• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017 г

Отправить по почте

"Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 230 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы " 2002 жылғы 10 шілдедегі, "Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 11 наурыздағы
 N 230 қаулысымен
 бекітілген
2
"Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолдану саласы
1. "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - техникалық регламент) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы " 2002 жылғы 10 шілдедегі, "Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және сүт және сүт өнімдерінің (бұдан әрі - сүт және сүт өнімдері) қауіпсіздігіне қойылатын ең аз қажетті талаптарды белгілейді. 
Осы техникалық регламент Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы сүт және сүт өнімдеріне қолданылады, олар өнімдердің мынадай түрлерін қамтиды: 
7) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 15.11.2010 № 1201 Қаулысымен; (25.01.2010 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
9) сары май-өсімдік спреді және ерітілген сары май-өсімдік қоспасы; 
11) сүтті қайта өңдеудің қайталама өнімдері. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.03.2009 № 371, 15 (11.03.2008 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).11.2010 № 1201 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы техникалық регламенттің қолданысына түсетін сүт және сүт өнімдерінің түрлері Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес осы техникалық регламентке қосымшада келтірілген.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.04.2011 № 451 (15.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Осы техникалық регламенттің талаптары, сүт және сүт өнімдерін әзірлеумен (жасаумен), өндірумен (дайындаумен) қайта өңдеумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын барлық жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қолданылады. 
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.03.2009 № 371 Қаулысымен (11.03.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
4. Осы техникалық регламент балалар тағамдарына арналған, емдік, алдын алу және диеталық мақсаттағы үй жағдайында дайындалған сүтке және сүт өнімдеріне, сүтті және сүтті құрайтын, құрамында сүт бар консервілерге, жеке тұтынуға арналған сүт және сүт өнімдеріне, сүтті және сүтті құрайтын, құрамында сүт бар консервілерге, сондай-ақ сүт өнімдерін өндіруде (дайындауда) қолданылатын тағамдық қоспаларға, бояғыштар мен хош иістендіргіштерге қолданылмайды.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.11.2010 № 1201 Қаулысымен (25.01.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-1. Қауіпті факторлар (қатерлер)
1-1-бөліммен толықтырылды ҚР Үкіметінің 20.03.2009 № 371 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
4-1. Сүт және сүт өнімдерінің өмірлік циклы процесінде туындайтын, адамның, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азайтылатын қауіпті факторларға (қатерлерге): улы элементтердің, микотоксиндердің, пестицидтердің, радионуклидтердің, жануарлардың өсуін тездеткіштердің, гормонды препараттар мен дәрілік заттардың құрамы, сүт және басқа шикізаттың, технологиялық құралдардың, азықтық қоспалардың, дайын өнімдердің механикалық, микробиологиялық ластануы жатады. 
4-2. Ықтимал қатерлер өнімнің өмірлік циклының мынадай сатылары (процестері) кезінде туындайды: 
2) өндіріске дайындауда, қоймаларда, өндірісітік үй-жайларда болғанда, машиналармен, жабдықтармен, материалдармен жұмыста; 
3) сүт шикізаты мен сүтке жатпайтын шикізаты, оның ішінде сүт және сүт өнімдерінің өндірісіне арналған азықтық қоспалар мен ингредиенттерді қабылдау және дайындау; 
1-2. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіру
1-2-бөліммен толықтырылды ҚР Үкіметінің 20.03.2009 № 371 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
4-3. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіру мынадай мақсаттарда жүргізіледі: 
1) сүт және сүт өнімдерін осы техникалық регламенттің қолданылу саласына жатқызу; 
2) сүт және сүт өнімдерінің, оның ішінде олардың атаулары мен сәйкестендіру көрсеткіштерінің осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін анықтау; 
3) сүт және сүт өнімдерінің тұтынушыларға арналған ақпаратта, дайындаушы немесе сатушы ұсынған сәйкестік туралы декларацияда немесе сәйкестік сертификатында қамтылған мәліметтерге сәйкестігін анықтау; 
4-4. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіру осы техникалық регламент талаптарына сүт және сүт өнімдерінің сәйкестігін бағалау және растау кезінде, сондай-ақ, егер ақпаратта сүт және сүт өнімдері туралы толық емес сипаттама болған жағдайда жүргізіледі. 
1) сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сәйкестікті растау рәсімін жүргізу кезінде сынақ зертханалары (орталықтары); 
2) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында бақылауды жүзеге асыру кезінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар жүргізеді. 
4-6. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіру стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда, сүт және (немесе) сүт өнімдеріне арналған ілеспе құжаттарда, сүт және (немесе) сүт өнімдеріне арналған жеткізу шарттарында, келісім-шарттарда, өзіндік ерекшеліктерде, тұтыну орамының затбелгілеріндегі ақпартта және сүт және (немесе) сүт өнімдерінің сипаттамасын қамтитын басқа да құжаттарда келтірілген белгілерді ескере отырып жүргізіледі. 
4-7. Сүт және сүт өнімдерінің жасандылығын анықтау мақсатында мынадай сәйкестендіру көрсеткіштері және басқа да көрсеткіштер бойынша сынақтар (зерттеулер) жүргізіледі: 
1) дайын сүт өнімінде, сүт құрамды өнімдерде немесе құрамында сүт бар өнімдерде сүттің құрғақ заттарының (құрғақ сүт қалдығының) құрамы, олардың дайын өнімдегі пайызбен массалық үлесі (құрамында сары майы бар сүт өнімін қоспағанда); 
2) сүтке жатпайтын майлардың құрамы және болуы, олардың сүттегі және сүт өнімдеріндегі пайызбен массалық үлесі; 
3) сүт және сүт өнімдерінің май фазасындағы май қышқылы құрамы (майдың массалық үлесі кемінде 1,5 пайызды құрайтын сүт өнімдерін және майдың массалық үлесі кемінде 8 пайызды құрайтын балмұздақты қоспағанда); 
4) - 5) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 15.11.2010 № 1201 Қаулысымен
 (25.01.2010 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс). 4-7-тармаққа өзгеріс енгізілді ҚР Үкіметінің 15.11.2010 № 1201 Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
4-8. Сүт және сүт өнімдеріне жүргізілген сәйкестендіру жүргізу нәтижелері сәйкестендіру жүргізу хаттамасы түрінде талданады және рәсімделеді, оның мазмұны мыналарды: