• Мое избранное
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 қазандағы N 1529 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 23.06.2015 жылғы № 475 Қаулысына сәйкес
Редакция 09.07.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.07.2014 жылғы № 786 Қаулысымен (05.10.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 5 қазандағы
 N 1529 қаулысымен
 бекітілген
Жаңартылатын энергия кездерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесі
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.07.2014 жылғы № 786 Қаулысымен (05.10.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдалану мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ЖЭК пайдалану мониторингі – ЖЭК энергетикалық әлеуеті және электр мен (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін ЖЭК пайдалану нәтижелері туралы ақпаратты жүйелі жинау, есепке алу және талдау;
2) ЖЭК пайдалану жөніндегі объекті – ЖЭК пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің меншік иесінің балансындагы, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;
3) уәкілетті орган – ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйым (бұдан әрі — энергия өндіруші ұйым) — ЖЭК пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) шағын СЭС – жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан аспайтын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар және реттеудің тәуліктік мерзімінен астамын қамтамасыз ететін су қоймалары жоқ су электр станциялары.
3. Осы Ережеде пайдаланылатын өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру тәртібі
4. Уәкілетті орган ЖЭК пайдалану мониторингін:
1) Қазақстан Республикасында электр және (немесе) жылу энергиясын өндірудің жалпы көлемінде ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілердің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату үлесін есепке алу;
2) ЖЭК пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру көлемінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштерге сәйкестігін айқындау үшін жүзеге асырады.
5. Энергия өндіруші ұйым тоқсан сайын уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзінің әрбір ЖЭК пайдалану жөніндегі объектісі бойынша электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату жөнінде ақпарат береді.
6. Жүйелік оператор тоқсан сайын уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасында өндірілген және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден сатып алынған электр энергиясының көлемі туралы ақпарат береді.
7. Уәкілетті орган алынған ақпараттың негізінде талдау жүргізеді және Қазақстан Республикасындағы электр және (немесе) жылу энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілердің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үлесін айқындайды.
8. Тиісті облыстың жергілікті атқарушы органдары Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органға ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілерді салуға берілген жер учаскелері туралы, сондай-ақ іске қосылған ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілер туралы ақпарат береді.
9. ЖЭК пайдалану мониторингінің нәтижелері бойынша уәкілетті орган ЖЭК пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру көлемін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштермен сәйкестігін айқындайды.
10. ЖЭК пайдалану мониторингінің нәтижелері уәкілетті органның интернет-ресурстарында есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 10-күнінен кешіктірмей орналастырылады.
11. ЖЭК пайдалану мониторингі шеңберінде уәкілетті орган ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
  • 1
12. ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне энергия өндіруші ұйымдарды қосу үшін қажетті құжаттар тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану
 мониторингін жүзеге асыру ережесіне
1-қосымша
 20__ жылғы __ -тоқсанға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілердің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпарат
  1. Энергия өндіруші ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________________
  ______________________________________________________________________________________________________________
  2. Энергия өндіруші ұйымның орналасқан жері ______________________________________________________________________
  3. ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің атауы _______________________________________________________________________
  4. ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің орналасқан жері ______________________________________________________________
  ______________________________________________________________________________________________________________
  5. ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің белгіленген қуаты (кВт) ________________________________________________________
  6. Пайдаланатын ЖЭК түрі _______________________________________________________________________________________
 

Көрсеткіштер

Болжам

Нақты

Электр энергиясын өндіру, мың кВтс

Жылу энергиясын өндіру, Гкал

Электр энергиясын босату, мың кВтс

Жылу энергиясын босату, Гкал

Электр энергиясының орташа босату бағасы, теңге/кВтс ҚҚС-сыз

Жылу энергиясының орташа өлшемді босату бағасы, теңге/Г кал ҚҚС-сыз

Ескертпе:
Электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін ЖЭК-тің екі жне одан көп түрлерін пайдаланған жағдайда, есеп эр түрі бойынша жеке беріледі.
  _______________________________________________________________________________________________________
 (Басшы, Т.А.Ә, қолы, күні)
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану
 мониторингін жүзеге асыру ережесіне
2-қосымша
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салуға берілген жер учаскелері, сондай-ақ іске қосылған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер туралы ақпарат
  20__ жылғы __ -тоқсанда _______________ әкімдігі ________________________ ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілерді салу үшін мынадай жер учаскелерін берді
 

Р/с

жер учаскесінің

кадастрлық нөмірі

жер учаскесінің ауданы, га

жер учаскесінің орналасқан жері, га

берілген құқық түрі және мерзімі

жер учаскесіне құқықты иеленушінің атауы және БСН

жер учаскесінің

мақсаты*

1

2

3

Ескертпе:
* мақсатының бір түрін көрсету: жобалау-зерттеу жұмыстары үшін, құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін, ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні пайдалану үшін.
  20__ жылғы __-тоқсанда ______________________ облысы аумағында мынадай ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілер іске қосылды:
 

Р/с

объектінің

атауы

объектінің

орналасқан

орны

объектіні іске қосу мерзімі

объектінің негізгі жобалық сипаттамалары

құрылыс салушының атауы және БСН

1

2

3

  _________________________________________________________________________________________________
 (Басшы, Т.А.Ә, қолы, күні)