• Мое избранное
Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 21.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 1364 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 21 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 680 Қаулысына сәйкес
«Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидаларын бекiту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2015 жылғы № 4-2/60 Бұйрығын қараңыз
Редакция 24.04.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 21 қарашадағы
 № 1364 қаулысымен
 бекітілген
Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және заңды тұлғаларды тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттар талаптарына тұқымдардың сорттық және егу сапасының сәйкестігіне зерттеулер жүргізу құқығына аттестаттау тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.11.2012 № 1505 (21.11.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылды:
1) аттестаттау – заңды тұлғаның тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесiне сәйкестiгiн анықтау (растау);
2) аттестаттау туралы куәлiк – мемлекеттiң тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалардың қызметiн тануын растайтын, өз құзыреті шегінде тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) берген құжат;
3) тұқымдардың егу сапалары – тұқымдардың егу (отырғызу) үшiн жарамдылық дәрежесін сипаттайтын олардың сапа көрсеткiштерiнiң жиынтығы;
4) тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана – тұқымдардың сорттық және егу сапасының тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне зерттеулер жүргізу құқығына белгіленген тәртіппен аттестатталған заңды тұлға;
5) тұқымдардың сорттық сапалары – тұқымдардың ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң белгiлi бiр сортына жататындығын сипаттайтын белгiлер жиынтығы.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.11.2012 № 1505 Қаулысымен (21.11.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Заңды тұлғаға тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі аттестатталған зертхана мәртебесiн беру тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар, сондай-ақ (бар болса) оның құрамына кiретiн құрылымдық бөлiмшелерді (бұдан әрі – құрылымдық бөлiмше) тексеру негiзiнде уәкілетті органның бұйрығымен жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау құзыретін өзінің ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiне (бұдан әрi – Комитет) бере алады.
4. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау меншiк нысанына қарамастан, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі барлық зертханалар үшін міндетті болып табылады.
2. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптар
5. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға:
1) мыналармен:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесі тiзiлiміне енгiзiлген және Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға сәйкес салыстырылып тексерілген зертханалық жабдықпен және өлшем құралдарымен;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тiзбе бойынша тұқым сапасын анықтау әдiстерiне нормативтiк-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес тұқымның сапа көрсеткiштерiн анықтауды қамтамасыз етуге арналған химиялық реактивтермен, материалдармен және құрал-сайманмен;
тұқым сынамаларын сақтауға арналған сөрелермен жарақталған (тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы дақылдарының түріне байланысты) меншік құқығындағы немесе басқа заттай құқықтағы ғимараттың (үй-жайдың);
2) кемінде бір тұқым сарапшысының;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тiзбе бойынша тұқым сапасына сараптама жасау кезінде қолданылатын өзекті етілген нормативтiк-техникалық құжаттардың, бланктердің (тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы дақылдарының түріне байланысты) болуы кіреді.
3. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау
6. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттауды уәкілетті органның бұйрығымен құрылатын құрамында кемiнде бес адам (комиссияның төрағасы және төрт мүшесі) бар тұрақты жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясы (бұдан әрi – комиссия) жүзеге асырады.
Комиссияның құрамына Комитеттiң, аграрлық саладағы ғылыми және қоғамдық ұйымдардың (келiсiм бойынша) өкiлдерi кіреді.
Комитеттiң құрылымдық бөлiмшесi комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссия құрылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Комитеттің облыстық аумақтық инспекциясының (бұдан әрі – облыстық аумақтық инспекция) бұйрығымен құрамында кемiнде бес адам бар (сараптамалық комиссияның төрағасы және төрт мүшесі), тиiстi облыс аумағында орналасқан заңды тұлғаға немесе құрылымдық бөлiмшелерге тексеру жүргізу бойынша облыста тұрақты жұмыс істейтін сараптамалық комиссия (бұдан әрi - сараптамалық комиссия) құрылады.
Сараптамалық комиссияның құрамына облыстық аумақтық инспекцияның, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергiлiктi атқарушы органдарының, аграрлық бейіндегі ғылыми және қоғамдық ұйымдардың (келiсiм бойынша) өкiлдерi кіреді.
Облыстық аумақтық инспекция сараптамалық комиссия құрылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұйрықтың көшірмесін комиссияға жолдайды.
Облыстық аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлiмшесі сараптамалық комиссияның жұмыс органы болып табылады.
7. Аттестаттау жүргізу үшін заңды тұлға комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелердің тiзбесін (бар болса), пошталық және электрондық мекенжайын, байланыс телефондарын қоса бере отырып);
2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктің* немесе анықтаманың көшiрмесi;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 390 Қаулысына сәйкес (29.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2013 жылы № 184 (28123) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
3) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшiрмесi;
4) өлшем құралдарының жай-күйiне жауапты маманның тағайындалуы туралы құжаттың көшірмесі;
5) осы Қағидалардың 5-тармағында көрcетiлген тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға заңды тұлғаның сәйкестiгiн растайтын құжаттар.
8. Комиссия заңды тұлғаның осы Қағидалардың 7-тармағында көрcетiлген аттестаттауға арналған құжаттары түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі белгілі болған жағдайда, уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде заңды тұлғаға өтінішін қараудан бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап жібереді.
9. Комиссияның жұмыс органы заңды тұлғадан құжаттар түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл туралы облыстық аумақтық инспекцияны хабардар етеді (хабарламаны жіберу және алу фактісін растайтын тәсілмен).
Сараптамалық комиссия комиссиядан хабарлама түскен күннен бастап он екі жұмыс күні ішінде тиісті жерге бару арқылы заңды тұлғаның немесе тұқым сапасына сараптама жасайтын құрылымдық бөлiмшенің осы Қағидалардың 5-тармағында көрcетiлген талаптарға сәйкестiгіне тексеру жүргізеді.
10. Сараптамалық комиссия заңды тұлғаны және құрылымдық бөлiмшені (бар болса) тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысанда тексеру актісін (бұдан әрі – тексеру актісі) үш данада жасайды: сараптамалық комиссия бiр данасын комиссияға жібереді, екіншісі облыстық аумақтық инспекцияға сақтауға беріледі, үшіншісі заңды тұлғада немесе құрылымдық бөлiмшеде (бар болса) қалады.
11. Комиссия осы Қағидалардың 7-тармағында көрcетiлген құжаттарды, сондай-ақ заңды тұлғаны және оның құрылымдық бөлiмшелерін (бар болса) тексеру актілерін қарау қорытындысы бойынша тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді, оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
12. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру туралы заңды тұлғаның өтінішін қарастырудың жалпы мерзімі аттестаттауға өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспауы тиіс.
13. Комиссияның оң шешімін алған заңды тұлғаларға уәкілетті органның бұйрығымен тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесі беріледі және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданылу мерзімі үш жылға жарамды аттестаттау туралы куәлік тапсырылады.
14. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген заңды тұлғаларға осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген мерзім ішінде аттестаттау туралы куәлік беруден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап береді.
Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
15. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіне байланысты аттестаттау туралы куәлік беруден бас тарту туралы комиссияның терiс шешiмi қабылданған күннен кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң заңды тұлға аттестаттау туралы куәлік беруден бас тартуға әкеп соққан себептерді жойған кезде аттестаттаудан қайта өтуге құжаттарын тапсыра алады.
16. Аттестаттау туралы куәлiкке қосымшада көрcетiлген құрылымдық бөлiмшелердің (бар болса) саны азайған жағдайда заңды тұлға құрылымдық бөлiмшені қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы бұйрықтың көшірмесін заңды тұлға басшысы қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде комиссияға тапсырады.
Құрылымдық бөлiмшені қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы заңды тұлға басшысы бұйрығының көшірмесі келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде комиссияның ұсынысы бойынша уәкілетті органның бұйрығымен құрылымдық бөлiмше аттестатталған заңды тұлға құрамына кіретін аттестаттау туралы куәлiкке қосымшада көрcетiлген құрылымдық бөлiмшелердің тізбесінен алынып тасталады.
17. Құрылымдық бөлімшелердің саны көбейген жағдайда аттестатталған заңды тұлға сараптамалық комиссияға осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жаңа құрылымдық бөлiмшеге тексеру жүргізу туралы жазбаша түрде өтініш береді.
Комиссия сараптамалық комиссия ұсынған құрылымдық бөлiмшені тексеру актісі негізінде жаңа құрылымдық бөлiмшені аттестаттау туралы куәлiкке қосымшада көрcетiлген аттестатталған заңды тұлғалар құрамына кіретін құрылымдық бөлiмшелердің тізбесіне енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді және оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Комиссияның оң шешімін алған құрылымдық бөлiмше уәкілетті органның бұйрығымен аттестаттау туралы куәлiкке қосымшада көрcетiлген аттестатталған заңды тұлғалар құрамына кіретін құрылымдық бөлiмшелердің тізбесіне енгізіледі.
Жаңа құрылымдық бөлiмше осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган заңды тұлғаға аттестаттау туралы куәлiкке қосымшада көрcетiлген аттестатталған заңды тұлғалар құрамына кіретін құрылымдық бөлiмшелердің тізбесіне құрылымдық бөлiмшені енгізуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап береді.
18. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы қайта аттестаттау осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен үш жылда бiр рет жүргiзiледi.
19. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қайта аттестаттауға өтініш аттестаттау туралы куәлiктің қолданылу мерзімі өткенге дейін күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірмей беріледі.
20. Аттестаттау туралы куәлiк:
1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
2) аттестаттау туралы куәліктің қолданылу мерзімі аяқталған жағдайларда өзінің қолданысын тоқтатады.
Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі
 зертханаларды аттестаттау қағидаларына
 1-қосымша
Зертханалық жабдықтың және өлшем құралдарының тiзбесі
1. Зертханалық таразы
2. Ылғал өлшегiштер
3. Термометрлер
4. Сағаттар (1, 3 минуттық, сигналдық құмсағаттар) 
5. Зертханалық електер жиынтықтары, оның ішінде:
а) қақпағы және тұғыры бар № 1, 2 елек;
б) шөпке арналған қақпағы және тұғыры бар шағын габариттi елеуiштер
6. Оптикалық құралдар (микроскоптар, лупалар)
7. +50-ден +150 С-ға дейінгі реттеу диапазоны бар кептіргiш шкафтар 
8. Тұқым өсiруге арналған термостаттар (жылытқыш және суытқыш)
9. Зертханалық диірмен
10. Cынама алуға арналған сүңгілер
11. Секундомер
12. Механикалық тұқым бөлгiш
13. Саңылауларының диаметрi 1; 1,5; 2,5 миллиметрлік електер
14. Тоңазытқыш (суытқыш термостат болмаған кезде)
15. Құмды қыздыруға арналған пеш
16. Тұқым есептегіш-тарқатқыш
17. Топырақ електері жиыны (мақта тұқымы үшін)
18. Люминесценттік шам
Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі
 зертханаларды аттестаттау қағидаларына
 2-қосымша
Химиялық реактивтер, материалдар және құрал-саймандар тiзбесі
Реактивтер
1. Натрий гидрототығы немесе Калий гидрототығы
2. Күкiрт қышқылы (мақта тұқымының сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар үшiн)
3. Тұз қышқылы
4. Хлорлы калий
5. Хлорлы тетразол немесе фуксин немесе индигокармин
6. Фосфор қышқылды калий, бiр орны ауысқан
7. Фосфор қышқылды натрий, екі орны ауысқан
8. Йодты калий
9. Кристалды иод
10. Азот қышқылды калий
11. Марганец қышқылды калий
12. Техникалық күйдіргіш натрий
13. Техникалық калий тотығының гидраты
14. Техникалық этил спирті
Материалдар
1. Индикатор қағазы
2. Тұқым коллекциясы
3. Құм
4. Қалқалар мен қалдықтарға арналған қағаз пакеттер
5. Респираторлар
6. Сүзгiш қағаз
7. Қара қағаз
8. Парафин
9. Техникалық вазелин
10. Орта сынамалар үшін сыйымдылығы әртүрлі матадан жасалған дорбалар
11. Дистиллизацияланған су
Құрал-саймандар
1. Сыйымдылығы әртүрлi шыны ыдыс
2. Құрастырмалы тақтайшалар
3. Зертханалық қалақтар
4. Препаральды инелер
5. Торлы түбі бар метал цилиндр, цилиндрлер
6. Тұқым өсіретін ыдыстар
7. Өлшеуіш колбалар
8. Эксикатор
9. Өлшеуіш цилиндрлер
10. Бюкстер
11. Зертханалық скальпель немесе пышақ
12. Тигельдік қысқаштар
13. Петри шыныаяғы
Тұқым сапасына сараптама жөніндегі
 зертхананы аттестаттау қағидаларына
 3-қосымша
Тұқым сапасына сараптама жасау кезінде қолданылатын өзектілендірілген нормативтiк-техникалық құжаттар тiзбесі
 
р/с № Атауы Cтандарт
Сапаны анықтау әдістері
1 Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымы.
Қабылдау қағидалары және сынамаларды іріктеу әдiстері
ГОСТ 12036-85
2 Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымы.
Тұқымның тазалығын және қалдығын анықтау әдiстерi
ГОСТ 12037-81
3 Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымы.
Өнгіштігін анықтау әдiстері
ГОСТ 12038-84
4 Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымы.
Тіршілікке бейімділікті анықтау әдiстері
ГОСТ 12039-82
5 Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымы.
Ылғалдылықты анықтау әдiсі
ГОСТ 12041-82
6 Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымы.
1000 дәннің салмағын анықтау әдiстері
ГОСТ 12042-80
7 Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымы.
Түпнұсқалылығын анықтау әдiстерi
ГОСТ 12043-88
8 Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымы.
Аурулармен залалдануын анықтау әдiстерi
ГОСТ 12044-93
9 Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымы.
Зиянкестер жайлауын анықтау әдістері
ГОСТ 12045-97
10 Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымы.
Сапа туралы құжаттар
ГОСТ 12046-85
11 Қант қызылшасы тұқымы.
Қабылдау қағидалары және сынамаларды іріктеу әдiстері
ГОСТ 22617.0-77
12 Қант қызылшасы тұқымы. Тұқымның тазалығын және қалдығын, көлемі бойынша тегістігін, біртұқымдығын анықтау әдiстерi ГОСТ 22617.1-77
13 Қант қызылшасы тұқымы.
Өнгіштігін және бірөскіндігін анықтау әдiстерi
ГОСТ 22617.2-94
14 Қант қызылшасы тұқымы. Ылғалдылықты анықтау әдiсі ГОСТ 22617.3-77
15 Қызылша тұқымы. 1000 тұқымның салмағын және бiр егiстік бiрлiктiң салмағын анықтау әдiстері ГОСТ 22617.4-91
16 Қант қызылшасы тұқымы.
Зиянкестермен залалдануын анықтау әдістері
ГОСТ 22617.5-77
17 Қант қызылшасы тұқымы. Сапа туралы құжаттар ГОСТ 22617.6-77
18 Гүлді дақылдар тұқымы.
Қабылдау қағидалары және сынамаларды іріктеу әдiстері
ГОСТ 24933.0-81
19 Гүлді дақылдар тұқымы.
Тұқымның тазалығын және қалдығын анықтау әдістері
ГОСТ 24933.1-81
20 Гүлді дақылдар тұқымы.
Өнгіштігі мен өсу қуатын анықтау әдістері
ГОСТ 24933.2-81
21 Гүлді дақылдар тұқымы. Ылғалдылықты анықтау әдiстері ГОСТ 24933.3-81
22 Тұқымдық шитті-мақта және мақта тұқымы.
Сынамаларды іріктеу әдiстері
ГОСТ 21820.0-76
23 Мақта тұқымы. Өнгіштігін анықтау әдiсі ГОСТ 21820.1-76
24 Мақта тұқымы. Ылғалдылықты анықтау әдiсі ГОСТ 21820.2-76
25 Мақта тұқымы. Ластануды, механикалық зақымдануды, талшықтың қалдығын, түбіттің қалдығын және күйгендікті анықтау әдістері ГОСТ 21820.3-76
26 Мақта тұқымы. Cебілген дәрілейтін қоспалардың барлығын, көлемі бойынша тегістігін, қойма зиянкестерімен залалдануын анықтау әдістері ГОСТ 21820.4-76
27 Тұқымдық картоп. Қабылдау және талдау әдістері ГОСТ 11856-89
Сорттық және егу сапалары
(дәнді, бұршақты дәнді және азықтық дақылдар)
28 Асбұршақ тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 10246-86
29 Қарақұмық тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 10247-85
30 Ноқат тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 10248-85
31 Тары тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 10249-90
32 Күріш тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 10250-80
33 Лобия және маш тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар ГОСТ 10251-85
34 Жасымық тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 10252-84
35 Атбұршақ тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 10253-85
36 Бидай және полба тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар ГОСТ 10467-76
37 Қара бидай тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 10468-76
38 Арпа тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 10469-76
39 Сұлы тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 10470-76
40 Азықтық бұршақтар тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар ГОСТ 11226-82
41 Біржылдық бөрібұршақ тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар ГОСТ 11227-81
42 Құмай жүгері тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар ГОСТ 11226-89
43 Сиыржоңышқа тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар ГОСТ 11226-82
44 Көпжылдық дәнді азықтық шөптер тұқымы. Егу сапалары. Техникалық шарттар ГОСТ 19449-93
45 Көпжылдық бұршақты азықтық шөптер тұқымы.
Егу сапалары. Техникалық шарттар
ГОСТ 19450-93
46 Бiр жылдық азықтық және бал шырынды шөптер тұқымдары. Егу сапалары. Техникалық шарттар ГОСТ 19451-93
47 Жүгері тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 20555-83
48 Тритикале тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 26763-85
49 Аз таралған азықтық дақылдар тұқымы.
Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар
ГОСТ 28636-90
Майлы дақылдар
50 Күнбағыс тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 9576-84
51 Жержаңғақ тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 9577-87
52 Күнжіт тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 9578-87
53 Майлы зығыр тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар ГОСТ 9668-75
54 Қытайбұршақ тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар ГОСТ 9669-75
55 Қыша тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 9670-89
56 Арыш тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 9671-87
57 Мақсары тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 9672-87
58 Үпілмәлік тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 9822-83
59 Майлы көкнәр тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар ГОСТ 9823-61
60 Рапс және қышабас тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар ГОСТ 9824-87
Техникалық және эфир майлы дақылдар
61 Темекі және махорка тұқымы.
Сорттық және егу сапасы. Техникалық шарттар
ГОСТ 2684-77
62 Диплоидты көптұқымды қант қызылшасы тұқымы.
Егу сапалары. Техникалық шарттар
ГОСТ 2890-82
63 Шашыратқы тұқымы. Егу сапалары ГОСТ 8191-56
64 Кенаф тұқымы. Егу сапалары ГОСТ 10429-63
65 Сора тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 10430-83
66 Біртұқымды қант қызылшасы тұқымы.
Егу сапалары. Техникалық шарттар
ГОСТ 10882-93
67 Салалы зығыр тұқымы. Егу сапалары
Техникалық шарттар
ГОСТ 12388-76
68 Кориандр тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 20455-93
69 Мускатты сәлбен тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар ГОСТ 20456-95
70 Қант қызылшасының қабықталған тұқымы.
Егу сапалары. Техникалық шарттар
ГОСТ 20797-87
71 Зере тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 21031-90
72 Фенхель тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 21032-90
73 Анис тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 21236-90
74 Мақта тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 5895-75
75 Тұқымдық шитті мақта. Техникалық шарттар ГОСТ 23577-98
Көкөніс және гүлді дақылдар
76 Бiр жылдық және екi жылдық гүлді дақылдар тұқымы.
Егу сапалары. Техникалық шарттар
ГОСТ 12260-81
77 Көпжылдық гүлді дақылдар тұқымы.
Егу сапалары. Техникалық шарттар
ГОСТ 12420-81
78 Балдыркөк тұқымдас көкөніс пен азықтық тамыржемістер тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар ГОСТ 28676.1-90
79 Асқабақ тұқымдас көкөнiс, бақшалық және азықтық дақылдар тұқымы.
Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар
ГОСТ 28676.2-90
80 Алқалылар тұқымдас көкөніс дақылдары тұқымы.
Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 28676.3-90
81 Алабота тұқымдас көкөніс дақылдары тұқымы.
Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 28676.4-90
82 Азықтық қызылша тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 28676.5-90
83 Қырыққабат тұқымдас көкөнiс дақылдары, азықтық тамыржемiстер және азықтық қырыққабат тұқымы.
Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар
ГОСТ 28676.6-90
84 Жылыжайлық сорттар және қияр мен қызынақ будандары тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар ГОСТ 28676.7-90
85 Пияз және лалагүлдер тұқымдас көкөнiс дақылдары тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ГОСТ 28676.9-90
86 Көбелек гүлділер тұқымдас көкөнiс дақылдары тұқымы.
Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар
ГОСТ 28676.10-90
87 Қантты жүгері тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар ГОСТ 28676.11-90
88 Күрделі гүлділер және айлаулық тұқымдас көкөніс дақылдары тұқымы.
Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар
ГОСТ 28676.12-90
89 Ерінгүлділер тұқымдас көкөніс дақылдары тұқымы.
Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар
ГОСТ 28676.13-90
90 Қарақұмық және құлқайыр тұқымдас көкөніс дақылдары тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар ГОСТ 28676.14-90
91 Тұқымдық картоп. Техникалық шарттар ГОСТ 7001-91
92 Рапс тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ҚР СТ 1360-2005
93 Майлы зығыр тұқымы. Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар. ҚР СТ 1361-2005
94 Қыша тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар.
ҚР СТ 1363-2005
95 Күнбағыс тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ҚР СТ 1359-2005
96 Майлы дақылдар тұқымы. Қытайбұршақ тұқымы.
Сорттық және егу сапалары. Техникалық шарттар
ҚР СТ 1275-2004
97 Арыш тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ҚР СТ 1362-2005
98 Мақсары тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ҚР СТ 1364-2005
99 Асбұршақ тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ҚР СТ 1365-2005
100 Ноқат тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ҚР СТ 1366-2005
101 Темекі тұқымы. Сорттық және егу сапалары.
Техникалық шарттар
ҚР СТ 1367-2005
Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі
 зертханаларды аттестаттау қағидаларына
 4-қосымша
__________________________________________________________ ға                     
(мемлекеттік органны ң толы қ атауы)
Кімнен______________________________________________________                        
 (за ң ды т ұ л ғ аны ң толы қ атауы)
Өтініш
Аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткiзуді және        ______________________________________________________________        
(т ұқ ым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылы ғ ы өсiмдiктерін к ө рсету)         

 тұқымдарының сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесiн беруді сұраймын
Заңды тұлға туралы мәліметтер:
       Мекенжайы:____________________________________________________
______________________________________________________________             
 (индекс, аудан, облыс, қ ала (ауыл), к ө ше, ү й н ө мірі, телефон)
Қоса берілетiн құжаттар:
______________________________________________________________      
 (Т ұқ ым сапасына сараптама жасау ж ө ніндегі зертхананы аттестаттау қағидаларыны ң
7-тармағына с ә йкес) 
______________________________________________________________        
______________________________________________________________        
______________________________________________________________        
______________________________________________________________
Заңды тұлғаның құрамына кiретiн құрылымдық бөлiмшелердің тiзбесі қоса беріліп отыр.
      20__ жылғы « » ______________
Басшы__________________________________________ ______________                      
(тегі, аты, ә кесiнi ң аты,)                      ( қ олы)
       Өтініш 20____ жылғы «____» ________________ қарауға қабылданды
________________________________________________ _____________        
( ө тінішті қ абылда ғ ан жауапты т ұ л ғ аны ң тегі, аты, ә кесiнi ң аты)    ( қ олы)
20 ___жылғы «___» ____________ Өтінішке
 қосымша
Заңды тұлғаның құрамына кiретiн құрылымдық бөлімшелердің тiзбесі (бар болса)
 
