Bestprofi Logo

Қаулы № 109 от 2012-01-19г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 27.12.2018 г.

Документ на казахском языке

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысы

Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2018 жылғы № 895 Қаулысына сәйкес

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабы 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.

1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысымен бекітілген

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

1. Осы Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және адамдарды жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) магистратурасына, докторантурасына, ЖОО мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына қабылдау тәртібін айқындайды.

1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

2. ЖОО магистранттарының, докторанттарының, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасы тыңдаушыларының контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Егер Қазақстан Республикасының азаматтары әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді бірінші рет алатын болса, мемлекет оларға мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде осы деңгейдегі білімді тегін алу құқығын береді.

Егер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ тұлғалар әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді бірінші рет алатын болса, олар осы деңгейдегі білімді мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін ала алады.

Магистратурада, докторантурада және резидентурада шетелдіктерді оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

2-1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

Қағидалар 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-1-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 26.07.2017 жылғы № 447 Қаулысымен (14.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

3. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына азаматтарды қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.07.2013 жылғы № 701 қаулысымен (19.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 13.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 4-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысымен (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

5. Магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау даярлау мамандықтарын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құжаттарды қабылдау басталатын күнге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жарияланады.

5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

6. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, оның ішінде нысаналы даярлау шеңберінде оқуға үміткер тұлғалардың өтініштерін қабылдау магистранттар мен докторанттарды даярлау жүзеге асырылатын, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ЖОО-ларда жүзеге асырылады.

6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.07.2017 жылғы № 447 Қаулысына сәйкес (14.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

7. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау 3 – 31 шілде аралығында жүргізіледі.

7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.07.2013 жылғы № 701 қаулысымен (19.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 13.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.07.2017 жылғы № 447 Қаулысына сәйкес (14.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.06.2018 жылғы № 335 Қаулысына сәйкес (26.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Магистратураға, резидентураға, докторантураға шет тілі бойынша түсу емтихандары – 10 – 15 тамыз аралығында, мамандық бойынша –16 – 20 тамыз аралығында, қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу 10 – 15 тамыз аралығында жүргізіледі.

2. Магистратураға, резидентураға және докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі

2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

8. Магистратураға және резидентураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.

8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

9. ЖОО-да құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы ЖОО немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның басшысы болып табылады.

Қабылдау комиссиясының құрамы ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі.

9-1. Шетелдік білім беру ұйымдарында білім туралы құжаттарды алған адамдар Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының магистратурасына, резидентурасына және докторантурасына түсу үшін алған білім деңгейлеріне және даярлау бейініне сәйкес білімдері туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау рәсімінен өтулері қажет.

Қағидалар 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес танылады.

10. Магистратураға түсуші адамдар – ЖОО-ға, резидентураға түсуші адамдар ЖОО немесе ғылыми ұйымдарға мынадай құжаттарды:

10-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.07.2017 жылғы № 447 Қаулысына сәйкес (14.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

1) ұйым басшысының атына шет тілі бойынша түсу емтиханын немесе оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға кешенді тестілеуді тапсыратын қала көрсетілген өтінішті;

2) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесін;

3) интернатураны бітіргені туралы куәлікті (резидентураға түсу үшін);

4) осы Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесін (бар болса);

5) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы мен еңбек қызметін растайтын құжатты (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

6) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;

7) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болса) тапсырады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

11. Докторантураға кемінде 1 жыл еңбек өтілі және «магистр» дәрежесі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқуын бітірген және кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар адамдар қабылданады.

11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.06.2018 жылғы № 335 Қаулысына сәйкес (26.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

12. Докторантураға түсуші адамдар жоғары оқу орындарына мынадай құжаттарды:

12-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысымен (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.07.2017 жылғы № 447 Қаулысына сәйкес (14.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

1) ұйым басшысының атына шет тілі бойынша түсу емтиханын тапсыратын қала көрсетілген өтінішті;

4) осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесін (бар болса);

5) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болса);

6) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;

7) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

8) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын басқа құжатты тапсырады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

13. Магистратураға, резидентураға және докторантураға түсуші адамдар түсу емтихандарын:

13-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.07.2013 жылғы № 701 қаулысымен (19.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 13.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс; араб тілін білу талап етілетін мамандықтарға түсуші тұлғалар үшін араб тілі бойынша);

Ғылыми-педагогикалық магистратураға, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші адамдар, сондай-ақ оқуға дайындығын анықтауға арналған қазақ немесе орыс тіліндегі (таңдау бойынша) тест пен мамандық бойынша ағылшын тіліндегі тестіден тұратын кешенді тестілеу тапсыра алады.

2-тармақша абзацпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 11.06.2018 жылғы № 335 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсуші адамдар оқуға дайындығын анықтауға арналған қазақ немесе орыс тіліндегі (таңдау бойынша) тест пен мамандық бойынша ағылшын тіліндегі тестіден тұратын кешенді тестілеу тапсырады.

13-1. Магистратураға, резидентураға, докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханын ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада және бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) жүргізеді.

Қағидалар 13-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 26.07.2017 жылғы № 447 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 13-1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.06.2018 жылғы № 335 Қаулысына сәйкес (26.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Шет тілі бойынша түсу емтиханының, ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада, және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша сертификат беріледі.

13-тармақ екінші бөлікпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 11.06.2018 жылғы № 335 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратура мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Мамандық бойынша түсу емтиханын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО-лар дербес жүргізеді. Бұл ретте, түсуші тұлғалар мамандық бойынша түсу емтиханын тек түсетін ЖОО-да тапсырады.

Араб тілі бойынша емтиханды ауызша немесе жазбаша нысанда ЖОО басшысы белгілеген және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тәртіпке сәйкес ЖОО-ның емтихан қабылдау комиссиясы өткізеді.

14. Мынадай емтихандар бойынша:

14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);

неміс тілі: Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);

француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар адамдар магистратураға, резидентураға және докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.

Бұл ретте ЖОО-ның қабылдау комиссиясы ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын тексереді.

14-тармақ бесінші бөлікпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 11.06.2018 жылғы № 335 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

15. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде – ЖОО-да, резидентураға түсу емтихандарын өткізу кезінде ЖОО-да немесе ғылыми ұйымда мамандықтар бойынша емтихан комиссиялары құрылады. Ұқсас мамандықтар бойынша бір емтихан комиссиясын құруға жол беріледі.

15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.07.2017 жылғы № 447 Қаулысына сәйкес (14.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

16. Мамандық бойынша немесе ұқсас мамандықтар бойынша емтихан комиссиялары тиісті мамандық бойынша ғылым докторы несесе кандидаты, немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар ЖОО мен ғылыми ұйымдар қызметкерлері қатарынан қалыптастырылады.

16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.07.2017 жылғы № 447 Қаулысына сәйкес (14.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

Емтихан комиссиясының құрамы олардың төрағалары көрсетіле отырып ЖОО немесе ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі.

17. Шет тілі бойынша түсу емтихандарын және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеуді өткізу кезінде тәртіп сақтауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілдері қамтамасыз етеді.

17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.07.2017 жылғы № 447 Қаулысына сәйкес (14.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

18. ЖОО мен ғылыми ұйымдар емтихандарды өткізуге күнтізбелік жиырма күн қалғанға дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға мамандықтар бойынша түсу емтихандарын өткізудің кестесін жібереді.

19. Шет тілі бойынша түсу емтихандары және ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу ҰТО әзірлеген технология бойынша өткізіледі.

19-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.07.2013 жылғы № 701 қаулысымен (19.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 13.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 19-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 19-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.07.2017 жылғы № 447 Қаулысына сәйкес (14.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 19-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.06.2018 жылғы № 335 Қаулысына сәйкес (26.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

20.Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

20-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 09.07.2013 жылғы № 701 қаулысымен (19.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 13.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.

21. Шет тілі бойынша түсу емтихандары және ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейтін түсу емтихандарын қабылдау пункттерінде өткізіледі.

21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.06.2018 жылғы № 335 Қаулысына сәйкес (26.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

22. Түсу емтихандарын тапсырған жылы оларды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

22-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

23. Бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия және әрбір ЖОО-да апелляциялық комиссия құрылады.

Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

ЖОО-дағы апелляциялық комиссияның құрамы қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

Апелляциялық комиссия түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарау үшін құрылады.

24. Апелляциялық комиссия магистратураға, резидентураға, докторантураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды.

24-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 24-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.07.2017 жылғы № 447 Қаулысына сәйкес (14.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

Апелляциялық комиссия мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.

Апелляциялық комиссия шет тілі бойынша түсу емтихандары және ғылыми-педагогикалық магистратурада білім алу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу бойынша апелляцияны қарау нәтижелерін республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.

24-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.06.2018 жылғы № 335 Қаулысына сәйкес (26.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссия ұсынысының негізділігін қарайды және апелляциялық комиссияның ұсынысы келіп түскеннен кейін бір күн ішінде шет тілі бойынша түсу емтихандарының немесе ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу нәтижелерін апелляцияға берген адамға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.

24-тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.06.2018 жылғы № 335 Қаулысына сәйкес (26.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

25. Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға, резидентураға, докторантураға түсуші адам апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, оны апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.

25-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 25-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.07.2017 жылғы № 447 Қаулысына сәйкес (14.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

Түсу емтихандарының нәтижелері олар өткізілген күні жарияланады.

Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіппен жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

26. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

27. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.

3. Магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау

3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

28. Магистранттар, резидентура тыңдаушылары және докторанттар қатарына қабылдауды ЖОО-ның қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

28-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

28-1. Магистратураға, резидентураға, докторантураға адамдарды қабылдау түсу емтихандарының немесе ғылыми-педагогикалық магистратурада, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада немесе оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу қорытындылары бойынша мынадай балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады:

Қағидалар 28-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 26.07.2017 жылғы № 447 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 28-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.06.2018 жылғы № 335 Қаулысына сәйкес (26.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ғылыми-педагогикалық магистратураға және докторантураға шет тілі бойынша – кемінде 50 балл және мамандығы бойынша – кемінде 50 балл, ал бейінді магистратураға, резидентураға шет тілі бойынша – кемінде 30 балл және мамандығы бойынша – кемінде 50 балл;

осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ғылыми-педагогикалық магистратурада, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада және ағылшын тілінде бейінді магистратурада оқу үшін – кемінде 19 балл, оның ішінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 5 балл, мамандық бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 6 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 8 балл.

29. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға шет тілі және мамандығы бойынша түсу емтихандарының жиынтығы бойынша ең жоғары:

29-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 29-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.07.2017 жылғы № 447 Қаулысына сәйкес (14.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

1) ғылыми-педагогикалық магистратура және докторантура үшін – кемінде 150 балл;

2) бейінді магистратура және резидентура үшін – кемінде 130 балл жинаған тұлғалар қабылданады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ағылшын тілінде оқытатын бейінді магистратурада білім алу үшін түсу емтиханынан кемінде 25 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.

Осы Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар адамдарға 100 балдық бағалау жүйесі бойынша ең жоғары балл қосылады.

29-1. Тармақ алынып тасталсын (ескертуді қараңыз)

Қағидалар 29-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 26.07.2017 жылғы № 447 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 29-1-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 11.06.2018 жылғы № 335 Қаулысына сәйкес (26.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

30. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық шет тілі бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.

30-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.07.2013 жылғы № 701 қаулысымен (19.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 13.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 30-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

31. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлер мен философия докторларын (РhD) мақсатты даярлауға тұлғаларды қабылдау аталған даярлауға үміткер тұлғалар арасында конкурстық негізде жүзеге асырылады.

31-1. Ғылыми-педагогикалық магистратураға, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсушілер мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін 17 тамызға дейін ЖОО-ға өтініш, білімі туралы құжатын (түпнұсқа), кешенді тестілеу сертификатын және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады. Өтініште түсуші білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбедегі мамандық пен ЖОО-ны көрсетеді.

Осы Қағидалар 31-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 11.06.2018 жылғы № 335 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Ғылыми-педагогикалық магистратураға, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға арналған конкурсты 22 тамызға дейін білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын Республикалық конкурстық комиссия мамандықтар бөлінісінде өткізеді.

Республикалық конкурстық комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлерінен, азаматтық қоғам институттарының, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінен, ЖОО-лар басшыларынан құрылады.

Республикалық конкурстық комиссияның төрағасы білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам болып табылады.

Республикалық конкурстық комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс. Республикалық конкурстық комиссияның отырыстары құрамының кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды болып табылады.

Республикалық конкурстық комиссияның ғылыми-педагогикалық магистратураға, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға үміткерлерді іріктеу бойынша жұмысы үшін ҰТО мамандықтар мен ЖОО-лар бөлінісінде үміткерлердің деректер қорын дайындайды.

Ғылыми-педагогикалық магистратурада, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар кешенді тестілеу сертификатының балдары негізінде беріледі. Кешенді тестілеу нәтижелерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, басым құқық мамандық бойынша тестілеуден ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан кейін оқуға дайындығын айқындауға арналған тестінің нәтижелері, бұдан әрі – дипломға қосымшадағы GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) (алдыңғы білім деңгейі) және жұмыс өтілі ескеріледі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бос орындар конкурстық комиссияның шешімі негізінде жоғары өту балымен еңбек нарығында қажетті басқа мамандықтарға тағайындалады.

Республикалық конкурстық комиссиясы шешімінің негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығы шығарылады.

31-2. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түскен магистранттармен және докторанттармен оқуды бітіргеннен кейін кемінде үш жыл жұмыспен өтеу туралы шарт жасалады.

Осы Қағидалар 31-2-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 11.06.2018 жылғы № 335 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

31-3. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға арналған конкурсты тиісті облыс және (немесе) республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен құрылатын жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы өткізеді.

Осы Қағидалар 31-3-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 11.06.2018 жылғы № 335 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатарынан, облыстардың (республикалық маңыздылығы бар қаланың, астананың) «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалдарының, азаматтық қоғам институттарының өкілдерінен құралады.

Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссия мүшелерінің саны тақ санды құруға тиіс. Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясының отырысы құрамының кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп есептеледі және 25 тамызға дейін өткізіледі.

Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясының төрағасы тиісті облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі немесе әкімнің орынбасары болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы туралы ереже тиісті облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы өңірлердегі жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлардың қажеттігі ескеріле отырып бөлінеді.

ЖАО өңірдің қажеттілігін ескере отырып, мамандықтар бөлінісінде орындар санын және оқытылатын адамдар санатын конкурстық комиссияның шешімімен дербес анықтайды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін түсушілер ЖОО-ға 23 тамызға дейін өтініш беріп, білімі туралы құжаттың көшірмесін, шет тілі бойынша түсу емтиханының сертификатын немесе осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген (бар болған жағдайда) бағдарламалар бойынша тест тапсыру туралы сертификаттың көшірмесін, балы көрсетілген мамандығы бойынша түсу емтиханын тапсырғаны туралы үзіндіні, еңбек кітапшасын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысына конкурс:

1) мамандық бойынша түсу емтиханының балына;

2) шет тілі бойынша түсу емтиханы сертификатына сәйкес балына немесе осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген (бар болған жағдайда) бағдарламалар бойынша тест тапсыру туралы сертификаттың балдарына сәйкес жүргізіледі.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы берілген жағдайда әкімдіктің, магистранттың/докторанттың және ЖОО-ның арасында үшжақты шарт жасалады.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру тапсырысы бойынша оқуға түскен азаматтар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл жергілікті атқарушы органның жолдамасы бойынша өңірде жұмыспен өтеуге міндетті.

32. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша игерілмеген орындар, оның ішінде нысаналы орындар жоғары оқу орындары арасында мамандықтар бойынша одан әрі қайта бөлу үшін өтінім түрінде білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы уәкілетті органдарға 5 қыркүйекке дейін қайтарылады.

32-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Бұл ретте, ең алдымен тиісті мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша неғұрлым жоғары балл алған үміткерлері бар ЖОО-ның өтінімдері қанағаттандырылады. Аталған мамандық бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, қайта бөлу мамандықтар тобының ішінде жүзеге асырылады. Уәкілетті органның бұйрығы 30 қыркүйекке дейін шығарылады.

33. ЖОО мен ғылыми ұйымдар білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы уәкілетті органдарға күнтізбелік 10 күн ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

33-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 1-қосымша

Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 404 Қаулысына сәйкес (09.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.07.2016 жылы № 135 28863 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.07.2017 жылғы № 447 Қаулысына сәйкес (14.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

100 балдық бағалау жүйесін 5 балдық бағалау жүйесіне ауыстыру шәкілі

100 балдық бағалау жүйесі бойынша балдар

5 балдық бағалау жүйесі

бойынша балдар

95-100

Өте жақсы (5)

90-94

85-89

Жақсы (4)

80-84

75-79

70-74

Қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

30-49

Қанағаттанарлықсыз (2)*

0-29

*бейінді магистратурада және резидентурада шет тілі бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағасына 0-ден 29-ға дейінгі балл сәйкес келеді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 2-қосымша

Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 26.07.2017 жылғы № 447 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.06.2018 жылғы № 335 Қаулысына сәйкес (26.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Тест түрлері

Тапсырма нысандары

Тапсырмалар саны

Тапсыру тілі

Бал дар

Шекті балл

Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

бір дұрыс жауап таңдалады

30

Қазақ немесе орыс тілі (таңдау бойынша)

30

5

Мамандық бойынша тест

бір дұрыс жауап таңдалады

30

Ағылшын тілі

30

6

бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдалады

20

Ағылшын тілі

40

8

Барлығы

-

80

-

100

19

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание