Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi (Сыртқыiсминi) туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 22.10.2007 жылғы № 986 Қаулысымен (28.10.2006 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегі комитетi оның функциялары мен мүлiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне берiле отырып таратылсын.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.03.2019 жылғы № 131 Қаулысына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.08.2021 жылғы № 516 Қаулысына сәйкес (07.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереже
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2007 жылғы № 986 Қаулысымен (28.10.2006 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.03.2009 жылғы № 378 Қаулысымен (22.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.01.2010 жылғы № 23 Қаулысымен (20.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.09.2011 жылғы № 1090 Қаулысымен (24.03.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.04.2012 жылғы № 539 Қаулысымен (23.09.2011 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.03.2013 жылғы № 233 Қаулысымен (27.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.02.2014 жылғы № 128 Қаулысымен (13.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 989 Қаулысымен (24.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.11.2016 жылғы № 737 Қаулысымен (19.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 04.03.2016 жылдан бастап және 31.12.2017 жылға дейін қолданыста болады) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.09.2017 жылғы № 586 Қаулысымен (24.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.10.2017 жылғы № 644 Қаулысымен (25.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.11.2018 жылғы № 776 Қаулысына сәйкес (13.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 936 Қаулысымен (19.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.03.2019 жылғы № 131 Қаулысымен (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 11.04.2019 жылдан бастап осы Қаулының 5-тармағына сәйкес) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.06.2019 жылғы № 433 Қаулысымен (19.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.07.2019 жылғы № 497 Қаулысымен (25.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.07.2019 жылғы № 561 Қаулысымен (10.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.04.2020 жылғы № 180 Қаулысымен (31.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.05.2020 жылғы № 281 Қаулысымен (07.04.2020 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.12.2020 жылғы № 861 Қаулысымен (06.05.2020 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 145 Қаулысымен (15.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.04.2021 жылғы № 215 Қаулысымен (18.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.08.2021 жылғы № 516 Қаулысына сәйкес (07.04.2021 ж. редакцияны қараңыз) Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.03.2022 жылғы № 168 Қаулысына сәйкес (31.01.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Министрлік) сыртқы саяси қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын, сондай-ақ инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Халықаралық ақпарат комитеті;
2) Инвестиция комитеті.
Министрліктің Алматы қаласында өкілдігі бар.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері мен қазақ және орыс тілдерінде атауы жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.06.2023 жылғы № 500 Қаулысына сәйкес (18.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Министрліктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 31.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.10.2022 жылғы № 834 Қаулысына сәйкес (12.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Министрлігінің мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне тиісті ұсыныстар беру;
2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделін нығайтуға жәрдемдесу;
3) шетелде Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық бейбітшілікті, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен іске асыру;
5) Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарындағы және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн дипломатиялық құралдармен және әдiстермен қорғауды қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық стратегиясы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті үшін ұсыныстар әзірлеу және Президенттің халықаралық бастамаларын іске асыру;
7) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қатынастарын жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тәртіппен шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай сыртқы саяси, сыртқы экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында басқа да мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін үйлестіру;
9) әлемдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды, шет мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатын, халықаралық ұйымдардың қызметін талдау және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
10) «Дамуға ресми көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы қызметін үйлестіру;
11) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдармен және (немесе) олардың өкілдіктерімен, сондай-ақ консулдық мекемелермен барлық ресми істерді жүргізу.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдау;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпия мәліметтерді жарияламауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өзінің өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін ведомстволарға беру;
сотқа жүгіну;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттері:
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.12.2022 жылғы № 970 Қаулысына сәйкес (19.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)
бюджет қаражатын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге, оларға сәйкес бюджет қаражаты бөлінген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес пайдалану;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |