1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Дағдарысқа қарсы кеңес құрылсын.
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
Дағдарысқа қарсы кеңес құру туралы Қазақсан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 275 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 14.04.2010 № 308 Қаулысымен (23.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Дағдарысты құбылыстарды еңсеру және Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық институттардың күш-жігерін шоғырландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Дағдарысқа қарсы кеңес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Дағдарысқа қарсы кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 275 қаулысына қосымша
құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.04.2009. № 539, 23.07.2009. № 1123 Қаулыларымен. (10.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Дағдарысқа қарсы кеңестің құрамы
Мәсімов Кәрім - Қазақстан Республикасының
Қажымқанұлы Премьер-Министрі, төраға
Ахметов - Қазақстан Республикасы
Серік Нығметұлы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Баталов - Қазақстан Республикасы
Райымбек Әнуарұлы Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі, төрағаның орынбасары
Ыбраев - Қазақстан Республикасы
Азамат Болатұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Басшысының орынбасары, хатшы
Бишімбаев - Қазақстан Республикасы
Қуандық Уәлиханұлы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша)
Исекешев - Қазақстан Республикасының
Әсет Өрентайұлы Индустрия және сауда министрі
Қарақұсова - Қазақстан Республикасы Парламенті
Гүлжан Жанпейісқызы Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Түсіпбеков - Қазақстан Республикасының Әділет
Рашид Төлеутайұлы министрі
Пизиков - Қазақстан Республикасы
Сергей Валерьевич Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі, USAID Прагма корпорациясының Қазақстан бойынша жобасының директоры (келісім бойынша)
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрі
Күрішбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы министрі
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының
Сауат Мұхаметбайұлы Энергетика және минералдық ресурстар министрі
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы және бюджеттік жоспарлау министрі
Дауылбаев - Қазақстан Республикасы Бас
Асхат Қайзоллаұлы прокурорының орынбасары (келісім бойынша)
Қалетаев - "Нұр Отан" халықтық-демократиялық
Дархан Аманұлы партиясы" төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
Келімбетов - "Самрұқ-Қазына" Ұлттық
Қайрат Нематұлы әл-ауқаттылық қоры" акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасы
Мамытбеков - "ҚазАгро" Ұлттық холдингі"
Асылжан Сарыбайұлы акционерлік қоғамы Басқарма
Төрағасы
Перуашев - "Атамекен" Одағы" Қазақстанның
Азат Тұрлыбекұлы ұлттық экономикалық палатасы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
Аханов - Қазақстан қаржыгерлері
Серік Ахметжанұлы қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)
Қожасбай - Сауда-өнеркәсіп палатасының
Ерлан Сәдуақасұлы президенті (келісім бойынша)
Құрбанбаева - Қазақстан Кәсіпкерлер форумы
Гүлнар Төретайқызы Кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)
Рақымбаев - Қазақстан құрылыс салушылар
Айдын Жұмадилұлы қауымдастығы кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Смағұлов - "Астық индустриясы" шектеулі
Нұрлан Еркебұланұлы серіктестігі Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 275 қаулысымен бекітілген
Дағдарысқа қарсы кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Дағдарысқа қарсы кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес қызметінің мақсаты мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың дағдарыстық құбылыстарды еңсеруге және Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыруға бағытталған күш-жігерін шоғырландыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Дағдарысқа қарсы кеңес туралы ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен құқықтары
4. Кеңестің негізгі міндеттері:
1) үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдардың, бизнес-қоғамдастықтың күш-жігерін шоғырландыру, мемлекеттік-жеке әріптестік тетігін оңтайландыру, экономиканың бәсекелес салаларын және іскерлік белсенділікті дамыту үшін жағдай жасау;
2) кәсіпкерлік саласындағы дағдарысқа қарсы шаралар тиімділігінің мониторингі негізінде оларды іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді түзету;
3) дағдарыстан кейін даму перспективаларын ескере отырып, толыққанды бәсекелес ортаны қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
4) бизнестің дамуын тежейтін әкімшілік кедергілерді түбегейлі жою жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау болып табылады.
5. Кеңес өз міндеттеріне сәйкес:
1) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
2) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін шақырады және тыңдайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан Кеңестің міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратады және алады;
4) Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселелері бойынша сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мамандарын, отандық және шетелдік сарапшыларды тартады, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіру үшін жұмыс топтарын (штабтар) ұйымдастырады;
5) Кеңестің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Премьер-Министрдің шешімі бойынша Кеңесте Үкіметтің жекелеген, оның ішінде кәсіпкерлік мәселелері бойынша шешімдерінің жобалары қаралуы мүмкін.
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
6. Кеңесті Төраға — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес Төрағасының орынбасары орындайды.
7. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
8. Кеңестің жұмыс органы Кеңес жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
9. Кеңестің жұмыс органы:
1) күн тәртібін жасайды;
2) Кеңесте қарау үшін ұсыныстар жинауды жүзеге асырады. Мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар жұмыс органына Кеңесте қарау үшін ұсыныстар енгізуге құқылы. Бұл ретте ұсыныстар жеке сипатта болмауға тиіс;
3) Кеңес шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
4) Кеңес қызметіне тартылған мамандар мен сарапшылардың жұмысын үйлестіреді.
10. Жұмысты ұйымдастыруды, Кеңестің отырыстарын өткізуге дайындауды, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Кеңестің отырыстарынан кейін хаттаманы ресімдеуді Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
Хатшы Кеңестің мүшесі болып табылмайды.
11. Кеңес отырыстарының материалдары Кеңес мүшелеріне Кеңестің отырысына дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
12. Кеңестің отырысын Төраға өз бастамасы бойынша, Кеңес Төрағасы орынбасарының бастамасы бойынша не Кеңес мүшесінің бастамасы бойынша Кеңеске қарауға ұсынылатын материалдар негізінде шақырады.
13. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі және егер, оларға оның мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып саналады.
14. Кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады, оған отырысқа қатысқан оның барлық мүшелері және хатшы қол қояды.
15. Кеңес шешімдері оның отырысқа қатысқан мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
16. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.
4. Кеңестің қызметін тоқтату
17. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Кеңестің қызметін тоқтату үшін негіздеме болып табылады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |