Toggle Dropdown
1
Көтермелеудің салалық жүйесі туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 111 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4651 болып енгізілді.
Toggle Dropdown
Редакция 27.09.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Мәдениет саласы қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мәдениет мәселелеріне жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және ақпарат министрінің
2007 жылғы 11 сәуірдегі
N 111 бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 11) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Көтермелеу) әзірленген.
Toggle Dropdown
2. Көтермелеу мәдениет саласының қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру нысаны болып табылады.
Toggle Dropdown
3. Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеу мақсатында "Мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі үшін" құрмет дипломы (бұдан әрі - Құрмет дипломы) осы Көтермелеудің қосымшасына сәйкес нысанда белгіленеді.
Toggle Dropdown
2. Құрмет дипломымен марапаттау шарттары
Toggle Dropdown
4. Құрмет дипломымен мәдениет және өнер саласының дамуына ерекше үлес қосқан және қызметтік міндеттерін үлгілі орындаған мәдениет жүйесінің қызметкерлері марапатталады, Құрмет дипломымен осы салада үш жылдан аса еңбек өтілі бар мәдениет және өнер саласының қызметкерлері марапатталады.
Toggle Dropdown
5. Құрмет дипломымен марапатталуға бір тұлға қайталап ұсыныла алмайды.
Toggle Dropdown
3. Материалдарды ұсыну және қарау тәртібі
Toggle Dropdown
6. Мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін Құрмет дипломымен марапаттау үшін, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне үміткердің нақты сіңірген еңбектері, сіңірген еңбегінің дәрежесін ашатын жетістіктері мен табыстары жазылуы тиіс мінездеме (аты-жөні, тегі, білімі, еңбек өтілі, жеткен жетістіктері көрсетілуі қажет) ұсынылады, оған кандидатты ұсынған мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы қол қояды.
Toggle Dropdown
7. Құрмет дипломымен марапаттау мемлекеттік, кәсіби, өзге де мерекелер мен мерейтой күндеріне орай өткізіледі.
Toggle Dropdown
8. Материалдар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық наградалар жөніндегі комиссиясының отырысында қаралады. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің қарауына енгізіледі.
Toggle Dropdown
9. Құрмет дипломымен марапаттау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
4. Қорытынды ережелер
Toggle Dropdown
10. Құрмет дипломын табыстауды салтанатты түрде Министр немесе ол өкілеттік берген тұлға жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік органдардың немесе басқа да ұйымдардың кадр қызметі қызметкердің еңбек кітапшасына және жеке іс-қағазына марапаттау туралы бұйрықтың шыққан күні мен нөмірін көрсете отырып, тиісті жазба енгізеді.
Toggle Dropdown
Көтермелеудің салалық
жүйесіне қосымша
Toggle Dropdown
Герб Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Toggle Dropdown
ҚҰРМЕТ ДИПЛОМЫ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТТАЛАДЫ
Toggle Dropdown
Астана 20__ жыл №