Toggle Dropdown
2
"Шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме орталығы" жабық акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 17 қазан N 1543
Toggle Dropdown
Редакция 15.11.2004 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi 2000 жылға арналған негiзгi iс-шараларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 20 маусымдағы N 923 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. "Шағын кәсіпкерлiк жөнiндегi республикалық ақпараттық-көрме орталығы" (бұдан әрi - РАКО) жабық акционерлiк қоғамы оның жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негiзделген мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен құрылсын.
Toggle Dropdown
2. РАКО қызметiнiң негiзгi нысанасы:
Toggle Dropdown
шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
Toggle Dropdown
шағын кәсiпкерлiк проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу;
Toggle Dropdown
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн ақпарат желiсiн құру және дамыту;
Toggle Dropdown
көрмелер ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымын (технопарктердi, бизнес-инкубаторларды, оқу орталықтары мен инфрақұрылымның басқа да объектiлерiн) дамыту;
Toggle Dropdown
шағын кәсiпкерлiк саласында жұмыс iстейтiн адамдарды оқытуды ұйымдастыру болып айқындалсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi РАКО-ның жарғылық капиталын 2000 жылға арналған республикалық бюджетте "Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестiң мемлекеттiк бағдарламасы" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен қалыптастыру үшiн 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде сома бөлсiн.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Toggle Dropdown
РАКО-ның Жарғысын бекiтсiн және мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
Toggle Dropdown
мемлекеттiк тiркеуден кейiн РАКО акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне берсiн.
Toggle Dropdown
5. Астана қаласының әкiмi белгiленген тәртiппен РАКО-ны орналастыру үшiн қажеттi үй-жай бөлсiн.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi осы қаулыны iске асыру үшiн қажеттi шаралар қолдансын.
Toggle Dropdown
7. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Toggle Dropdown
1) "Шағын кәсіпкерлiктiң республикалық ақпараттық-көрме орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1997 жылғы 14 наурыздағы N 325 қаулысы;
Toggle Dropdown
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 наурыздағы N 325 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 шiлдедегi N 1039 қаулысы.
Toggle Dropdown
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары А.С. Павловқа жүктелсiн.
Toggle Dropdown
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі