• Мое избранное
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 шілдедегі N 638 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 25.02.2015 жылғы № 144 Бұйрығын қараңыз
Редакция 30.12.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 27 шілдедегі
 N 638 қаулысымен
 бекітілген
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурсын өткізу тәртібін айқындайды. 
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады: 
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоба - қоршаған ортаны қорғау саласындағы белгілі бір мақсатқа (мақсаттарға) жетуге бағытталған жоспарланған іс-шара; 
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы басымдықтар - шұғыл практикалық жүзеге асу үшін неғұрлым маңызды деп танылған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметтің бағыттары. 
3. Экологиялық бағдарламаларды әзірлеу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган не жергілікті атқарушы органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың (бұдан әрі - жобалар) ашық конкурстарын өткізу жолымен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жобаларды іріктеуді жүргізеді.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу тәртібі
4. Жобалардың ашық конкурсының үдерісі мынадай кезеңдерден тұрады: 
1) конкурс шарттарын бекіту; 
2) конкурстық комиссия құру; 
3) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымында хабарландыру жариялау; 
4) жобаларды қарау және бағалау; 
5) конкурстың қорытындыларының хаттамасына қол қою. 
5. Конкурстың шарттарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган не жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы) бекітеді. 
Конкурс шарттары конкурсты өткізу шарттарын және жобалардың мақсаттарын, мерзімдерін және іске асыру шарттарын қамтитын жобаларға қойылатын талаптардан тұрады. 
6. Конкурсты ұйымдастырушы саны кемінде жеті адамнан конкурстық комиссия құрады. Конкурстық комиссия төрағадан, комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. 
7. Жобалардың ашық конкурсын өткізу туралы хабарландыруда мына мәліметтер болуға тиіс: 
1) конкурсты ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері; 
2) конкурсты өткізу шарттары. 
8. Ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру конкурсқа қатысуға конкурстық ұсыныстарды қабылдау күніне дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады. 
Хабарландырулар бір мезгілде конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсына орналастырылуы мүмкін.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2009 № 2305 Қаулысымен (27.07.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
9. Конкурстық комиссия жобалары бар конверттерді жобалардың ашық конкурсын өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде және орында ашады. 
Жобаны ұсынған ұйымның өкілі жобалары бар конверттерді ашқан кезде қатысуға құқылы. 
10. Жобалары бар конверттерді ашқан кезде конкурстық комиссия қатысушы тұлғаларға конкурсқа қатысушы ұйымдардың атаулары мен орналасқан жерлерін және ұсынылған жобалардың атауларын хабарлайды. 
11. Конкурстық комиссия конкурсты өткізу қорытындылары бойынша осы Ережеге қосымшада көрсетілген өлшемдер негізінде конкурсқа ұсынылған жобаларды қарайды. 
Конкурстық жобаларды бағалау әрбір өлшем бойынша баллдарды қосу жолымен жүргізіледі. 
Екі немесе бірнеше жобалық ұсыныстардың жиынтық баллдары тең болған жағдайда аз болжамды құнды ұсынып отырған жобаға ықылас беріледі. 
12. Конкурстық ұсыныстарды бағалауды конкурстық комиссия конверт ашылған күннен бастап он бес жұмыс күн ішінде өткізеді. 
13. Конкурс мынадай жағдайларда өткізілмеді деп танылады: 
1) егер конкурсқа конкурс талаптарына сәйкес келетін бірде-бір жоба ұсынылмаған болса; 
2) егер қарау нәтижелері бойынша барлық ұсынылған жобалар тиімділігі аз деп бағаланса. 
14. Конкурс өтпеді деп танылған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы конкурсты қайта өткізу туралы шешім қабылдайды. 
15. Конкурс нәтижесінде конкурс шарттарына сәйкес келетін және жоба шарттары бойынша неғұрлым басымды болып табылатын бір жоба таңдалуға тиіс. 
Конкурстың нәтижелері конкурсты өткізу туралы хабарландыру болған баспа басылымында жарияланады. 
16. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс бергенде қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. 
Конкурстық комиссияның кез келген мүшесі конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда ерекше пікір білдіреді, оны жазбаша түрде береді және конкурс қорытындыларының хаттамасына қоса тіркейді.
Қоршаған ортаны қорғау
 саласындағы жобалардың
 ашық конкурстарын
 өткізу ережесіне
 қосымша
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурсына ұсынылған жобаларды бағалау өлшемдері
1. Жобаның қоршаған ортаны қорғау саласындағы басымдықтарға сәйкестігі: 
сәйкес емес - 0 балл; 
ішінара сәйкес - 5 балл; 
толығымен сәйкес - 30 балл; 
көрсеткіштерден асады - 50 балл. 
2. Жобаның бағыттылығы: 
жұртшылықпен жұмыс істеу және ақпарат тарату - 15 балл; 
ғылыми-зерттеу - 25 балл; 
биологиялық әртүрлілікті сақтау - 30 балл; 
экологиялық таза технологияларға инвестициялар - 35 балл. 
3. Мемлекеттің қаржыландыру үлесі: 
100  %  - 10 балл; 
80-нен 99 % -ға дейін - 15 балл; 
50-ден 79 %-ға дейін - 20 балл; 
30-дан 49 %-ға дейін - 25 балл; 
10-нан 29 %-ға дейін - 30 балл; 
10 %-дан астам - 35 балл. 
4. Жоба негізділігінің дәрежесі: 
жоба негізделмеген - 0 балл; 
ғылыми негіздемесі бар - 25 балл; 
ғылыми негіздемесі және техника-экономикалық негіздемесі бар - 30 балл; 
егжей-тегжейлі жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген - 50 балл. 
Жобаның өтелу мерзімі: 
жоба өтелмейді - 20 балл; 
7 жылдан астам - 25 балл; 
3-тен 6 жылға дейін - 30 балл; 
3 жылдан кем - 35 балл. 
Инновацияларды тарату мүмкіндігі: 
инновациялар жоқ - 10 балл; 
инновациялар таратылмайды - 15 балл; 
инновациялар болашақта таратылуы мүмкін - 25 балл. 
7. Қоршаған ортаны қорғау саласында басымдықтарға қол жеткізу: 
басымдықтарға қол жеткізілмейді - 0 балл; 
басымдықтарға ішінара қол жеткізіледі - 10 балл; 
басымдықтарға толық қол жеткізіледі - 30 балл. 
8. Жиынтық қойылған баллдарға сәйкес жобалар былай бағаланады: 
1) 50-ден 120-ға дейін - тиімділігі аз; 
2) 121-ден 190-ға дейін - тиімді; 
3) 191-ден 260-қа дейін - аса тиімді.