Р/с № Атауы Тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің атауы Пошталық мекенжайы Электрондық
мекенжайы
Байланыс
телефондары
1 2 3 4

5












Басшы _________________________________________ _____________                       
 (тегі, аты, әкесiнiң аты)                    (қолы)
Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі
 зертханаларды аттестаттау қағидаларына
 5-қосымша
Заңды тұлғаның немесе құрылымдық бөлiмшенің тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру актісі
5-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.11.2012 № 1505 Қаулысымен (21.11.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
20__ жылғы       « ___ »___________ № ____
      Сараптамалық комиссия_________________________________________
______________________________________________________________        
______________________________________________________________        
______________________________________________________________  
(тұқым сапасына сараптама жүргiзiлетін ауыл шаруашылығы өсiмдiктерін көрсету)        

тұқымдарының сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесiн беру үшiн
______________________________________________________________       
 (заңды тұлғаның (құрылымдық бөлiмшенің) толық атауы)        

тұқымға сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға сәйкестiгін тексеру нәтижелері туралы осы актіні жасады
Тексеру нәтижесiнде мыналардың:
       Көлемі 20 шаршы метрден кем емес (меншік құқығындағы немесе басқа заттық құқықтағы) ғимараттың (үй-жайдың) _____болуы белгіленді                                                (бар/жо қ )
Мамандар тiзбесі
 
Р/с
Маманның
тегі, аты, әкесінің аты
Лауазымы Бiлiмі Тұқымдардың сорттық және егу сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы жергілікті атқарушы орган тұқым сарапшысынан алған хабарламаның № және күні















Зертханалық жабдықтармен және өлшем құралдарымен қамтамасыз етілуі
 
Р/с № Атауы Өлшем бірлігі Қамтамасыз етілуі
талап етілетіні нақтысы















Химиялық реактивтермен, материалдармен және құрал-саймандармен қамтамасыз етілуі
 
Р/с № Атауы Ө лшем бірлігі Қ амтамасыз етілуі
талап етілетіні на қ тысы
Реактивтер















Материалдар















Құ рал-саймандар















Тұқым сапасына сараптама жасауда қолданылатын өзектілендірілген нормативтiк-техникалық құжаттар тiзбесі
 
Р/с № Атауы Стандартты ң нөмірі Қ амтамасыз етілуі
талап етілетіні на қ тысы















Cынамаларды сақтауға арналған сөрелердің болуы:
       қажеті ______ дана                   қолда бары ______ дана
Комиссия төрағасы_________________________________ __________                              
(тегі, аты-ж ө ні, лауазымы)              ( қ олы)
Комиссия мүшелерi_________________________________ _________                               
 (тегі, аты-ж ө ні, лауазымы)            ( қ олы)
_________________________________________________ _________                  
  (тегі, аты-жөні, лауазымы)                          (қолы)
____________________________________________________ _________                  
  (тегі, аты-жөні, лауазымы)                            (қолы)
____________________________________________________ _________                    
 (тегі, аты-жөні, лауазымы)                            (қолы)
Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі
 зертханаларды аттестаттау қағидаларына
 6-қосымша
№ ____ Аттестаттау туралы куәлiк
______________________________________________________________                 
  (мемлекеттік органның толық атауы)
       20 __ жылғы « » _______________ № _____ бұйрығы негізінде
______________________________________________________________                   
   (заңды тұлғаның толық атауы)
______________________________________________________________      
  (т ұқ ым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылы ғ ы ө сiмдiктерін к ө рсету)       

  тұқымдарының сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесі берілді.
Заңды тұлғаның құрамына кiретiн аттестатталған құрылымдық бөлiмшелердің тізбесі (бар болса) қоса беріледі.
Басшы ______________________________________   _______________                   
  (тегі, аты, ә кесiнi ң аты)                        ( қ олы)
       Лауазымы______________________________________________________
      Берілген күні 20____жылғы «___» ____________________
Мөр орны
      Жарамдылық мерзімі 20____жылғы «____»________________ дейін
20 __ жылғы «___» _________ № ____
 аттестаттау туралы куәлікке
 қосымша
Заңды тұлғаның құрамына кіретін құрылымдық бөлiмшелердің тізбесі
 
Р/с
Құрылымдық бөлiмшенің атауы Тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы өсiмдiктерінiң атаулары Пошталық мекенжайы
1 2 3 4








Басшы _______________________________________ ______________                     
(тегі, аты, ә кесіні ң аты)                     ( қ олы)
Мөр орны