• Мое избранное

Отправить по почте

Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 455 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 21 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5050 болып енгізілді.

"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н.Айтжанова) заңнамада  белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2007 жылғы 15 желтоқсандағы
 N 455 бұйрығымен бекітілген
Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптары
Талаптар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 09.06.2010 жылғы № 277 Бұйрығымен (15.12.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Талаптар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 07.09.2010 жылғы № 446 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.10.2010 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Талаптар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 25.06.2014 жылғы № 289 Бұйрығымен (07.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 20.11.2014 жылдан бастап)
Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.03.2018 жылғы № 411 Бұйрығына сәйкес (25.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ алынып тасталды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 08.09.2022 жылғы № 932 Бұйрығына сәйкес (28.03.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Жұмыс өтілі бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есеп-талдамалық жұмыс саласында немесе жоғары, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде соңғы үш жыл.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 08.09.2022 жылғы № 932 Бұйрығына сәйкес (28.03.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)