол жетiмдiлiгiне байланысты өзiнiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуын мүмкiндiгiнше шектеу жөнінде өзiне мiндеттемелер алған және шекарадан тысқары шығуға ниет бiлдiрген Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрi - құпиялықты сақтаушылар) сапарының мақсатына қарамастан, көрсетілген мiндеттемелерге өздерi қол қойған мемлекеттiк органдардың немесе басқа ұйымдардың (бұдан әрi - ұйымдар) басшыларынан алдын ала шығуға рұқсат алуға мiндетті.
Ұйымдар қайта ұйымдастырылған жағдайда, құпиялықты сақтаушылар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу мүмкiндiгі туралы шешiмдi, олардың құқықтық мұрагерлерi болып табылатын ұйымдардың басшылары қабылдайды.
Құпиялықты сақтаушылардың шығуына рұқсат беру туралы шешiмдi құпиялықты сақтаушылар алған мiндеттемелердi және олардың мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтермен нақты хабарланғанын ескере отырып, ұйымдардың басшылары қабылдайды.
Бұл ретте, ол адамның мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтермен хабарланғаны туралы қорытынды ұлттық қауiпсiздiк органдарына жiберiледi.
Ұйымдар таратылған (қысқартылған) кезде, құпиялықты сақтаушылардың шығу мүмкiндiгi туралы шешімдi тұрғылықты орны бойынша аумақтық ұлттық қауiпсіздiк органдарының басшылары қабылдайды.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуына рұқсат беру немесе дәлелдi бас тарту азаматтардың өтінiштерiн қарау үшiн заңнамада белгіленген мерзiмде берiледi.
Құпиялықты сақтаушы Қазақстан Республикасының тысқары жерлерге рұқсатсыз шыққан жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiптiк немесе өзге де жауапкершілікке тартылуы мүмкiн.
5. Тұрақты тұру үшiн Қазақстан Республикасынан шығу ішкi істер органдарының рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге өзге де мақсаттармен (қызметтiк, жеке жұмыстарымен, туристер ретiнде, жұмысқа, оқуға, емделуге, демалуға) шығу кезiнде iшкi iстер органдарының рұқсаты талап етiлмейдi.
6. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу үшiн рұқсат беру рәсiмi Қазақстан Республикасының Iшкi істер министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша айқындайды.
7. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұру үшiн шығу туралы өтінiштi 18 жасқа толған адамдар, ал некеде тұрған адамдар 16 жастан бере алады. Балалардың және сот iс-әрекетке қабiлетi жоқ деп таныған азаматтардың құжаттарын олардың заңды өкiлдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) бередi.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.11.2007. № 1080 Қаулысымен. (31.05.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының өздерi немесе олардың заңды өкiлдерi аумақтық ішкi істер органдарына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтiнiш-сауалнама;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi мен төлқұжаты;
3) шығатын адамдардан алименттер алуға заң бойынша құқығы бар Қазақстан Республикасында тұратын адамдардың (ата-аналары ортақ некеден кәмелеттiк жасқа толмаған балалары бар болса, бұрынғы жұбайлары және басқалар) шетке шығуына қарсы еместiгi туралы нотариалды түрде куәландырылған өтiнiшi. Өтiнiш иесi қандай да болмасын себеппен мұндай өтiнiштердi ала алмаған жағдайда, мәселе сот тәртiбiмен шешiледi;
4) алынып тасталды
5) әскери есептен шығару және әскери билеттi тапсыру туралы анықтама;
6) шығуы туралы шешім қабылдаған кезде 10 жасқа толған баланың пікірін ата-анасының не өзге де заңды өкілдердің есепке алуы туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы;
7) 18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бiреуiмен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бiрге тұрақты тұруға шыққан кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын екiншi ата-анасының нотариалды түрде расталған келiсiмi. Ата-анасының бiреуінің келiсiмi болмаған кезде, кәмелетке толмағанның шығуы сот тәртiбiмен шешiледi.
Азаматтардан басқа құжаттарды сұратуға жол берiлмейдi.
Ішкі істер органдарына құжаттарды делдал заңды және жеке тұлғалардан қабылдауға тыйым салынады.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.05.2006. № 479, 13.11.2007. № 1080 қаулыларымен. (26.07.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
8-1. Аумақтық iшкi iстер органдары Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу туралы өтiнiш бiлдiрген азаматтарда Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығудан бас тарту негiздерiнiң жоқтығына тексеру жүргiзедi.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу туралы өтiнiш бiлдiрген азаматтарға қатысты iшкi iстер органдарының сұрау салуларын мүдделi мемлекеттiк органдар он күн мерзiмде қарайды.
8-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 31.05.2006. № 479 қаулысымен.
9. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу рұқсатын беру туралы шешiм осы Ереженiң 8-тармағында санамаланған барлық құжаттар берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей қабылданады.
10. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша жұмыстарымен шыққан, сол жерде тұрақты тұруға қалу ниетiн бiлдiрген Қазақстан Республикасының азаматтарына тиiстi рұқсат берудi Қазақстан Республикасының шетелдегi дипломатиялық өкiлдiктерi немесе консулдық мекемелерi, өтiнiш бiлдiрушiнiң Қазақстан Республикасындағы соңғы тұрған жерi бойынша, аумақтық ішкі iстер органдарының келiсiмiмен жүргізедi.
11. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасында уақытша болатын Қазақстан Республикасының азаматтары, тұрақты тұратын жеріне Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінің немесе консулдық мекемелерінің консулдық есепке алу туралы белгісінің не ішкі істер органдарының олардың шекарадан тысқары тұрақты тұру фактісін растайтын белгісі негізінде шығады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |