Қазақстан Республикасы "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Заңы 6 бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Отправить по почте
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына қойылатын талаптарды белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 7 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4412 болып енгізілді.
Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 20.01.2010 № 04.2-40/19 Бұйрығымен. (20.01.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 жылғы № 183 Қаулысына сәйкес
Редакция 14.04.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Заңы 6 бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына кіруі үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына келесі талаптар бекітілсін:
1) қаржы сенімділігінің рейтингісі ретінде тиісті акциялардың эмитенттері - акцияны арнайы сауда алаңына рұқсат берілген жағдайда, ал олардың борышты бағалы қағаздары - оның борышты бағалы қағаздарына рұқсат берілген жағдайда рейтингтік бағалары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органымен танылатын, рейтингтік агенттіктердің жіктелуі бойынша шетел валютасындағы немесе ұлттық валютасындағы мерзімді несие қабылданады;
2) эмитенттің бағалы қағаздарының ең төменгі рейтингтік бағасы:
«Moody's Investors Service» рейтингтік агенттіктің жіктелуі бойынша «Caa3»;
«Standard & Poor's» және «Fitch» рейтингтік агенттіктердің жіктелуі бойынша «CCC-»;
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтинг агенттігі» акционерлік қоғамының жіктелуі бойынша «C1»;
«Рейтинговое агентство «Эксперт РА Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жіктелуі бойынша «C++» төмен болмауға тиіс;
«Рейтинговое агентство «KZ-rating» («Рейтинговое агентство «КЗ-рейтинг») жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жіктелуі бойынша «CСС» төмен болмауға тиіс;
3) рейтингтік бағаларды қарастыру барысында соңғы он сегіз айдың ішінде иеленген (бекітілген, жаңаланған) рейтингтік бағалар ғана назарға алынады. Бірнеше рейтингтік агенттіктермен иеленген рейтингтік бағалар болған жағдайда осы бағалардың соңғысы назарға алынады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 20.01.2009 № 04.2-44/18, 20.01.2010 № 04.2-40/19, 14.04.2010 № 04.2-40/80 Бұйрықтарымен. (08.09.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тіркеу департаментіне:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қолданылсын;
2) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің, "Қазақстандық қор биржасы" АҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарларына жеткізілсін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 20.01.2010 № 04.2-40/19 Бұйрығымен. (20.01.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Агенттіктің даму департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы қамтамасыз етілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің Төрағасы
Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігінің Төрағасы
2006 жыл
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |