• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 20.05.2010 г

Отправить по почте

1

Шетелде тұратын отандастардың iстерi жөнiнде комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі N 325 Қаулысы

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 20.05.2010 № 453 Қаулысымен. (13.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 24 қаулысымен бекiтiлген Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 3-бөлiмiнiң 3-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Шетелде тұратын отандастардың iстерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 25 сәуiрдегi
 N 325 қаулысымен
 бекiтiлген
Шетелде тұратын отандастардың iстерi жөнiндегi комиссия туралы ереже
1. Шетелде тұратын отандастардың iстерi жөнiндегi комиссия Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi және осы Ереженi басшылыққа алады.
1) шетелде тұратын қазақ диаспорасының өмiрiне және қызметiне байланысты проблемаларды зерделеу; 
2) шетелде тұратын отандастармен жан-жақты байланысты дамыту және нығайту үшiн қажеттi жағдай жасауға жәрдем көрсету; 
3) шетелде тұратын отандастарды қолдау процесiнде туындайтын мәселелердi шешуде мемлекеттiк органдарға консультативтiк көмек көрсету; 
4) қазақ диаспорасының ұлттық-мәдени қажеттiлiктi қанағаттандыру саласындағы құқықтарын бұзу фактiлерiне мониторинг жүргiзу.
4. Жүктелген мiндеттердi iске асыру мақсатында Комиссия мынадай функцияларды орындайды: 
1) шетелдегi қазақ диаспораларымен өзара iс-қимыл мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; 
2) шетелде тұратын отандастармен әлеуметтiк-мәдени байланыстарды дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; 
3) шетелде тұратын отандастармен экономикалық байланыстарды нығайту және кеңейту жөнiнде ұсынымдар әзiрлейдi; 
4) мемлекеттiк органдарға талдамалық, әдiстемелiк және өзге де материалдарды қарау үшiн жiбередi; 
5) шетелде тұратын отандастардың ғылыми, мәдени және шығармашылық ұйымдарымен тұрақты қатынастарды қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi.
5. Комиссия заңнамада белгiленген тәртiппен өз мiндеттерi мен функцияларын жүзеге асыру үшiн: 
1) мемлекеттiк органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссия қызметiне байланысты материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға; 
2) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша комиссия отырыстарына мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн шақыруға және тыңдауға; 
3) Қазақстан Республикасының Үкiметiне өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 
4) Комиссия мен мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауға байланысты өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
7. Комиссияның жетекшiсi оның қызметiне басшылық жасайды, комиссия отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауап бередi. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.
8. Комиссияның хатшысы комиссия отырысының күн тәртiбi жөнiнде ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындайды және өткiзiлгеннен кейiн хаттамалар ресiмдейдi.
9. Комиссияның отырыстары қажеттiлігіне қарай, бiрақ кемiнде жылына екi рет өткiзiледi және егер оларға Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi қатысса заңды болып саналады.
10. Комиссияның шешiмдерi хаттама түрiнде ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады.
11. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Тiл комитетi болып табылады.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 25 сәуiрдегi
 N 325 қаулысымен
 бекiтiлген
құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.10.2007 № 897, 11.06.2008 № 577, 31.12.2008. № 1338, 13.11.2009 № 1834 Қаулыларымен. (25.04.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Шетелде тұратын отандастардың iстерi жөнiндегi комиссияның құрамы
Ғазиз Тұрысбекұлы            және ақпарат вице-министрі, төрағаның                               орынбасары
Алпысбаев                  - Қазақстан Республикасы Мәдениет және  Төлеубек Жұмагелдіұлы        ақпарат министрлігінің Тіл комитеті                               нормативтік-лингвистикалық проблемалар                               басқармасының бастығы, хатшы
Әбішев                     - Қазақстан Республикасы Еңбек және  Хабылсаят Әзімбайұлы         халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Уәлихан Сиянбекұлы           Парламенті Мәжілісінің депутаты                               (келісім бойынша)
Талғат Асылұлы               Төралқа төрағасының бiрiншi орынбасары                               (келiсiм бойынша)
Төлеген Мұхамеджанұлы        Парламенті Сенатының депутаты                               (келісім бойынша)
Светлана Жақиянқызы          Парламенті Сенатының депутаты                               (келісім бойынша)
Ғарифолла                    Парламенті Сенатының депутаты                               (келісім бойынша)
Ербол Шаймерденұлы           және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің                               төрағасы